Имам ғазали жүректің сырлары


бұйырып, өздеріңді ұмыт қалдырасыңдар ма?! Өздерің Кітапты оқисыңдар, еш



Pdf көрінісі
бет33/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   193
Жүректің сырлары T.a

бұйырып, өздеріңді ұмыт қалдырасыңдар ма?! Өздерің Кітапты оқисыңдар, еш 
ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!»
92
 
92
 
«Бақара» сүресі, 44. 


40 
Яғни «Алла Тағаланың Кітабын оқып тұрып, оның бұйрығын орындамайсыңдар» деп 
айтылуда. Өйткені бұл кісілер басқаларды садақа беруге шақырғанымен, өздері 
бермейді. 
Міне, сол себептен мүминдер басқаларды жақсылыққа шақырып, жамандықтан 
тыюмен бірге өздерін де ұмытпау керек. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: 
«
Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер – бір-біріне шын жанашыр дос. Олар елге 
ізгілікті, жақсылық жасауды бұйырып, жамандық атаулыдан тыяды. Намазды 
кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқиды, зекетті толық береді және Аллаға 
және пайғамбарына әрдайым бағынады. Міне, соларды Алла арнайы түрде 
шексіз мейіріміне бөлейді».
93
 
93
 
«Тәубе» сүресі, 71. 
Мүминдер «басқаларды жақсылыққа шақырғандар» деп сипатталды. Жақсылыққа 
шақырмағандар бұл аятта айтылған кісілерге қосылмай қалады. 
Сондай-ақ Алла Тағала жақсылыққа шақыру міндетін орындамаған халықты 
былайша баяндайды: «Олар қандай да болмасын жаман іс істегенде, одан бір-
бірін тыймайтын еді. Расында, олардың бұл қылығы қандай жаман еді!»
94
 
94
 
«Мәида» сүресі, 79. 
Әбу Дардадан риуаят етілген бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Не 
жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыясыңдар не болмаса Алла Тағала 
бастарыңа өте залым патша алып келеді. Ол үлкендеріңе құрмет көрсетпейді
кішілеріңе рақым қылмайды. Араларыңдағы жақсы кісілердің қылған дұғалары да 
қабыл болмай қалады. Алла Тағаладан жәрдем сұрағанымен жәрдем 
болмайды.Күнәлары кешірілсін деп жалбарады, бірақ кешірілмейді».
95
 
95
 
Тирмизи, 2169. 
Әзірет Айшадан риуаят етілген бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала он 
сегіз мың халықты жазалады. Олардың жасаған істері пайғамбарлардың жасаған 
істеріндей еді», – деп айтады. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, мұны қалай түсінсе 
болады?» – дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олар Алла үшін ашуланған да емес
жақсылыққа шақырып ескерткен де емес», – деп жауап қайтарды. 
Әбу Зәрр әл-Ғифариден (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) 
Алла Елшісінен (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі, мүшріктермен соғысқаннан басқа жиһад 
бар ма?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жер жүзінде Алла Тағаланың 
шейіттерден де жоғары тұрған мұжаһидтері бар.Олар аманшылықта жеп-ішеді 
және жер бетін басып жүреді. Алла Тағала олармен көктегі періштелерге 
мақтанады», – деп жауап берді. Әбу Бәкір (р.а.): «Олар кімдер?» – деп сұрағанда, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олар – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйғандар 
және Алла үшін сүйіп, Алла үшін ашуланғандар. Бұл кісілердің пейіштегі сарайлары 
шейіттердің сарайларынан да биікте тұратынына жаным қолында тұрған Аллаға 
ант ішіп айта аламын!» – деп айтты. 
Алла Тағала Мұсадан (а.с.): «Уа, Мұса, Мен үшін бір іс жасадың ба?» – деп сұрайды. 
Мұса: «Уа, Жаратқан Алла! Сен үшін намаз оқып, ораза ұстадым, садақа бердім, сәжде 
жасадым, Өзіңе шүкіршілік айттым. Кітабыңды оқыдым, Сенің атыңды зікір қылдым», – 
дейді. Сонда ұлы Жаратқан: «Уа, Мұса, намаз саған жол көрсетеді, ораза – сенің 
қалқаның, берген садақаң саған көлеңке болып тұрады, сәждеде айтқан тасбихың – 
пейіштегі ағашың болып өседі. Кітабымды оқығаныңның сыйы – пейіштегі сарайлар 
мен хор қыздар. Менің атымды еске алғаның саған нұр болады. Енді жеке Мен үшін не 
іс жасадың?» Сонда Мұса (а.с.): «Уа, Жаратқан Алла! Жеке Сен үшін орындалатын істі 
көрсет, мен соны жасайын», – деді. Алла Тағала Мұсаға: «Уа, Мұса, Менің разылығым 
үшін біреумен дос болдың ба? Мен үшін біреумен дұшпан болдың ба?» – деді. 


41 
Алланың алдында ең сүйікті іс – Алла үшін сүйіп, Алла үшін жаман көру екенін Мұса 
(а.с.) сонда түсінді. 
Әбу Убайда ибн Жаррах (р.а.) Алла Елшісінен (с.а.с.): «Алланың алдында ең жоғары 
бағаланған шейіт кім?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Залым патшаны 
жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюға әрекет жасап, сол себептенөлтірілген 
пенде»
96
 
деп жауап берді. 
96
 
Мунзири, Тарғиб уә Тархиб, 168. 
Хасан Басриден (рахимаһуллаһу) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
былай деп айтқан: «Үмбетімнің шейіттерінің ең ұлығы – залым басшыға барып, оны 
жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюға әрекет жасап жатып сол залым басшы 
тарапынан өлтірілгені. Ол шейіттің пейіштегі орны Хамза мен Жағфардың ортасында». 
Алла Тағала Юша ибн Нун пайғамбарға (а.с.): «Сенің қауымыңнан алпыс мың жаман 
кісімен бірге қырық мың жақсы кісіні жоқ қыламын» деген уахи жібереді. Юша (а.с.): 
«Уа, Жаратқан Алла, жамандар үшін айтар сөзім жоқ, бірақ жақсыларды қиратуыңның 
себебі не?» – деп сұрайды. Алла Тағала: «Өйткені олар жамандықтарды Мен үшін 
жаман көрмеді және олармен бірге жеп-ішті», – деп жауап қайтарады. 
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) төменгіше риуаят етеді: «Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Өзіміз 
толық орындамайынша жақсылыққа шақырмаймыз ба? Өзіміз толық арылмайынша 
басқаларды жамандықтан тыймаймыз ба?» – деп сұрадық. Ол бізге: «Жоқ, 
жақсылықты толық орындай алмасаңдар да, оған басқаларды шақырыңдар және 
әрқалай 
жамандықтан 
аулақ 
бола 
алмасаңдар 
да, 
басқаларды 
жамандықтантыйыңдар», – деп жауап берді».
97
 
97
 
Табарани, Муғжамул Аусат, 6/365; Муғжамус Сағир, 981. 
Ұлы ғалымдардан бір кісі ұлдарына төменгідей насихат айтты: «Араларыңнан біреу 
жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйғысы келсе, өзін сабырлылыққа дайындасын 
және Алла Тағала беретін сауапқа сенсін. Өйткені Алладан келетін сауапқа сенген кісі 
тартқан қиыншылығының ауырлығын сезбейді». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет