5. Өндірістік практика
5.1 Өндірістік практиканың міндеттері мен ұйымдастырылуы
Студенттердің өндірістік практикасы – жоғары білікті мамандарды дайындаудағы маңызды кезең болып табылады. Практиканің басты міндеті студенттердің білім алу үдерісіндегі алған теориялық білімдерін бекітіп және болашақ мамандықтарын практикалік жағынан үйреніп, теория мен шаруашылық жүргізу практикасін байланыстыра білу
Өндірістік практиканің базасы студенттің ғылыми қызығушылығы мен дипломдық жұмыс тақырыбына сәйкес таңдалады. Студенттер өндірістік практикані салық, кедендік және қаржылық органдарда, қазынашылық, сақтандыру ұйымдарында, банктік жүйе мекемелерінде, сонымен қатар кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінде өтуіне болады.
Практиканің мақсаты болып, білім алып жатқан мамандығы бойынша кәсіби қызметі жағынан практика жинақтап, теориялық білімін бекіту болып табылады.
Өндірістік практикані өту кезеңінде студенттер сол немесе басқа бөлімдегі қаржылық жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты практикалік материалдарды терең зерттеулері тиіс. Жинақталған алғашқы құжаттары, есеп беру материалдары, бухгалтерлік құжаттардың бланктері, қолдану материалдары өндірістік практика есебіне тігіліп, дипломдық жұмысты жазуда пайдаланылуына болады.
Өндірістік практиканы өтудің алдында практика өтілетін базаның жетекшісі, кафедрадан тағайындалған жетекшімен бірлесе отырып, жұмыс тізімі мен орындау уақыты және жұмыс орны көрсетілген күнтізбелік жоспарды құрастырады.
Практикані өтіп болғаннан кейін студенттер, нақты жинақталған материалдарға сүйене отырып, жоғарғы оқу оындарындағы соңғы кезең – дипломдық жұмысты жазып, қорғауға кіріседі.
Өндірістік практиканің міндеттеріне кіреді:
- студенттердің білім алу үдерісіндегі алған теориялық және машықтану білімдерін бекітіп, алған білімдерін мамандығы бойынша нақты қаржылық экономикалық міндеттерді шешуде пайдалана білу;
- таңдаған мамандығы бойынша практика жинақтап, оны дамыта білу;
- дипломдық жұмысты жазып, өндірістік іс- практика бойынша есепті құрастыруда нақты материалдарға талдау жасап, қол жетерлік ақпараттарды жүйеге келтіріп, жинау;
- Өз бетімен жұмыс жасауда практикасін дамытып, зерттеу әдістемелерін үйрену, ұйымдардың қаржылық ресурстарын басқаруда және есептегі мәселелердің шешімін табуда эксперименттер жасау;
- студенттердің практикалік жұмыстарға дайындығын анықтау.
Өндірістік практика бағдарламасын орындамаған және есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студент Мемлекеттік емтихан тапсыруға жіберілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |