Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет174/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Жұма күнінің ұлылығы 
Жұма – қасиетті күн. Бұл күнді Алла Тағала Өзі мадақтап, «Уа, иман келтіргендер! 
Жұма күні азан айтылып намазға шақырылғанда, дереу (құтба тыңдап, намаз оқу 
арқылы) Алланы зікір етуге асығыңдар, шаруаларың мен сауда-саттықты доғара 
тұрыңдар. Біле білсеңдер, бұл өздерің үшін әлдеқайда қайырлы болмақ»
615
 
деп айтқан. 
615
 
«Жұма» сүресі, 9. 
Алла Тағала бұл аятта жұма күні намаз үшін азан айтылғаннан бастап дүниеге тиесілі 
істермен әлек болуға және жұма намазына баруға тосқауыл болатын барлық нәрсеге 
тыйым салған. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұма намазы туралы хадистерінен: 
«Бүгін осы жерде Алла Тағала бізге жұманы парыз қылды». 
«Кім себепсіз үш мәрте жұма намазға бармаса, Алла оның жүрегін мөрлеп қояды». 
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) риуаят етеді: «Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Менің алдыма 
Жәбірейіл келді. Қолында жарқыраған айна бар еді. «Бұл жұма күні. Жаратқан Иең оны 
саған және сенің үмбетіңе мейрам болсын деп, саған парыз қылды», – деді. «Бізге оның 
қандай пайдасы бар?» – дедім. Ол: «Жұмада біз үшін әбден сауапты бір сәт бар. Кім 
сол сәтте жақсы нәрсе сұраса, Алла оны сөзсіз береді. Не бір күнәдан сақтану үшін 
Алладан сұраса, Алла оны сақтайды. Біз үшін ол – күндердің ең ұлығы. Біз оны 
ақыретте «өте үлкен қуаныш тарту етілген күн» деп атаймыз», – деп жауап берді». 
Хадисте айтылған: «Ең жақсы күн – жұма күні. Адам (а.с.) сол күні жаратылған. Сол 
күні пейішке кіргізілген. Сол күні жер жүзіне түсірілген. Сол күні тәубесі қабыл болған. 
Сол күні дүниеден қайтқан және сол күні қайтадан тіріледі. Алланың алдында бұл күн 
«сауабы көп күн» деп аталады. Көктегі періштелер де бұл күнді солай атайды. 
Мүминдер Алланың Нұр Жамалын да сол күні көреді». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жұма күні Алла Тағала жүз мың кісіні тозақтан шығарады», 
– деген. 
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) риуаят етеді: «Алла Елшісі (с.а.с.): «Жұма күні жақсы өтсе
басқа күндер де жақсы өтеді»
616
деген» 
616
 
Хаким, 2/59. 
Тағы бір хадисте: «Тозақтың жалыны әр күні тапа-тал түс алдында жаңадан 
жандырды. Бұл уақытта жұма намазынан басқа намаз оқымаңдар. Өйткені жұма күні 
толығымен намаз болғандықтан, тозақ оты жұма күні жаңадан жағылмайды», – деп 
айтылған. 
Кәғбул-Ахбар: «Алла қалалардан Меккені, айлардан рамазанды, күндерден жұманы, 
түндерден Қадір түнін басқалардан қасиетті қылды», – деген. 
Риуаятқа қарағанда жұма күні құстар да, құрт-құмырсқалар да бір-біріне жолыққанда 
«Сәлем, сәлем, қандай жақсы күн!» – дейді екен. 


256 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жұма күні түнде өлген мүминге Алла шейіттің сауабын 
береді. Оны қабір қиыншылығынан сақтайды», – деген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет