Имам ғазали жүректің сырлары


Баспа үйі  5  БИСМИЛЛАҺИР РАХМАНИР РАХИМ



Pdf көрінісі
бет2/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Баспа үйі 



БИСМИЛЛАҺИР РАХМАНИР РАХИМ 
Алладан қорқу 
Кейбір данышпан кісілер былай дейді: «Денсаулықтың мықты болуы – аз 
тамақтануда, жан дүниенің тазалығы – күнәдан аулақ болуда. Діннің туралығы – Алла 
жаратқан пенделердің ең ұлығы болған Мұхаммед (с.а.с.)
1
пайғамбардың жақсы 
әдебінен үлгі алып өмір сүру. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Уа, иман 
келтіргендер! Аллаға шын көңілден тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы 
болудан сақтаныңдар! Әркім ертеңгі ақиреті үшін (не істеп, о дүниеге) не 
жолдағанына көңіл аударсын. Аллаға шын көңілден тағзым етіңдер және Оған 
қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Шүбәсіз, Алла не істеп не қойып 
жүргендеріңнен толық хабардар»
2

1
 
«с.а.с.» әріптері – арабша «саллаллаһу аләйһи уә сәлләм» деген тіркестің қысқартылып берілген нұсқасы, 
«Алланың игілігі мен сәлемі оған болсын» деген мағынаны білдіреді. Пайғамбарымыздың аты аталғаннан кейін 
жазылады. Бұл тіркесті толық оқып отырсаңыз, Пайғамбарымызға салауат айту сауабын аласыз. 
2
 
«Хашыр» сүресі, 18 
Аяттың мазмұны төмендегіше: 
Алладан қорқыңдар, оған мойынсұныңдар. Материалдық және рухани қиыншылыққа 
душар болғандарға жәрдемберіңдер. Әрдайым Алла жолында болыңдар, қиямет күні 
оның сыйлығын аласыңдар. Себебі Алла Тағала сауап істеріңді де, күнә істеріңді де – 
бәрін түгел біледі. Періштелер, аспан-жер, күн-түн... – бәрі дше пенденің жасағандары 
туралы куәлік береді. Тіпті кісінің өзінің дене мүшелері де өзі туралы куәлікке өтеді. 
Жер иманды және ықыласты пенделер жөнінде куәлік беріп: «Менің үстімде намаз 
оқып, ораза ұстап, қажылыққа барды», – дегенде, мүмин пенде соған қуанады. 
Жер кәпір және күнәһарлар туралы «Бұл кісі менің үстімде Аллаға ширк келтіріп, зина 
жасады, ішімдік ішті, арам жеді» деп куәлікке өтеді. Қайырымдылардың қайырымдысы 
Алла Тағала қиямет күні имансыздар мен шектен шыққан күнәһарларды жасаған 
істерінің бүге-шігесіне шейін сұраққа алғанда, олардың жағдайы өте жаман болады! 
Бүкіл дене мүшесімен Алладан қорыққан пенделер – бұлар мүминдер. 
Имам Әбу Ләйс былай дейді: «Алладан қорыққандықтың белгісі жеті нәрседе 
көрінеді: 
1. Тілде: Алладан қорыққан пенде тілін жалғаннан, өсек-ғайбаттан, басқаларға жала 
жабудан және пайдасыз сөздерді сөйлеуден сақтайды. Оны Алланы зікір қылу, Құран 
оқу және ілім үйрену үшін қолданады. 
2. Жүректе: Алладан қорыққан кісінің жүрегінде мұсылман бауырына деген 
дұшпандық болмайды. Жалған-жала және дұшпандық сияқты адам баласына 
жараспаған сезімдерді көңілінен шығарып тастайды. Себебі дұшпандық пенденің 
жақсы істерін жоқ қылады. Сол себепті Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «От 
отынды жандырып күл қылғандай, дұшпандық та пенденің жақсы істерін жеп 
тауысады».
3
Құрметті оқырман, дұшпандық жүректі жаулап алып, қоғамдық өмірде көп 
зияндарға жол ашушы жаман ауру екенін біліп қой! Жүректегі кеселдер, яғни жаман 
сезімдер, күнә істер тек іліммен және жақсы істермен ғана емделіп, айығуы мүмкін. 
3
 
Әбу Дәуіт, 4903; ибн Мажа, 4210 
3. Көзде: Алладан қорыққан пенде арам асқа, ақысы жоқ киімге және жат біреуге көз 
салмайды. Дүниеге құмарлықпен және барлық нәрсеге ие болу үшін көз салмай, сабақ 
алу үшін назар салады. Арам нәрселерге қараудан өзін тыяды. Алла Елшісі 



(с.а.с.) былай дейді: «Кім көзін арам нәрселермен толтырса, Алла Тағала қиямет күні 
оның көзін отпен толтырады». 
4. Құрсақта: Алладан қорыққан пенде қарнына арам тамақ кіргізбейді. Себебі арам 
аспен азықтану – ең үлкен күнәлардың бірі. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай 
дейді: «Адамзаттың қарнына бір тістем арам түссе, сол тамақ ерімейінше, жер-
аспандағы періштелер оған қарғыс айтып тұрады».
4
 
4
 
әл-Фауаид әл-Мажмуға, 207-бет; 27-хадис. 
5. Қолда: Алладан қорыққан кісі қолын арамға емес, Алланың разылығына лайық 
нәрселерге ұсынады. Кәғб (р.а.)төмендегі риуаятты айтады: «Алла жасыл изумрудтан 
бір сарай жаратқан. Ол сарайда жетпіс мың үй, әрбір үйде жетпіс мың бөлме бар. 
Бұл сарайға өзіне арам нәрсе ұсынылғанда, Алладан қорыққандықтан оны қабыл 
алмаған пенделер ғана кіреді». 
6. Аяқта: Алладан қорыққан кісі күнә жолына емес, Аллаға ғибадат жасау жолында 
қадам аттайды. Ілім алу және жақсы әдеп-ахлақты үйренуі үшін ғалымдардың және 
тақуа пенделердің мәжілістеріне барады. 
7. Құлшылықта: тақуа пенде Алланың разылығына жету үшін оған бас иеді. Ел көрсін 
деуден, басқаларға өзі не ісі туралы мақтанудан және екі жүзділіктен сақтанады. 
Адамның алты мүшесінде және жасаған ғибадатында сол нәрселер бар болса, онда 
Алланың: «Ол (қисапсыз нығметке толы мәңгілік бақыт мекені) ақирет болса, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет