Іі негізгі бөлім ата ана қАМҚорлығынан айырылған балалар психологиясының МӘселелерін зерттеу


Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың бейімделуінің тұлғалық- психологиялық ерекшеліктері



бет6/8
Дата18.11.2023
өлшемі61.7 Kb.
#483634
1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс (мақала)

1.2 Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың бейімделуінің тұлғалық- психологиялық ерекшеліктері


Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың психологиялық даму ерекшеліктері туралы А.М.Прихожан, Н.Н.Толстыхтың Дети без семьи атты еңбегінде: Көптеген елдерде жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, отбасынсыз өскен балалардың дамуы, оның ішінде баланың мінезқұлық дағдылары мен жеке тұлға қасиеттерінің қалыптасуы отбасында өскен балаларға қарағанда ерекшеленіп тұрады. Басқаша айтқанда, олардың дамуы төмен немесе жоғары емес, жәй балаға қарағанда - олар өзгешелеу - деп тұжырымдаған. Жоғарыда біз талдау жасаған зерттеулер бүгінгі таңда балалар үйіндегі оқу-тәрбие үдерісін әр қырынан қарастырғанымен, жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі жан-жақты, арнайы зерттеу нысанасына алына бермейді. Сол себепті, біз зерттеуімізде балалар үйінің оқу-тәрбие үдерісінің барысында ішінара болса да жетім балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру мен әлеуметтенуі мәселесін қарастыруға ден қойдық. Гуманист психологтар Г.Айзенк А.Маслоу, Г.Оллпорт, К.Роджерс өз еңбектерінде жеке тұлға туралы құнды ой-тұжырымдар жасаған. К.Роджерстің пікірінше жеке тұлға мен оның мінез-құлқы қоршаған ортаны қабылдауына байланысты дамып қалыптасады. Ғалым теориясында: Мен тұжырымдамасы нақты Мен-ді және идеалды Мен-ді (адамдар қандай болғысы келеді және қандай болуы керек) қамтиды. Мен тұжырымдамасының дамуы, негізінен әлеуметтену процесі арқылы жүреді. Әрбір адам үшін ең маңыздысы – оны басқалардың түсінуі және жақсы көруі десе, А.Маслоу адамның мінез-құлқы мен тәжірибесі қажеттіліктер иерархиясымен реттеліп отырады дейді. Өзінің жеке тұлға теориясында гуманистік және жеке даралық тұрғыны біріктірген гуманист Г.Оллпорт адам табиғатының – жеке тұлғалық даму, өзін-өзі жеңе білу мүмкіндіктерін толық іске асыра білу аспектілерін зерттеген [8].
Г.Айзенктің жеке тұлға теориясы диспозициялық теорияның үш негізгі бағытының біреуіне – қатаң бағытына жатады. Бұл бағыт адамның қатаң биологиялық құрылымдары: дене құрылымы, жүйке жүйесі, ми және белгілі жеке даралық қасиеттері арасында қатаң сәйкестік құруға ұмтылады. Мәселен, психолог: Жеке тұлға – бұл адамның қоршаған әлемге дербес бейімділігін анықтайтын, оның мінезінің, темпераментінің, интеллектісінің және дене құрылысының азды-көпті тұрақты құрылымы. Мінез – мотивациялы-еріктік мінезқұлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі. Темперамент – адамның аффективті, эмоциялы мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі. Интеллект – бұл когнетивті мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі - деген тұжырым жасаған. Әрине, жеке тұлғаның қылықтары, іс-әрекеттері оның мұңмұқтажы мен (физиологиялық қажеттілікті қоспағанда) талап тілектерінен туындайды.
Осыған орай, біз балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктерін анықтауда төмендегідей мәселелерді қарастырдық:
-дүниеге келген кезінен бастап әрбір кезеңдердегі өсу тарихын қарастыратын құжаттар мен материалдары;
• жетім балалардың физиологиялық, психологиялық, педагогикалық жағынан дамуы;
• балалардың білімге қызығушылығы мен ынта-ықыластары;
• балалардың еңбексүйгіштік деңгейлері мен еңбекке қатынастары;
• жетім балалардың денсаулық жай-күйлерінің бақылауға алынуы. Осындай мәселелерді жан-жақты талдау барысында әрбір жетім баланың психологиялық өзгешеліктерін айқындай аламыз. Біздер жоғарыдағы сұрақтарға жауап бермес бұрын, тастанды, жетім балалардың пайда болу себеп-салдарына тоқтала отырып, балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің нормативтік-құқықтық құжаттарын талдау барысында төмендегідей мәселелерді анықтадық. Атаанасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әрқайсысының жеке дәрігерлік сараптамалар тарихымен танысқанымызда, біз байқаған ерекшеліктер: балалардың 90% денсаулықтарына байланысты дәрігерлік есепте тұрады, оның 63% невроз, астеноневротикалық, психоневрологиялық тұрғыдан жүйкесінің нашарлауы жиі кездеседі. Ал, 27% йод тапшылығы, темір тапшылығы сияқты т.б. сырқаттары бар екені анықталды. Осы мәліметтерге қосымша ескерілетін жәйт, балалар үйіндегі жетім балалардың психикалық дамуы мен мінез-құлық, жүрістұрыстарында өзіндік бағыттылық сияқты қасиеттердің тұрақты еместігі байқалады. Көрсетілген мәселелердің мәнін ашу барысында жетім балалардың балалар үйіне келгенге дейінгі тарихымен танысқанымызда, олардың атааналарының 80% ата-аналық құқықтарынан айырылғандар. Соның 35% моральға жат қалықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаса, 24% әке-шешелерінің бірі ішімдікке салынған, ал балалардың 21% шешелері жезөкшелік пен қыдырымпаздыққа бой ұрғандар. Қалған 20% ата-аналары жұмыссыздықтан, тұрмыс күйінің жоқтығынан, жалғыз басты студент аналар балаларын балалар үйіне берген. Қазіргі уақытта ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілердің психикалық дамуы жағынан отбасында өсетін құрдастарына қарағанда айырмашылығы болады. Себебі, балалар үйі жағдайында тәрбиеленіп жатқан балалардың даму қарқыны бәсеңдеу. Олардың дамуында және денсаулығында бірқатар сапа жағынан жағымсыз ерекшеліктер бар, олар нәрестелік жастан басталып, мектепке дейінгі шақта және одан әрі барлық сатысында байқалады. Бұл ерекшеліктер әр түрлі және бірдей емес дәрежеде өсудің әр сатысында байқалады. Осылайша, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың бірінші өмір жылында-ақ отбасында өсетін өз құрдастарына қарағанда ерекшеленеді: олар шаттана білмейді, олардың танымдық белсенділігі төмендеген, үлкенге үйір болу сезімі туындамайды, сенбейді, тұйық, көңілсіз және енжар, т.б. Мұндай мінез-құлық сезімдері тәрбиеленушілердің жеке тұлғасының қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Осы тұрғыда, америка психологы М.Райбл ана қамқорлығынан айрылған 600 нәрестеге бақылау жүргізген де, ана қамқорлығының болмауы баланың екі айлығынан бастап-ақ өте ауыр тәндік бұзылуларға әкеп соқтырады. Өйткені, емшектегі бала ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін сыртқы ортадан оған ананың табиғи қамқорлығын беретін қоздырғыштар алуы тиіс деген шешімге кел-ді. Сипалау, қолға алу, төске басу, ананың дауысы, емшектегі бала үшін ему мүмкіндігі, емшек сүті, белгілі бір ауа температурасы және т.с. бала үшін өте маңызды. М.Райблдың пікірі бойынша гигиена сақталмайтын жағдайда өмір сүретін, бірақ анасымен табиғи қарым-қатынасы бар нәрестелерде тәндік бұзылу туындамайды. Сонымен қатар, оның деректері бойынша ана қамқорлығының болмауынан тәндік бұзылулар жақсы жабдықталған және ғылыми тұрғыдан дұрыс күтімді қамтамасыз ететін ең жақсы балалар ұйымдарында да кездеседі. Алайда, зерттеуші есептегендей жетім балалардың толық дамуы үшін қажет нәзік жеке әсерді айырбастай алмайды. Жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша физикалық дамуы (бойы, басының көлемі, салмағы) көбінесе ұйымда бала ұзақ уақыт бойы өмір сүруіне қарай жақсарады. Салыстырмалы қолайлы физикалық дамуының жақсаруын авторлар емшектегі балаларға арналған ұйымдарда көрсетілетін медициналық көмектің жақсылығымен түсіндіреді. Бірақ ақыл-парасат деңгейі физикалық дамуға қайшы келеді: неғұрлым бала ұйымға ерте түссе, солғұрлым олардың ақыл-парасатының бөгелуі байқалған.
Сондай-ақ сезімді-ерікті өрісте барлық зерттеушілер балалар үйінде тәрбиеленушілердің жеке тұлға ретінде қалыптасуынан ауытқуын және көптеген қиыншылықтарын белгілейді: әлеуметтік өзара іс-қимылдардың бұзылуы, өздігінен дамуының кемшілігі, өзін-өзі бағалаудың теңсіздігі, қоршаған адамдармен қарым-қатынасын құра алмауы, ынтымақтастық тенденцияларының жоқтығы. Мұндай бұзылыстар көбінесе мазасызданудың артуында, сезімдік қызуында, психикалық шаршауда, сезімдік стрестерде, әр түрлі кедергілердің туындауында сезімталдылығының артуында, қиыншылықтарды жеңуге дайынсыздығында, сенімсіздікте, ашушаңдықта, серпімді белсенділіктің артуында, сезімдік суықтықта, қоршаған азаматтармен қарым-қатынасының бұзылуында, депрессияда және т.б. айқын көрінеді. Жетімдер мекемелеріндегі сезімдік өмірінің толықсыздығы, ересек балаларда түрлі психикалық және әлеуметтік бейімделуінің бұзылуына әкеліп соғады: кейбірінде бұл белсенділігінің төмендеуі, кейбірінің қылмыстық іс-әрекеттер жасауы, көбінесе қоғамда өзін-өзі дөрекі ұстауы бағаланады. Осындай балалардың дамуындағы бұзылыстар тәрбиеленушілердің жабық түрдегі мекемелерде орналасқандығынан болады. Балалардың көбісі балалар үйіне сәбилер үйінен келіп түседі, ол жерде олар үш кейбір кездерде төрт жылға дейін тәрбиеленген.
Академик В.С. Мухинаның жүргізген зерттеулерінің нәтижелерінде тәрбиеленушілердің әңгімелесу қажеттілігі аз дамығаны, жалпы дамудың кешігуі бақыланды. Бұндай балалар сөйлеу дамуында кешігеді, ойнай алмайды, қоршаған ортамен қатынаса алмайды. Өмірінің алғашқы кездерінде сәбилік кезге сай келмейтін енжарлық байқалады. Туылған күнінен бастап анасының махабаты мен еркелігінен кемтар қалған бала жабық түрдегі мекемелерінде өмір сүргендіктен, ересектермен қалыпты қатынастарда болмағандықтан 6-8 айлық бала өзінің туылғанда пайда болған даму қабілетін жоғалтады, енжарлық пайда болады. Жабық түрдегі мекемелерде тәрбиелену жағдайлары бала мінезқұлқында енжарлық беталысын туғызады. Басқа жағынан балада көптеген керексіз қимылдау іс-әрекет түрлері пайда болады: баланың теңселуі, саусағын немесе ернін соруы, мағынасыз бір қимылды қайталай беруі.
Интернаттық түрдегі мекемелерде өскен бала өнімді қатынас дағдыларын меңгермейді. Оның қарым-қатынастары үстірт және асығыс: ол бір кезде озбыр енжарлыққа өте келе көңіл бөлуді қажет етеді және одан бас тартады. Сүйіспеншілік пен көңіл бөлуді қажет ете келе бала өзін сол қажеттілікке сай ұстай алмайды.
Ересек адамдармен іскерлік қарым қатынастары кеш дамиды және жабайы түрде жүзеге асырылады. Балалар ересектердің ойын үлгідегі қимылдарын ықыласпен бақылайды, айтылған нұсқауларды орындайды, ұсыныстарды қуана қабылдайды, бірақ ойынға белсенді қатыса алмайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл әрекетінің тежелуі мен құмарлығының артық шамада болуы сезімдік-ерікті тұрақсыздығымен, артық шамадан тыс шаршауымен, ашуланшақтығымен үйлеседі. Бұл сезімнің дамымауы және сезімдік дамудың ауытқуы тек психикалық, әлеуметтік салдарынан ғана емес сонымен қатар тұқым қуалаушылық және туғанда пайда болған патология салдарынан да болады.
Құрбылармен қатынас қажеттілігі негізінде қиын емес. Ойын кезінде балалар іс-қимылға және құрбысының көңіл-күйіне назар аудармайды, кейбір кезде құрбысының ренішін, сұрауларын тіпті көз жастарын да байқамайды. Бір жерде бола тұра, бөлек ойнайды. Немесе бәрі бірге ойнайды, алайда ойын процессуалдық күйде өтеді, ойында бірегейлік қатынас болмайды.
Құрбыларымен үнемі байланыста аздаған балалар ғана болады. Ол баланың жасы мен баланың топтағы жағдайына байланысты емес. Алайда жалғыз қалатын балалар да жоқ. Ойындар көп жағдайларда ашушаңдықпен, көңіл күйдің ауысуымен өтеді.
Академик В.С.Мухина жетім-балалардың сана-сезім құрылымының қалыптасуының бұзылуына көңіл аударады. Адамның сана-сезімі келесі тарихи тұрғыда құрылған әлеуметтік құрылымда дамиды:
1) өзінің атына өзіндік есімдікті қосқанда;
2) мойындау талаптары;
3) жыныстық теңестіру;
4) жеке тұлғаның психологиялық уақыты: өткен, қазіргі, болашақ;
5) әлеуметтік кеңістік: парызы мен құқығы.
Балалар үйінде балаларды көбіне тегімен шақырады, аты көп уақытта тегімен үйлеседі. Баланың аты бұйрық беру кезінде ғана қолданылады, сүйіспеншілікті көрсетуде еш уақытта қолданылмайды. Нәтижесінде баланың өзінің атына деген жағымсыз сезімі туады.
Баланың талаптануы өзінің ортасында күшпен, тәрбиеленушілерге барабар озбырлықпен жүзеге асырылады. Қажеттіліктерін жүзеге асыра алмаған жағдайларда ашу-ыза, қызбалылық, мазасыздану сезімдері туады.
Тағы бір маңызды жағдайға назар аударғанымыз жөн – балалар үйіндегі біз деген ұғым. Ата-ана қамқорынсыз өскен балалардың интернаттық біз ұғымы қалыптасады. Бұл ерекше психологиялық құрылым. Ата-анасыз өскен балалар әлемді біздің және бөтен, біз және олар деп бөледі.
Бөтендерден бәрі бірігіп өздеріне керектісін алуға дайын. Оларда бөтендерге және өзімізге деген ерекше қарым-қатынас қалыптасқан.
Интернатта өмір сүретін балалар өз топтарының ішінде өзінің құрбыларына немесе өзінен кіші балаларға қатыгездік көрсете алады. Өзін олай ұстауы бірнеше себептерден, біріншіден жүзеге асырылмаған сүйіспеншілік пен танылмағандық, баланың сезімдік тұрақсыздық жағдайда болуы, ата-ана қамқорлығынан айрылуы.
Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің сана-сезімінің тағы бір маңызды ұғымы бұзылған, ол жеке тұлғаның психологиялық уақыт ұғымы. Бала өзінің қазіргі кездегі күйін өткен заманғы немесе болашақтағы өзімен біріктіре алмайды: өзінің жеке өткен шақтары көп жағдайда есінде сақталмаған, болашақ олар үшін анықталмаған.
Интернаттық мекемелер тәрбиеленушілерінің жыныстық теңесу проблемасы белгілі. Отбасында бала өзінің қай жынысқа жататынын ерте анықтайды: мектеп алдындағы уақытта өзінің жыныс қатынасына сай мінез-құлықтарға, ықыласқа, өзінің жыныстық бағасына иеленеді. Еркек және әйел мінез-құлық стереотиптері өзінің жыныстық өкілімен қарым-қатынас құру арқылы санасезімге енеді. Балалар үйіндегі балалар мұндай жағдайлардан оқшау келеді. Мектеп жасына жетпеген балалар өзінің қай жынысқа қатысты екенін жақсы біледі, және өзін қыз бала немесе ер бала ретінде бекітуге тырысады, бұл жағдайда олар отбасында өскен балалардан еш айырмашылығы жоқ. Алайда жыныстық теңестіру сапасының айырмашылығы бар. Егер отбасында өскен бала өзін ата-анасымен, бауырларымен, өзінің туысқандарымен теңестірсе, атаанасының қамқорынан айрылған балалар ең алдымен өзін құрдастарымен теңестіреді, яғни айтқанда тобындағы қыз балалар мен ер балалар. Балалар үйіндегі ер балаларға жыныс қатынасын теңестіру қиынға түседі, өйткені ол жерде еркектер аз, үлгі ретінде алатын ешкім жоқ. Топтық біз ұғымында қыз балалар мінез-құлық түрінің озбырлығын алады. Бұл өміршеңдіктің түрі, өзі сияқты күйсіз балалардың немесе бөтендердің ортасында өзін бекіту.
Осыған орай, Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың психологиялық дамуындағы сәтсіздікті анықтайтын себептер мынадай:
- тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынас пен оқу-тәрбие үдерісінің дұрыс ұйымдастырылмауы;
- әлеуметтік мәдени ортамен қарым-қатынастың шектеулілігі;
-балалар үйі тәрбиешілерінің психологиялық-педагогикалық дайындығының жеткіліксіздігі;
- тәрбиеленушілерді тәрбиелейтін үлкендердің, маман педагогтардың жиі ауысуы;
- жетім балалардың қарапайым мұқтаждықтарының шектелуі.
Отбасы жағдайында, өз үйінде бала өзін еркін ұстап, қалаған қажеттілігін қанағаттандырып отырады. Мысалы, қыз бала әжесі мен анасының үй жұмыстарына қатысып, ұл бала ата, әкесімен үй шаруашылығына қажетті заттарды, нәрселерді жасауға қатысып, көзімен көріп, іс-әрекеттерді бөлісуге, жоспарлауға ат салысады. Әрбір еңбек іс-әрекеттері үлкендер тарапынан қадағаланып, бала еңбекке баулынады. Ал, балалар үйлеріндегі ұл-қыздардың мұндай мүмкіндіктері жоқ. Сол себептен, тұрмыстық қарапайым жұмыстарға икемсіздік көрсетеді. Қазіргі психологиялық зерттеулерде балалар үйлері тәрбиеленушілерінің дамуында болатын негізгі кедергі (депривационные условие), қолайсыз күй деп білеміз. Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың мұқтаждықтарының шектелуі, жеке тұлға ретінде қалыптасуда қажетті әлеуметтік қарым-қатынастар мен аналық жылылықтың болмауынан деп тұжырымдауға болады. Балалардың ақыл-ой, адами ізгілік қасиеттері мен психологиялық процестердің бағдарлы дами алмауы - өз қажетін өтей алмаудың басты сипаттамасы болмақ.



    1. Ата - ана қамқорлығынан айырылған балаларға



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет