Ылым министрлігі



бет16/29
Дата21.04.2024
өлшемі453 Kb.
#499421
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Kaz-metodicheskie-rekomendatsii-po-praktike

5.4.2 Салықтық органдарда

Студент танысуы тиіс:


- бөлім құрылымымен және бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерімен;
- салықтық есепте тұрған салық төлеушілер тізімі мен салық салу объектісімен;
- салық төлеушілердің арыз, хаттары мен өтініштерін қарастыру тәртібімен;
- СТН табыс ету және лицензиялар мен патенттерді беру тәртібімен;
- салық төлеушілер есебі мен оларды кітапқа тіркеу тәртібімен танысып, есеп беру нұсқалары мен қатаң есеп беру бланктерін зерттеу;
- карточкалар мен шоттарды ашу тәртібімен, төлем тапсырмасы және квитанцияларды ендіру ережесімен танысу.
Аудит бөлімінің жұмыс орнында: салықтық есепте тұрған салық төлеушілер тізімі мен салық салу объектісімен танысып, сонымен қатар осы бөлімнің жұмысында пайдаланатын бланктік материалдармен есеп берудің негізгі нұсқаларымен танысу. Осы бөлімде практикаден өту кезеңінде студент дұрыс аударымдар жасаудың практикалік әдістемесін қарастырып, заңды тұлғалардың бюджетке төленетін салықтары мен міндетті төлемдерінің толық және уақытында төленуін үйренуі керек. Осы мақсатта материалдарды қарастырып, салық салу сұрақтары бойынша, кәсіпорындар мен ұйымдардың хаттары мен өтініштерімен танысу керек.
Студент салық инспекторларымен бірге кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметін тексеруге қатысуы тиіс;
- салықтық тексеріс қорытындысы бойынша жоғары тұрған ұйымдарға есептер мен ақпараттарды жеткізу тәртібімен танысу керек,
- салықтардың түсуін есептеп, талдау жасау бөліміне берілетін, тексерісті жүргізу материалдарымен танысу;
- әкімшілік құық бұзушылық хаттамалары мен тексеріс актілерін жасауды.
Қазіргі кезде қолданып жүрген салықтық заңнамашылықтарды бұзушыларға, қаржылық және салықтық санкцияларды қолдану тәртібін бақылау іс шараларының қорытындылары бойынша талдау жүргізу, берілген район бойынша жеке тұлғалардың табысынан түскен салықтардың сандық көрсеткіштерін, бақылау жұмыстарының жағдай бойынша бөлім есептерін талдау.
Есептеу, талдау және ақпараттық технологияларбөлімінің жұмыс орнында:
- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен танысу,
- салық төлеушілердің есепте тұрған тізімімен;
- түсіндірме материалдарымен, тұлғалардың шоттарын жүргізу тәртібіне реттеу жүргізетін жоғарғы ұйымдардың хаттарымен танысу;
- декларацияларды қабылдау жүргізу әдістері мен талаптарын оқып, жеке және заңды тұлғалардың қаржылық есеп беру мен басқа да есептерінің материалдарымен танысу;
- декларация қабылдау тәртібімен, шағын бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың есептерімен;
- жеке шоттар мен карточкаларды ашып, оларды жүргізу тәртібімен танысу;
- жеке және заңды тұлғалардың балансын қабылдау негізінде жүргізілетін құжаттар мен инструкциялық материалдармен танысу;
- салық органдарының қызметінде қолданылатын ақпараттық жүйелер практикасімен танысу: ИНИС, ИСИД, ИСНДС, ЭФНО, ЭКНА, РНиОН, СГДС.
Өндіріп алу бөлімінің жұмыс орнында:
- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен танысу;
- ағымдағы аванстық төлемдерді төлеу уақыты мен тәртібін және бюджет табысындағы салықтардың қорытынды соммасын;
- салықтық заңнаманы бұзушыларға өсімпұл мен штрафтарды аудару тәртібін;
- салықтық міндеттемелерді орындаудағы, салық төлеушінің мүлігін өндіріп алуда қолданатын әдістердің жүргізілу тәртібін;
- салық төлеушіге тиесілі соманы алып қоюда шектеулі мүлікті иемденуді жүзеге асыру тәртібімен, сонымен қатар экспорттық операцияларды тоқтату тәртібімен танысу;
- бюджетке салықтық қарыздарды өтеу тәртібімен,
- салықтық заңнамалықты бұзудағы жауаптыларға қолданылатын амалдармен және таластарды шешуде, сонымен қатар сот тәртібіндегі тексеріс актісі бойынша,салықтарды өндіріп алу тәртібімен танысу.
Төленбеген төлемдер бөлімінің жұмыс орнында студент танысуға тиіс:
- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен және салық төлеушілерді есепке қою тәртібімен танысу;
- районның экономикалық картасын жасаудағы, жеке меншік құқықтағы мүліктерге салық төлеу бойынша, салық инспекторларымен бірге түсіндірме жұмыстарға қатысу;
- заңнамалық актілерді оқу;
- жергілікті салықтарға дұрыс аударым жасауды бақылауда практикалік жаңашылдықты үйрену
Жанама салықтар бөлімінің жұмыс орнында практикаші танысуы тиіс:
- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен танысып, жанама салықтарды өндіріп алу мен аударудың практикалік әдістемесін үйрену,
- ҚҚС пен акциз бойынша декларацияны қабылдау тәртібін және шот фактураны толтыру тәртібімен танысу,
- ойын бизнесі саласындағы жұмыс істеп тұрған салық салу практикасімен танысу,
- нольдік пайыз бойынша, ҚҚС айналысы мен қайтару тәртібі және ҚҚС толық, өз уақытында аударым жасау бойынша заңдық құжаттармен танысу.
Салық төлеушілерді тіркеу бөлімінде студент танысуы тиіс:
- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен,
- салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу тәртібімен,
- салық төлеушілерді тіркеу есебіндегі практикалік әдістемелермен,
- бөлек қызмет түрлерін көрсететін, салық төлеушілерді есепке алу тәртібімен,
- салық төлеушілерді есепке алудағы қажетті құжаттармен танысу.
Салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімінде студент танысуы тиіс:

  • есепте тұрған салық төлеушілер тізімімен салықсалу объектілірін;

  • салық төлеушілердің арыздары және хаттарымен қарастыру тәртібін;

  • СТН тапсыру және лицензия мен патенттерді беру тәртібімен;

  • салық төлеушілер есебі мен оларды кітапқа тіркеу тәртібімен танысып, есеп беру нұсқалары мен есеп беру бланктерімен танысу;

  • карточкалар мен шоттарды ашу тәртібімен, төлем тапсырмасы және квитанцияларды ендіру ережесімен танысу.

Бухгалтерлік есеп пен аудит бөлімінде студент түсіндірме материалдарымен, салықтарды өндіріп алу және аударым жүргізетін жоғарғы ұйымдардың хаттарымен танысады.
Оперативті бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен талаптарын үйреніп, заңды және жеке тұлғалардың қаржылық есептілігі мен басқада материалдарының есебімен, декларациялармен танысады. Практикаші декларацияларды, заңды тұлғалардың есептерін, патенттерді, жеке кәсіпкерлердің куәліктерін қабылдау тәртібімен танысуы тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың балансын қабылдау негізінде жүргізілетін құжаттар мен инструкциялық материалдармен танысады.
Тексеріс бөлімінде студент салықсалу объектілері мен есепте тұрған салық төлеушілердің тізімімен танысуы тиіс. Бұл бөлімде практикані өту кезінде студент заңды тұлғалардың төлейтін барлық салық түрлеріне аударымдар жасаудың практикалік әдістемесін үйренуі тиіс. Осы мақсатта түсіндерме материалдармен бірге, салықсалу сұрақтары бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың хаттары және өтініштерімен танысуы керек.
Практикаші салық инспекторларымен бірге, түрлі нұсқадағы жеке меншік кәсіпорындардың қаржылық шаруашылық қызметтерін тексеруге қатыса алады. Тексеріс нәтижесі бойынша жоғарыда тұрған ұйымдарға, ақпараттар мен есеп беру тәртібімен танысады. Студент білу керек :

  • салықтардың түсуін есептеп, талдау жасау бөліміне берілетін, тексерісті жүргізу материалдарымен танысу;

  • жүргізілетін құжаттық тексерістерге қатысуға;

  • коммерциялық дүкендер мен базарда сатылып жатқан, кәсіпкердің тауарларының қалғандарын жинау тәртібімен танысу;

  • әкімшілік штрафтар жайында хаттамалар мен тексеріс актілерін жазуды үйрену;

  • тексеріс жұмыстарының жағдайы туралы есептерді талдай білу;

  • берілген район бойынша бюджетке міндетті төлемдер мен салықтардың түсуін сандық көрсеткіштермен талдай алуды үйрену;

  • бөлімдер жүргізетін кезекшіліктер мен рейдтарға қатысу;

  • осы бөлімдегі практика нәтижесі бойынша материалдарды рәсімдеп, есеп дайындау.

Күштеп өндіріп алу бөлімінде студентке қажетті:

  • бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен танысу;

  • салық төлеу уақыты мен тәртібін білу;

  • салықты төлеуді қамтамасыз ету тәртібімен танысып, салық төлеушінің мүлкін өндіріп алумен танысу;

  • салық төлеушіге тиесілі соманы алып қоюда шектеулі мүлікті иемденуді жүзеге асыру тәртібімен, сонымен қатар экспорттық операцияларды тоқтату тәртібімен танысу;

  • бюджет алдындағы қарыздарды жабу тәртібімен танысып, таластарды шешу мен салықтық заңнамалықты бұзудағы жауапкершілікті, сонымен қатар сот тәртібімен тексеріс актісі бойынша салықтарды өндіріп алумен танысу;

  • салық қызметінің шешімін қайта қарау тәртібімен және сотқа арыз беруді қарастыру.

Өндірістік іс практика бағдарламасын орындау туралы есепті студент әрбір жұмыс орнынан кейін жазып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет