1-топ 420 :6 -20 *2 -10 -5 :450 =
2-топ 80 *6 -80 :5 *9 +0 -720 =
3-топ 90 +70 :4 *6 -40 :5 :40 =
ІV-кезең «Мақалды жалғастыр». 1.Бір кісі қазған құдықтан,........................ (мың кісі су ішеді). 2.Бір тал кессең......................... (10 тал ек). 3.Бес саусақ жиналса,.................. (жұдырық болады) V-кезең «Көкке самға».Жұмбақ шешіп,жауабын айту. 1.12бұтағы бар алып емен, 52шыбық тарап өсіп өнген. Шыбық сайын жетіден жапырағы, Бар ма сондай ағашты көзің көрген? (жыл,12ай,52 апта, 7 тәулік). 2.Бір-бірімен жарасқан, Төрт аю, бір арыстан, Екі қой мен бір түлкі, Бәрі нешеу кім білді? (8). 3.Түйе бота маң басқан, Төртеуі аяғын тең басқан. Шұнақ құлақ бес ешкі, Төрт қозылы екі қой. Бәрін бірге санап қой. (15) Қорытындылау: «Ұқыпты ұтар,ізденген табар,Оқыған озар, еріншек тозар».Сайыста 5 тапсырма бойынша ұпай санын есептеп,сарапшылардың қорытындысы тыңдалады.Топта белсене қатысқан оқушыларды жеке марапаттау номинияциялары: «Жас математик», «Ең жылдам ойыншы», «Ең белсенді оқушы»т.с.с беріледі.
2-сабақ Тақырыбы:Миллиондар класы.Көп таңбалы сандарды оқу және салыстыру. Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларда «класс» деген түсінікті қалыптастыру, көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын бекіту, разрядтық қосылғыштарға жіктеу және олардың құрамын атау туралы білімдерін бекіту. 2.Есептеу дағдыларын,өзіндік,шығармашылық белсенділігін дамыту. 3.Пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі:сызбалар, карточкалар,кестелер жинағы. Түрі: жаңа сабақ. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.Сабақтың мақсатын хабарлау. Математикалық диктант.Құрамында: -4жүздік, 5 бірлігі; -2жүздік,8ондық,4 бірлігі; -9жүздік ,7 бірлігі; - 3 мыңдығы; -6 мыңдық,5 жүздігі бар сандарды жазыңдар. –Жазылған сандарды үш және төрт таңбалы қандай екі топқа бөлуге болады? Жаңа материалмен танысу: - Балалар бәрің кестеге қараңдар,сіздер не байқадыңдар? (бірліктер, мыңдар,миллиондар класын байқадық).Бірліктер,ондықтар және жүздіктер бірінші класты немесе бірліктер класын құрайды.Бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар екінші класты немесе мыңдар класын құрайды. - Сендер қалай ойлайсыңдар,тағы кластар бар ма? - Енді 999 999-дан кейінгі келесі санды атаңдар. -1 000 000- миллион. Миллион санын қалай жазу керек? Бірлік миллион, ондық миллион және жүздік миллион үшінші класты-миллиондар класын құрайды.Енді кестеде жазылған сандарды оқыңдар,разрядтар және кластар кестесін қараңдар.Миллион- бұл алып сандардың бірі.Бұл сөзді құрастырушы-венециандық көпес Марко Поло. Миллион сөзі бұл – «мыңның мыңы»дегенді білдіреді.
Разрядтар
|
3класс
|
|
|
2-класс
|
|
|
1-класс
|
|
|
|
Жүзд.
|
Онд.
|
Бірл.
|
Жүзд.
|
Онд.
|
Бірл
|
Жүзд.
|
Онд.
|
Бірл
|
|
9-шы
|
8-ші
|
7-ші
|
6-шы
|
5-ші
|
4-ші
|
3-ші
|
2-ші
|
1-ші
|
|
3
|
2
|
1
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
|
|
2
|
1
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
сандар
|
|
|
1
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
|
|
|
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
|
|
|
|
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
|
|
|
|
|
|
6
|
7
|
8
|
9
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
8
|
9
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8
|
9
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9
|
Осы көп таңбалы сандарды дұрыс оқу үшін, оны ойша кластарға бөліп алу ыңғайлы, ол үшін оң жақтан үш цифрдан бөлу керек.Көп таңбалы сандарды сол жақтан оңға қарай класс атауымен оқиды.мысалы,167 345 132(жүз алпыс жеті миллион үш жүз қырық бес мың жүз отыз екі (бірліктер класын атамайды).
Енді есептер шығарайық: 1.Сандарды оқыңдар және өсу ретімен жазыңдар: 55 097,775 000,505 097 000,55 097 999,56 098 000 989,56 908; 2.Төмендегі сандарды жаз: 6 ондық мың715 бірлік; 3 миллион 2 жүздік мың,4 миллион 6 мың: ; 3.Салыстыр :16 780* 10 000 58 170*58 185 998 997 * 1 000 000 670000* 67 000 485 000*1 215 748 33 000 * 105 000 4.Сандарды разрядтық қосылғыштарға жікте: 15 002 407 165 1 235 156 14 120 385 53 645 165 600 5.Қызықты есептер: 1.Столдың төрт бұрышы бар еді.Біреуін аралап тастады. Неше бұрыш қалды?(5). 2.-Сен нешедесің?- деп сұрағанда, Еркін:-Егер ең кіші үш таңбалы саннан ең кіші екі таңбалы санды азайтып, оның оннан бір бөлігін алсаң,менің жасымды табасың,-деп жауап берді. Еркін нешеде?Шешуі: 100-10=90; 90:10=9; Жауабы: 9 жаста. Қорытындылау:-Біз не үйрендік? -Сабақ ұнады ма?
3-сабақ Тақырыбы: Масса.Ұзындық.Уақыт және олардың өлшем бірліктері. Мақсаты:1.Балаларды массаның , ұзындық, уақыттың жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынас туралы көзқарастарын нақтылау, олардың өлшем бірліктерінің кестесін құрастыру; 2.Есеп,мысал шығарту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, зейінін дамыту, анық айтуға, математикалық тілде сөйлеуге үйрету; 3.Ұйымшылдыққа ,тапқырлыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу; Қолданатын әдістер: түсінірдіру, сұрақ-жауап. Көрнекіліктер: Өлшем бірліктері жазылған кестелер,карточкалар.сағат,күнтізбек т.б. Сабақ түрі: жаңа сабақ. Сабақ барысы: 1 .Ұйымдастыру кезеңі:Сабақтың мақсатын хабарлау. Психологиялық дайындық: «Сонау-сонау алысқа,Жүзсін десең кемелер. Тылсым сырлы ғарышқа, Ұшсын десең кемелер. Жасау үшін бәрінде, Математиа –ең маңызды ғылым бұл, Сондықтанда, сондықтан ,Сол ғылымның тілін біл». -Балалар бәрің енді тақтаға қарайық.ОИЯЫМЕУИАОЫЯСЮЭСЫИЕА жазбасындағы А әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар.Қандай сөз шықты?(Масса).Өте дұрыс.Біз бүгін осы масса, ұзындық,уақыт өлшем бірліктерін өтеміз. Ауызша жаттығулар: 1.1кг қызанақ 230 теңге тұрады.3 кг алмаға қанша төлеу керек? (690) 2.1кг қызанақ 300 теңге тұрады,ал қияр одан2 есе арзан.Қияр қанша тұрады?(150т) 3.Кесіндінің 3\1 бөлігі12 см.Барлық кесіндеде қанша см бар? 4.Түйе 40жыл өмір сүреді, өмірінің 5\1 бөлігінде ол өседі. Түйе қанша жыл өседі? 5.Үш аптада қанша күн бар? 6.2 сабақ қанша минутқа созылады? 7.Ақпан айы 29 күнге созылатын жыл қалай аталады? Бұл есептерде қандай масса, ұзындық, уақыт бірліктері кездеседі? Жаңа материалмен танысу.Демонстрациялық материалдардағы кесте қарастырылады. 1т=10ц 1ғасыр=100жыл 1т= 1000кг 1жыл= 12ай = 365(366)тәулік. 1ц = 100кг 1ай = 30 немесе 31 тәулік(ақпанда28,29 тәулік) 1кг= 1000г 1 апта =7тәулік 1т= 10ц = 1000кг = 1 000 000г 1 тәулік = 24 сағат 1ц = 100кг =1000 000 г 1сағат = 60 секунд 1сағат=3600 секунд.
1м ==10дм 1дм=10 см 1см= 10мм 1м= 100см 1дм= 100мм 1км= 1000м 1м= 1000мм 1км=1000м=10 000дм= 100 000 см= 1 000 000 мм 1м=10дм= 100см=1000мм 1дм=10 см= 100 мм Көрсетілген өлшем бірліктерін өрнектеңдер: 640км= м 8тәул = 470кг = 7680см= м дм 4 мин 8 с = 405 006 г = кг = г 258180дм= см 898ж = 207000к = ц = т 4 512 541= дм см мм 460 сағ = тәул 5ц= кг = г
Достарыңызбен бөлісу: |