Көші-қон
Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймақтарына байланысты себепті де қосуға болады. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуымен, егіншіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғасырдың басында) байланысты болды. 20 ғасырда көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді.
Қазіргі кездегі көші-қонның ең басты себебі A.Тарихи
Экономикалық C. Саяси D.Индустриялдық
2021 жылдың I тоқсанында Қазақстаннан 5519 адам кетіп, елге 2066 адам келген. Көші-қон сальдосын анықтаңыз
Сыртқы көші-қонның оң сальдосы қалыптасты-3453
Сыртқы көші-қонның теріс сальдосы қалыптасты-3453
Ішкі көші-қонның оң сальдосы қалыптасты-7585
Ішкі және сыртқы көші қон сальдосы анықталмады
Маңғыстау облысында көші-қон сальдосы оң көрсеткішке ие, облысқа шетелдерден көшіп келудің себебін анықтаңыздар
Аймақтың экологиясы өмір сүру үшін қолайлы
Аумақта қолайлы діни ахуал қалыптасқан
Жұмысқа орналасудың жоғары мүмкіндігі
Тарихи отанына қайта оралу
Қазақстанның сыртқы көші-қоны бағытталған ел
Швеция B. АҚШ
C. Германия D.Ресей
Достарыңызбен бөлісу: |