153
бара жатқанымды көрсең аяғымды сындыр. Бұл да
Сенің маған берген нығметің
болады».
Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Періштелер Алла зікір қылынған үйлерді жұлдыздарды
көрсеткендей бір-біріне көрсетіседі».
Суфиян ибн Уйайна (р.а.) айтады: «Мүминдер жиналып алып Алланың атын зікір
қылғанда шайтан да, дүние де олардың жанынан қашады. Шайтан дүниеге: «Көрдің бе,
бұлардың не істеп жатқанын?!» – деп қайғырады. Бірақ дүние шайтанға: «Мейлі қыла
берсін, шаршағанда оларды бір-бірден желкелеп, саған алып келемін», – деп жауап
береді.
Әбу Һурайра (р.а.) бір күні базарға кіріп: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мұрасы
мешітте бөлістіріліп жатса, сендер бұл жерде жүрсіңдер», – дейді.
Бұл сөзді естіген
саудагерлер мен сатып алушылар базарды тастап мешітке жүгіреді. Бірақ ол жерде
ешқандай бөлісілген мирас көре алмайды. Олар Әбу Һурайраға: «Біз мешітте
бөлісілген мирас көрмедік қой», – дегенде, Әбу Һурайра: «Онда не көрдіңдер?» – деп
сұрайды. Олар: «Алланы зікір қылған және Құран оқыған кісілерді көрдік», – дейді. Әбу
Һурайра оларға: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мұрасы міне сол», – деп жауап береді.
Ағмаш Әбу Салихтен, ал ол Әбу Һурайра мен Әбу Сағид әл-Худриден риуаят еткені
бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алланың кұлдарының істерін жазғандардан басқа
жер жүзін тынбай кезіп жүрген бірнеше періштелері бар. Олардың міндеті – Аллаға зікір
айтқан пенделер бар жерлерді іздеу. Олар Алланы еске алған кісілердің тобына тап
болғанда, бір-біріне: «Бұл жерге келіңдер! Іздегеніміз бұл жерде!» – деп жар сала
шақырады. Сөйтіп, олар әлгі кісілерді
қанаттарымен қалқалап алып, сол айналаны
аспанның бірінші қабатына дейін қоршап алады. Алла Тағала шексіз ілімімен бәрін
біліп тұрса да, періштелерінен: «Пенделерім не деп жатыр?» – деп сұрайды.
Періштелер: «Уа, Жаратқан Иеміз, олар саған тасбих айтып, мақтап,
мадақтап,
ұлықтап жатыр», – дейді.
(Сонда Алла Тағала мен періштелердің арасында мынадай әңгіме өрбиді):
– Олар Мені көрген бе?
– Жоқ, Сені көрген емес.
– Егер Мені көрсе қалай болар еді?
– Егер Сені көрсе, Саған бұдан да көп ғибадат жасап, бұдан да көп ұлықтап, мақтау
айтушы еді.
– Пенделерім Менен не сұрайды?
– Пейішке кіргізуіңді сұрайды.
– Олар пейішті көрген бе?
– Жоқ, олар пейішті мүлдем көрген емес.
– Егер көрсе не жасайтын еді?
– Егер олар пейішті көрсе, оған кіруге бұдан да қатты ынтызарланып, бұдан да қатты
ұмтылып, бұдан да артық тер төгуші еді.
– Олар неден қорқып қашады?
– Тозақ отынан қашады.
– Олар тозақты көрген бе?
– Жоқ, олар тозақты ешқашан көрген емес.
– Егер көрсе қалай болар еді?
– Егер оны көрсе, бұдан бетер сақтанып, бұдан да қатты қорқушы еді.
Періштелердің бұл жауабынан кейін Алла Тағала:
– Періштелерім, онда сендер де куә болыңдар. Мен олардың бәрін кешірдім, – дейді.
Мұны естігенде періштелердің бірі:
154
– Уа, Алла, олардың арасында ойда жоқ жерден өзінің жеке ісімен ғана келіп отырып
қалған пәленше деген (күнәһар) біреу бар, – дейді. Сонда Алла Тағала:
– Ол жиналғандар – жақсы кісілер. Олармен бірге отырып қалғандар да
бақытсыздыққа душар болмайды,
406
– деп айтады.
406
Бұхари, Дағуат 66.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «
Менің және менен бұрынғы пайғамбарлардың
аузындағы ең ұлы сөз – «Лә илаһа иллаллаһу уахдаһу лә шарикә ләһу (Алладан басқа
құдай жоқ, ол жалғыз, оның серігі жоқ)» деген сөз болған».
«
Кім күніне жүз мәрте «Лә илаһа иллаллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу, ләһул мулку
уә ләһул хамду уә һуә алә кулли шайин қадир» (Алладан басқа құдай жоқ, ол жалғыз,
серігі жоқ. Әлем оның мүлкінде. Мақтау оған тән, ол барлық нәрсеге құдіретті) десе,
он құл азат қылғандай болады. Дәптеріне жүз жылдық сауап жазылады және жүз
күнәсі өшіріледі. Сол күні ақшамға шейін бұл сөздер оны шайтаннан сақтайды. Бұл
сөздерді одан да көп қайталағандардан басқа ешкімнің ғибадаты соған жетпейді».
Алла Елшісі (с.а.с.) тағы: «
Жақсылап дәрет алып, содан соң көкке қарап: «Әшһәду
ән лә илаһа иллаллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу уә әшһәду әннә Мухаммадан
абдуһу уә расулуһу» (Алладан басқа құдай жоқтығына, оның жалғыз және серіксіз
екендігіне, Мұхаммед оның құлы және елшісі екендігіне куәлік берем)» деген
пенденің алдында пейіштің барлық есіктері ашылады және қалағанынан ішке кіреді»,
– деп айтқан.
Достарыңызбен бөлісу: