Ылым министрлігі



бет3/29
Дата21.04.2024
өлшемі453 Kb.
#499421
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Kaz-metodicheskie-rekomendatsii-po-praktike

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Кәсіптік практика оқу, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді.


Кәсіптік практиканың әрбір түрінің мақсаттары, міндеттері мен бағдарламасы болады, оларды негізге ала отырып, кәсіптік практиканың тиісті базасы айқындалады.
Еуразия гуманитарлық институты студенттерінің кәсіптік практикасы студенттердің кәсіптік жұмыс дағдыларын игеру, теориялық оқыту процесінде алған білімдерін тереңдету және бекіту мақсатында бекітілген оқу жұмыс жоспарлары мен академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.
Білім алушыларды практиканың барлық түрлеріне жіберу практикадан өту мерзімдері, практика базасы және практика жетекшілері көрсетіле отырып, бұйрықпен ресімделеді. Практика жетекшілері ретінде кәсіптің ерекшелігін және практика базаларының қызметін жақсы білетін профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар тағайындалады.



  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС



    1. Практиканы өткізуді ұйымдастыру

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып күндізгі бөлімде оқитын студенттер білім беру бағдарламасының бейіні бойынша жұмыс істеген жағдайда оқу және өндірістік («Білім беру» білім беру бағдарламаларының тобы үшін – педагогикалық) практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар кафедраға жұмыс орнынан анықтама және олардың кәсіби қызметін көрсететін мінездеме ұсынады.
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, білім беру бағдарламасының бейіні бойынша жұмыс істемейтін күндізгі нысанда білім алушылар белгіленген тәртіппен практикаға жіберіледі.
Кәсіптік практиканың қорытындысы бойынша одан сәтті өткен білім алушылар кафедраға есептік құжаттаманы (есеп, күнделік, пікірлер, мінездеме және практика бағдарламасында көрсетілген басқа да құжаттама) ұсынады, оны кафедраның практика жетекшісі тексереді және қорғауға рұқсат береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет