Ііі бөлім. Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары Тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үдеріс субьектілерінің өзара әрекеттесулерінің негізі ретінде


Педагогикалық қарым-қатынас ұғымының зерттелуі



бет2/5
Дата27.09.2023
өлшемі0.64 Mb.
#478863
1   2   3   4   5

Педагогикалық қарым-қатынас ұғымының зерттелуі

ХХ ғасырдың 80 жылдары А.А.Леонтьев, Н.А.Березевина, Я.Л.Коломинский, С.В.Кондратьев, В.А.Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынас ұғымын қарастырды.

В.А.Кан-Калик қарым-қатынастың психологиялық мазмұнын, құрылымын, стилін, кезеңдерін анықтады.

Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас-

бұл педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі, оның мазмұны ақпарат алмасу, тәрбиелеуші әсер жасау,коммуникативті құралдар көмегімен өзара қарым-қатынасты орнатуға бағытталады.

Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік

Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру.

Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік

Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас коммуникативті міндеттер түрінде жүзеге асады. Коммуникатвті міндеттер дегеніміз бұл коммуникация тіліне аударылған педагогикалық міндеттер.

А.А.Леонтьев коммуникативті міндетті проблемалық ситуацияларды бағыттау нәижесі деп анықтап, оның мақсаты серіктеске әсер ету дейді.

Педагогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер

  • Ақпаратты беру іскерлігі;
  • Оқушы жағдайын түсіну;
  • Балалармен өзара қарым-қатынас орнату;
  • Қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі;
  • Өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б.

Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері:

1) қарым-қатынас жағдайына бағытталу;

2) зейінді аудару;

3) объектінің “жанын жаулау”;

4) вервальды қарым-қатынас орнату;

5) эмоциональды және мазмұнды кері байланысты ұйымдастыру

Қарым-қатынастың кезеңдері:

  • Болашақта болатын қарым-қатынасты модельдеу (болжау кезеңі);
  • Қарым-қатынасты ұйымдастыру (қарым-қатынастың бастапқы кезеңі) – “коммуникативті шабуыл”
  • Педагогикалық процесте қарым-қатынасты басқару;
  • Өткен қарым-қатынасты талдау және келесі педагогикалық міндеттерді шешу үшін оны модельдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет