терілері мен еріндері құрысып, тістері ақсиып қалады»
325
деген мағынадағы аяты
туралы: «Тозақтың жалыны тозақыларды бір мәрте жалағанда сүйектерді
жалаңаштап, барлық етін ерітіп, аяқ астына ағызады», – деп айтқан.
325
«Муминун» сүресі, 104.
Енді тозақылардың денесінен аққан және тозақыларды көміп қалатын «Ғассақ» атты
қан-іріңнің иісін еске ал. Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) риуаяты бойынша,
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақтың ғассақ атты іріңінен бұл дүниеге бір шелек төгілсе, жер бетіндегі барлық жандыларды сасытып жібереді»
326
деген.
326
Ахмад ибн Ханбал.
Тозақылардың сусыны міне сол ірің. Олар қаны қатып, шөлдеп, «су, су!» деп
жалбарынғанда арасынан біреуіне сол қан аралас ірің ұсынылады. Ол іріңді
ұрттағанымен жұта алмайды. Әр тараптан жан алатындай қорқыныштар болып
тұрғанымен өлуге мүмкіндік болмайды.
Алла Тағала былай дейді: «Ей, хақ жолдан адасып, (ақиретті) жоққа шығарғандар, содан кейін мына сендер міндетті түрде Заққум ағашының жемісінен жейтін боласыңдар. Жеп-жеп, қарындарыңды сонымен лықа толтырасыңдар. Оның үстіне қайнаған су ішесіңдер. Құдды әбден шөлдеп келіп суға бас қойған түйелерше сіміресіңдер»
327
.
327
«Уақиға» сүресі, 51-55.
«
Ол – жалындаған жаһаннамның шыңырау түбінде өсетін ағаш. Жемістері құдды шайтандардың бастары сияқты. Тозақылар сол ағаштың жемісін өлгенше жеп, қарындарын лықа толтырып (қампайтып) алады. Содан кейін оларға заққұмның артынан ішетін бұрқ-сарқ қайнаған сусын беріледі. Содан соң олардың қайтар жері, шүбәсіз, жалындаған жаһаннам болмақ»
328
.
328
«Саффат» сүресі, 64-68.
«
Олар қызуы қатты жалынды отқа тасталып шыжғырылады. Оларға тек бұрқ-