Ылым министрлігі



бет7/29
Дата21.04.2024
өлшемі453 Kb.
#499421
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Kaz-metodicheskie-rekomendatsii-po-praktike

4.4.1 Коммерциялық банктерде

Коммерциялық банктердің қызмет ету аясы ерекше. Оқу практикасін екінші деңгейлі банктерде өтетін студент, банктің бүкіл бөлімдерінің қызметін тізбектеп, зерттеуі қажет.


Банк қызметін зерттеуді оның қызметінің негізін анықтайтын, Банк Жарғысымен танысудан бастау керек. Сонымен қатар, банк құрылымын, барлық бөлімшелердің қызметі мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерін түгелдей зерттеу керек. Банк қызметіндегі келесі жақтарды зерттеу ұсынылады:
Қызмет етудің құқықтық және экономикалық негіздерінен

  • банктік қызмет ету облысындағы банктік қызмет етудің құқықтық негіздерін көрсететін, заңнамалық актілер мен инструктивті материалдарды зерттеу;

  • банк құрылымы мен бөлімше қызметкерлерінің функционалдық міндеттемелерімен танысу;

Банктік пассивтерді қалыптастыру

  • Жарғылық, Резервтік және басқа да қорларды біріктіретін, банктің меншікті капиталын , сонымен қатар бөлінбеген пайданы талдау;

  • оның жеткіліктілігін бағалау;

  • банктің қаржылық қорларының қалыптастыру ерекшеліктерін;

  • пассивтік операциялар тізімін зерттеу;

  • депозиттік операцияларды талдау (әр түрлілігіне байланысты – салымшыларына байланысты, валютаға байланысты, табыстылығына байланысты және т.б.);

  • банк пассивтерінің құрамы мен құрылымы;

  • банк аралық несиелерді зерттеу;

  • банктің эмиссиялық операцияларды пайдалануы (қосымша акцияларды эмиссиялау, қарыздық құнды қағаздарды шығару);

  • ресурстарды басқа да әдістермен тарту.

Активті операциялар

  • банк активтерінің құрамы мен құрылымы;

  • несиелік оерацияларды талдау (әр түрлілігіне байланысты – клиенттерге байланысты, валютаға байланысты, уақытына байланысты, табыстылығына байланысты, қамтамасыз етуіне байланысты және т.б.);

  • несиелік үдерісті талдау;

  • құжат айналымын зерттеу (несиелік өтініштер, несие беру қажеттілігін дәлелдейтін есептер мен құжаттар, несиелік істер);

  • несие төлеу қабілеттілігін анықтайтын әдістерді оқу;

  • несие беру ісімен танысу;

  • несиелік келісім шартты құру практикасін үйрену;

  • несиені қайтарып алуды қамтамасыз ететін, әр түрлі нұсқаларды пайдалану практикасімен түгелдей танысу (кепілдік механизмі, гарант, несиелік тәуекелділікті сақтандыру және т.б.);

  • берілген ссудаларды мақсатты пайдалануды бақылаудың тиімділігін бағалау;

  • құнды қағаздар нарығындағы банк қызметтерін зерттеу;

  • кассалық және есеп айырысу операцияларының іске асу тәртібімен танысу;

  • банктің инвестициялық қызметімен танысу;

  • банктің жүргізетін валюталық операцияларымен танысу;

Банктің көрсететін қаржылық қызметтері

  • банктік қызмет көрсетудегі банктің мүмкіндігі;

  • лизингтік операцияларды пайдалану;

  • банктің форфейтингтік және факторингтік қызметтері;

  • заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін трасталық операцияларды зерттеу;

  • сейфтік қызметтер;

  • банктік инновациялар;

  • төлем карталарымен жұмыс істеу.

Банктің Ұлттық Банкпен байланысы

  • пруденциялық нормативтерді есептеу;

  • бірнеше жыл көрсеткіштер динамикасын зерттеу;

  • коммерциялық банктердің өтімділігі мен төлем қабілеттілігі;

  • есеп беру материалдары мен бухгалтерлік құжаттарды зерттеу.

Қызмет көрсетудің қаржылық көрсеткіштері

  • Банк шығыстарын қарастыру ( пайыздық, әкімшілік және басқалай)

  • банк шығыстарының құрамы мен құрылымы;

  • табыстарды талдау және оны қалыптастыру көздері;

  • табыстарды бөлу тәртібін қарастыру;

  • банктік табыстардың қаржылық экономикалық көрсеткіштерінің есебі;

  • банктің жұмыс істеу тиімділігін бағалау;

Банктік практикадегі тәуекелділіктер

  • тәуекелділіктер түрі және олардың банктің қызмет етуіне әсері;

  • осы банкте қолданылатын тәуекелдерді басқару әдістері;

  • банктің жұмысының қорытындыларына түрлі тәуекелдердің әсер етуін бағалау;

  • банктік тәуекелдер мониторингі және оларды төмендету жолдары.

Практика аяқталғаннан кейін, студент оқу практика бағдарламасына сай және күнтізбелік кестедегі нақты жұмыс түрін атқарғаны бойынша есеп жазады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет