Имам ғазали жүректің сырлары


қатысым жоқ. Өйткені мен әлемдердің Раббысы Алладан қорқамын», – деп ат-



Pdf көрінісі
бет35/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   193
Жүректің сырлары T.a

қатысым жоқ. Өйткені мен әлемдердің Раббысы Алладан қорқамын», – деп ат-
тонын ала қашады»
100

100
 
«Хашыр» сүресі, 16. 
Шайтан бір күні Имам Шафиғиден: «Уа, имам, мені қалағанындай жаратқан және 
қалағанындай пайдаланған, содан соң қаласа, пейішке не тозаққа кіргізетін Алла 
туралы қалай ойлайсың? Оның бұл ісі әділеттілік пе не әділетсіздік пе?» – деп сұрайды. 
Имам Шафиғи ойланып тұрып: «Ей, ақымақ, егер сені сенің қалауың бойынша 
жаратқан болса, саған әділетсіздік болмақ. Егер Өз қалауымен жаратқан болса, 
жасаған ісі үшін жауапкер емес», – деді. Шайтан мынадай жауапты естігеніне қатты 
өкінді. Бірақ бірден өзіне келе қалды да: «Уа, имам, мен бұл сұрақпен жетпіс мың тақуа 
кісінің басын айналдырып, оларды Аллаға құлшылық жасаудан алыстаттым», – дейді. 
Жүрек қамал сияқты. Шайтан – оның ішіне шабуылдап кіріп, бағындырып алуды 
көздеген дұшпан. Қамалды дұшпаннан қорғау үшін оның дарбазаларына, кіреберіс 
жерлеріне күзетші тұру керек. Жүректі шайтанның шабуылынан қорғау уәжіп. Бұл – 
әрбір жауапкер мүминнің міндеті. Шайтаннан сақтану үшін оның қай жақтан шабуыл 
жасайтынын жақсы білу керек. 
Шайтанның қамал сынды жүрекке кіретін жолдары көп. Олардың кейбірі 
төмендегілер: 
1. Қызуқандылық және тәнқұмарлық. Ашулану пендені ақылдан аздырып, хайуанға 
ұқсатады. Ақылы азайған кісіге шайтанның әскерлері шабуыл жасайды. Ашуланған 
кісіні шайтан баланың ойыншығындай ойнатады. 


43 
Бір әулие кісі шайтанға: «Адам баласын қалай жеңгеніңді маған айтшы!» – дейді. 
Сонда шайтан оған: «Кісіні ашуға тұтығып тұрған жерінен жетектеп кетем», – деп жауап 
беріпті. 
2. Көреалмастық және ашкөздік. Пенденің бір нәрсеге көзі түскенде ашкөздігі оны 
соқыр, құлағын керең қылады. Сол сәтте шайтанның көктен іздегені жерден 
табылғандай болады. Көздегені жаман нәрсе болса да, оған жеткізуші барлық жолдар 
пендеге жақсы көрінеді. 
Нұх (а.с.) Алла Тағаланың бұйрығы бойынша, әрбір жандыдан жұп-жұптап алып
кемеге кіргенде бейтаныс бір қарияның кеменің бір бұрышына жасырынғанын байқап 
қалады. Пайғамбар оның кемеге неге мінгенін сұрайды. Қария: «Адамдардың жүрегін 
билеп алу үшін шықтым. Олардың жүрегі менің уысымда болса, сенің жаныңда 
олардың денесі ғана қалады», – деп жауап береді. Мұны естіген Нұх пайғамбар: «Уа, 
Алланың дұшпаны, жоғал бұл жерден! Сен қарғыс атқан шайтансың ба?!» – деп қуып 
тастауға әрекет жасайды. Сонда шайтан Нұх пайғамбарға: «Мен пенделердің бес 
нәрсемен құруына себеп боламын. Қазір солардың үшеуін саған айтып берем, қалған 
екеуін айтпаймын», – дейді. Алла Тағала Нұх пайғамбарға: «Саған сол екеуін айтсын, 
қалған үшеуі маңызды емес», – деп уахи қылады. 
Сонда Нұх (а.с.) шайтанға: «Мақұл онда, кейінгі екеуін айт», – дейді. Шайтан: «Бұл 
екеуінде ешкім мені жалғанға шығара алған емес. Онымен әрдайым мақсатыма жетіп 
келемін. Бұлар – көреалмастық және ашкөздік. Көреалмастықтың себебінен мен өзім 
Алла Тағаланың алдынан қарғысқа қалып қуылғанмын. Ашкөздік туралы айтатын 
болсақ, бір ағаштың жемісінен басқа пейіштегі барлық нәрсе Адамға адал еді. Оны 
қызықтырып отырып, тыйым салынған ағаштың жемісін жеуге көндірдім», – дейді. 
3. Тоқтық: Қарын тоқ кезде, құмарлық күшейеді. Бұл – шайтанның құралы. 
Шайтан бір күні Яхияға (а.с.) көрінеді. Қолында түрлі нәрселерден жасалған жүгендер 
бар еді. Яхия (а.с.): «Қолыңдағы жүгендер не?» – деп сұрағанда, шайтан: «Бұлар – 
пенделерді ұстау үшін әрқалай қалаулар», – дейді. Яхия: «Арасында маған тиесілі 
жүгендер бар ма?» – деп сұрады. «Бір мәрте қарныңды асқа тойдырып алғаныңда сені 
намаз бен зікірден тосып қойғанмын», – деп жауап берді. Сонда Яхия (а.с.): «Бұдан 
кейін қарнымды асқа тойдырмау – менің міндетім», – деді. Сонда Шайтан: «Бұдан кейін 
ешбір мұсылманға насихат айтпауға ант беремін!» – деп айтты. 
4. Киім-кешек, үй және үй әшекейіне қызығу. 
Кімнің жүрегінде үй, үй әшекейлеріне құмарлық бар болса, шайтан оны сол 
әлсіздігінен пайдаланады. Оны үйін әшекейлеп, қабырғаларын және төбесін сәндеп, 
бөлмелерін кеңейтуге шақырады. Қымбат бағалы киімдерге қызықтырады. Мынадай 
жағдайға алданып қалған пенде нәпсісінің жетегінен шыға алмай, ойда жоқ істерді 
жасайды. Ондай пенде бұл қалауынан құтыла алмайды. Себебі оның қалаулары да 
бітпейді. Сол қалауларының артынан жүгіріп жүріп өмірін өткізіп алғанын да білмей 
қалады. Міне, бұл жалғаннан сол күйде өтіп кетуден қорқу керек. Құдай сақтасын!.. 
5. Пенделерден үміт ету. 
Сафуан ибн Салимнен риуаят етілгені бойынша, бір күні Абдулла ибн Ханзалаға 
шайтан көрініп: «Ей, Ханзала! Саған бір нәрсе үйретейін бе?» – дейді. ибн Ханзала 
естігісі келмей қарсы шығады. Бірақ шайтан қоймайды. «Құлақ салып көрші, жарай ма? 
Егер пайдалы болса, қабыл аласың, пайдасыз болса, лақтырып жібер. Нең кетеді?» – 
дейді. Содан соң ол: «Ей, ибн Ханзала, Алладан басқа ешкімнен үміттенбе. 
Ашуланғаныңда қандай жағдайға түсеріңді байқа. Өйткені ашуланғаныңда сені оңай 
тұтқындап, қалағанымды жасатам», – деп айтады. 
6. Сабырсыздану және асығу. 


44 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Асығу – шайтаннан, байсалдылық – Жаратқаннан», – деп 
айтқан. Пенде байсалдылығын жоғалтып, сабырсыздана бастағанда, шайтан 
білдіртпей күнә жолдарын қабылдата бастайды. 
Риуаяттарда Иса пайғамбар (а.с.) туылған күні шайтандар жиналып Ібіліске келіп: 
«Осы түні пұттар шалқасынан құлады», – деп хабар берді. 
Ібіліс мұны естісімен: «Тараңдар! Бұл үлкен жаңалық!» – деп, дереу жер жүзін 
айналып шықты. Бірақ жаңа еш нәрсе таба алған жоқ. Бір кезде ол Иса пайғамбардың 
туылғанын және періштелер оны зиярат қылып жатқанын көрді. Нәтижеде ол өз 
жайына қайтып келіп: 
– Кеше түнде бір пайғамбар туылыпты. Негізі, мен туылған нәрестелердің бәрін 
білемін. Бірақ бұл баладан хабарым болған емес, – деді. 
Иса (а.с.) туылғанда, Ібіліс кісілерді пұтқа сиындырудан үмітін үзген шайтандарға 
қарап: 
– Бұдан кейін адамзатты жеңіл ойлылық және сабырсыздық жағынан ұстаймын! – 
деді. 
7. Ақшаның, мал-мүліктің артына түсу. 
Тамақ-ас пен басқа мұқтаждықтардан артық мал-мүлік – шайтанның жайы. 
Сабит әл-Бунани былай дейді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) пайғамбарлық келгенде
шайтан өз әскерлеріне: 
– Бүгін бір нәрсе болды. Барып не болғанын анықтап келіңдер!» – деп бұйырды. 
Шайтанның жәрдемшілері барлық жерді шарлап, еш нәрсе таба алмай келді. Сонда 
Ібіліс: 
– Мен қазір біліп келемін, – деп көзден ғайып болады. Бірнеше уақыттан кейін келіп 
серіктеріне: 
– Алла Мұхаммедті пайғамбар қылыпты, – деді. Сонда өз әскерлерін сахабалармен 
шұғылдануға жіберді. Бірақ ешбірінде олардың жолы болмай, үмітсіз қайтып жатты. 
– Өмірімізде бір мәрте де мынадай жаман жағдайда қалған емес едік. Олардың 
жанына барсақ, намаз оқып жатқан болады. Жасаған әрекетіміздің бәрі текке кетті, – 
деп жатты олар. Мұны естіген Ібіліс: 
– Оларды бірнеше уақытқа шейін өз жайына қалдырыңдар. Алла Тағала оларға 
дүние есіктерін ашып қалса, олардан қалағанымызды аламыз, – деді. 
Иса (а.с.) бір күні тас жастанып жатқанда, оған шайтан келіп: 
– Иса, бұл дүниеге разы секілдісің ғой? – деп айтады. Иса (а.с.) ол тасты шайтанға 
лақтырып: 
– Бұл дүниемен бірге сол тас та сенікі болсын, – деді. 
8. Сараңдық және жарлы болып қалудан қорқу. Бұл да адам баласын садақа беруден 
тыйып, дүние жинауға итермелейтін мінез. 
9. Өз айтқанын бермеген қырсықтық, басқаларға кек сақтау. Дұрыс болмаса да өз 
пікірінен қайтпау, біреуге кек сақтау, басқаларға мән бермей әрекет ету. Бұл мінез 
қоғамдағы жақсыларды да, жамандарды да құрдымға ұшыратады. 
Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи) мынадай хикая айтып кеткен: «Естуімізше, 
шайтан: «Мұхаммедтің үмбетін азғырып, күнәларға итермеледім. Бірақ олар Алла 
Тағаладан кешірім тілеп, күнәлары кешіріліп, мені қайғыға салды. Әйткенімен мен 
оларды басқа күнәларға ұрындырамын және олар ол күнәлары үшін Алладан кешірім 
сұрамайды. Бұл – құр қиял мен қалаулардың артынан түсу», – деп айтқан. 
Қарғыс атқыр шайтан расын айтты. Өйткені мұндай кісілер ерегесіп жүріп адасып, 
күнәларға батқанын білмегендіктен тәубе де жасамайды. 
10. Мұсылмандар туралы жаман ойда болу. 


45 
Жаман кісілерді айыптаудан да аулақ болу керек. Елдің бәрінің қателігін көріп, 
басқалар туралы жаман мағлұматтарды жайған кісіні көрсең, демек, оның ісі бұзық, 
арам ойы сыртына шығып жатыр. Сондықтан пенде басқалар туралы жаман ойдан 
алыс болуымен шайтанның шабуылдарынан сақтануға тиіс. 
Ибн Исхақ (рахимаһуллаһу) былай дейді: «Сахабалардың қасиетті Мәдинаға һижрат 
жасағанын және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жаңа достарды (ансарларды) тапқанын 
естіген Құрайыш мүшріктері оның күшінен қорқа бастады. Себебі оның мүшріктермен 
соғысу үшін қол жиып жатқанынан хабар алған еді. Нәтижеде мүшріктер әрдайым 
жиналыс өткізу үшін Дарун-Надуаға жиналысты. Рудың барлық істері сол жерде 
талқыланып, шешім шығарылғаны үшін сондай ат қойылған. Құрайыш руы барлық 
мәселелерін сол жерде шешті. Олар Әбу Жаһилдің басшылығымен сенбі күні 
жиналды. Міне, сондықтан сенбі «тұзақ құру» күні деп аталған. 
Нажидтік қарияның кейпін киген Ібіліс те осы жиынға қатысты. Ол әдемі жібек шапан 
киіп, бай-манаптың бейнесінде есіктен кіріп келгенде, мүшріктер: «Бұл кім?» – деп бір-
бірінен сұрасты. Шайтан оларға: «Нажид аймағынан келдім. Жиында не сөз болатынын 
білгім келді. Бәлкім, кейбір мәселелерде сендерге өсиет етемін», – деді. Құрайыштар 
оған рұқсат берді де, жиынды бастады. Мүшріктер Пайғамбарымызды (с.а.с.) не қылу 
керек деп қызу таласқа түсті. Олар жалпы жүз кісі болды. Кейбір риуаяттарда 15 кісі 
деп те айтылады. 
Әбу Бухтари (ол Бәдір соғысында кәпірлердің қатарында өлген): «Оны шынжырға 
матап тұрып қамап тастайық. Бұрынғы және кейінгі ақын, сиқыршылар душар болған 
жазаға ол да душар болсын, – деді. 
Нажидтік қария бейнесіндегі шайтан: 
– Жоқ, болмайды. Сендер оны шынжырға матап қамаймыз десеңдер, әлі есік 
жабылмай жатып оның кісілері қаптап келіп қолдарыңнан құтқарып кетеді. Содан соң 
күш жинап алып сендерді құртады. Сондықтан бұл ой дұрыс емес, басқа шарасын 
табыңдар, – деп оған қарсы болды. 
Құрайыштың басшыларының бірі Әбул Асад әл-Амири: 
– Оны бұл жерден қуып жіберейік. Қайда барса сонда барсын. Кейін мүлдем қарамай 
қоямыз, – деді. 
Қария бейнесіндегі шайтан оған да қарсы болды. 
– Ол қайтіп болсын?! Құдайға ант етейін, егер оны қуып жіберсеңдер, сырттағы бір 
руға барып, оларды да алдап, сендерге қарсы қоюы мүмкін. Ол тіпті қол жиып келіп 
сендерді бағындырып алады да, қалағанындай басқарады. Одан гөрі басқа бір пікір 
айтыңдар, – деді ол. 
Сонда Әбу Жаһил алға шығып: 
– Менде бір ой бар. Қазір тыңдап тұрсам, біреуің де менің ойыма жақын пікір айтқан 
жоқсыңдар. Ойым мынадай. Әрбір рудан алмас қылышты бір-бірден ер жүрек, батыл 
жігіт таңдалсын. Міне, сол жігіттермен барып Мұхаммедті өлтірейік. Оның жанына 
барғанда барлығымыз бірдей қылыш сілтейміз. Одан сөйтіп қана құтылсақ болады. 
Сонда ғана Мұхаммедтің руластары кейін кімнен өш аларын білмей қалады. 
Қария бейнесіндегі шайтанға Әбу Жаһилдің пікірі өте ұнады. Сөйтіп жиын 
Мұхаммедті (с.а.с.) өлтіру шешімімен аяқталды. 
Бірақ бұл уақытта Жәбірейіл (а.с.) Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: 
– Бүгін түнде бұрын жатып жүрген орныңа жатпа, – деп кетті. 
Қас қарайғанда құрайыш кәпірлерінен жиналған таңдаулы жігіттер Алла Елшісінің 
(с.а.с.) үйін білдіртпей қоршауға алып, ұйықтауын күтіп тұрды. Олардың мақсаты 
Пайғамбарымызды ұйқыда жатқанда басып кіріп, төсектен тұрғызбай қылыштап тастау 
еді. 


46 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) болса Жәбірейілдің бұйрығымен әзірет Алиге (р.а.) өзінің 
жасыл шекпенін жамылып орнына жатқызып қойды. Сөйтіп әзірет Али (р.а.) өз жанын 
құрбандыққа шалып, Алла Елшісін (с.а.с.) қорғаған алғашқы мұсылман болды. 
Түн болғанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйінен шығып, мүшріктердің алдынан өтіп кетті. 
Алла Тағала олардың көзін қараңғылап тастағандықтан, ешбірі оны көрген жоқ. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Иәсин» сүресінен: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет