Ылым министрлігі



бет78/103
Дата12.04.2024
өлшемі5.8 Mb.
#498528
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   103
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы

31-сабақ
Сабақ тақырыбы:Сурет арқылы есептер құрау және шығару
Сабақ мақсаты;білімділік:сурет сызбалары есептер шығаруға машықтандыру
дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, сауаттылығын дамыту.
тәрбиелілік: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдісі:суретпен жұмыс,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: керекті заттар, таблица, фигуралар
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі;

Есеп шығару:
1. оқыту, талдау

  • Не белгілі? Не белгісіз?

  • Н ені табу керек?

6 каб. - 8 компьютер ? компьютер
мұғалім бөлмесі - 2 компьютер
ш.: (6х8) + 2 = 50
ж.: барлығы 50 компьютер бар
2.Сұрақ-жауап:
1.Ең үлкен бір таңбалы санды ата?
2.Көктемнің алғашқы айы қалай аталады?
3.Ұзындықты немен өлшейді?
4.Столдың төрт бұрышы бар еді,біреуін аралап
тастады,неше бұрыш қалды?
5.Ең қысқа айды ата?
6.1-ден 100-ге дейінгі қатарда неше ондық бар?
3. Бір себетте 27 кг алмұрт, ал екінші себетте одан 13 кг артық алмұрт бар. Барлығы қанша килограмм алмұрт бар?
4.Бір қорапта 42, ал екінші қорапта 50 ойыншық бар еді. Солардан 30 ойыншық балаларға таратылып берілді. Қорапта неше ойыншық қалды?
Ең аз ұпай жинаған 3 оқушы ойыннан шығады
32-сабақ
Сабақ тақырыбы: Логикалық тапсырмалар
Сабақ мақсаты;білімділік:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, сауаттылығын дамыту.
дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, сауаттылығын дамыту.
тәрбиелілік: тапқырлыққа тәрбиелеу
Әдісі:сұрақ-жауап, көрнекілік,өз бетінше жұмыс
Көрнекілігі: керекті заттар, таблица, фигуралар
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі;

2.Қызықты тапсырмалар.
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны - он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?
4.Тиін мен алатышкан орманга буршік жинауга барды. Тиін 43 қарағай бүршігін және 14 шырша бүршігін, ал алатышқан 28 қарағай бүршігін және 54 шырша бүршігін жинады.Тиін мен алатышқан қандай бүршікті артық және қанша артық жинады?Тиын: қарағай бүршігін артық жинады
43-28=15 бүршік артық жинады
Алатышқан: шырша бүршігін артық жинады
54-14=40 бүршік артық жинады
5.Қызықты сұрақтар:
1.Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
2. Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)
3 . Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
4. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)
Логика
5.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
6. АУКЦИОН - сұрақ : Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
7. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
8. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?(5мин)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет