Имам ғазали жүректің сырлары


Болатыны анық Қиямет күні



Pdf көрінісі
бет112/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Болатыны анық Қиямет күні 
Алла Тағала Құранда: «Жо-жоқ! Егер мұны ілімге сүйенетін нақтылықпен 
білгендеріңде, (мұндай жат қылыққа бармас едіңдер)»
390
 
дейді. Бұл аятқа 
кейбіреулер: «Қияметтің қандай екенін анық білгендеріңде көпке сұқтанып, мақтанып 
жүре бермей, пайдалы істерді жасаушы едіңдер. Зиянды істерден аулақ болушы 
едіңдер және қиямет күні мал-мүліктеріңнің көптігімен мақтанудың ешбір пайдасы 
болмайтынын пайғамбарлар сияқты анық білгендеріңде мақтанбаушы едіңдер» деген 
түсіндірме берген. 
390
 
«Тәкәсур» сүресі, 5. 
«
(Алайда мұндай жат қылықтарыңды қоймасаңдар,) шүбәсіз, жалын атқан 
жаһаннамды көресіңдер»
391
 
391
 
«Тәкәсур» сүресі, 6. 
Алла Тағала ант ішумен «Ақырында, оны өз көздеріңмен көресіңдер»
392
 
деп 
айтады. Яғни тозақты анық, өз көздеріңмен көресіңдер. 
392
 
«Тәкәсур» сүресі, 7. 
Әзірет Али (р.а.): «Дүние нығметі – бұл денсаулық. Бидай нан жеген, Евфраттың 
салқын суынан ішкен және бас сұғар үйі болған кісінің бұл байлықтары – есебі 
сұралатын нығметтер», – деген. 


150 
Әбу Килабаның (р.а.) риуаят еткені бойынша, «Шүбәсіз, сол күні (өздеріңе 
берілген) бар нығметтің есебін бересіңдер»
393
деген мағынадағы аят түскенде, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл аятта үмбетімнің арасынан май мен балды 
араластырып жегендер туралы айтылып жатыр», – деген. 
393
 
«Тәкәсур» сүресі, 8. 
Икриманың (р.а.) риуаят еткеніне қарағанда «Жоғарыдағы аят түсірілгенде, 
сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, біздің қолымызда қайсы нығмет бар? Біз арпа нанды 
да тойып жеген емеспіз», – деді. 
Сонда Алла Тағала Пайғамбарына (с.а.с.): «Оларға айт: «Аяқтарыңа аяқкиім 
кимедіңдер ме, салқын су ішпедіңдер ме? Міне, солар да нығмет болып есептеледі», – 
деді. 
Тирмизи және басқа хадис қайнарбұлақтарында «Тәкәсур» сүресі түсіп, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Шүбәсіз, сол күні (өздеріңе берілген) бар нығметтің есебін 
бересіңдер» деген мағынадағы ақырғы аятқа шейін оқығанда сахабалар: «Уа, Алланың 
Елшісі! Біз қайсы нығметтен сұраламыз? Қолымызда екі қара нәрсе – су мен құрма бар. 
Қылыштарымыз мойнымызда және дұшпан жанымызда. Солай бола тұра қайсы 
нығметтен сұраламыз?» – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға: «Міне, содан да 
(сұрақ болады)», – деп жауап берді. 
Әбу Һурайраның (р.а.) риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні 
пендеден алғашқы болып «Біз саған денсаулық бермедік пе, сені салқын суға 
қандырмадық па?» деген сұрақ сұралады», – деген. 
Мүслимнің және басқалардың риуаяты бойынша, Әбу Һурайра (р.а.) айтады: 
«Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні жолда бара жатып Әбу Бәкір (р.а.) мен Омарды (р.а.) 
жолықтырып, олардан «Бұл уақытта үйлеріңнен неге шықтыңдар?» – деп сұрайды. 
Олар: «Уа, Алланың Елшісі, аш болғанымыздан шықтық», – деп жауап береді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға: «Нәпсім құдіретті қолында ұстаған Аллаға ант етейін, 
мен де сол себептен шықтым. Қане, жүріңдер», – дейді. Сөйтіп үшеуі ансарлардан бір 
сахабаның үйіне барса, ол үйінде емес екен. Оның жұбайы Пайғамбарымызды (с.а.с.) 
көріп: «Қош келіпсіз, кіріңіз», – дейді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Пәленше қайда?» – деп үй 
иесін сұрайды. Әйел: «Ішерге су іздеп кетіп еді», – деп жауап береді. Дәл сол сәтте 
әлгі сахаба келіп қалады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен жолдастарын көріп: «Құдайға 
шүкір, бүгін аса қадірлі қонақтар келіпті!» – деп қуанады. Дереу жүгіріп барып бір себет 
құрма көтеріп келеді. Өзі «Бұдан жей тұрыңдар», – деп қолына пышағын алады. Алла 
Елшісі (с.а.с.) оған: «Сан қойыңды соя көрме!» – дейді. Сахаба оларға қой сояды. Олар 
қойдың еті мен құрма жеді. Қарындары тойып, салқын суға шөлі қанғаннан кейін 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Бәкір мен Омарға: «Нәпсім құдіретті қолында ұстаған 
Аллаға ант етейін, қиямет күні бұл нығметтен де сұраққа тартыласыңдар», – 
дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет