Имам ғазали жүректің сырлары


терілері мен еріндері құрысып, тістері ақсиып қалады



Pdf көрінісі
бет94/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   193
Жүректің сырлары T.a

терілері мен еріндері құрысып, тістері ақсиып қалады»
325
 
деген мағынадағы аяты 
туралы: «Тозақтың жалыны тозақыларды бір мәрте жалағанда сүйектерді 
жалаңаштап, барлық етін ерітіп, аяқ астына ағызады», – деп айтқан. 
325
 
«Муминун» сүресі, 104. 
Енді тозақылардың денесінен аққан және тозақыларды көміп қалатын «Ғассақ» атты 
қан-іріңнің иісін еске ал. Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) риуаяты бойынша
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақтың ғассақ атты іріңінен бұл дүниеге бір шелек 
төгілсе, жер бетіндегі барлық жандыларды сасытып жібереді»
326
 
деген. 
326
 
Ахмад ибн Ханбал. 
Тозақылардың сусыны міне сол ірің. Олар қаны қатып, шөлдеп, «су, су!» деп 
жалбарынғанда арасынан біреуіне сол қан аралас ірің ұсынылады. Ол іріңді 
ұрттағанымен жұта алмайды. Әр тараптан жан алатындай қорқыныштар болып 
тұрғанымен өлуге мүмкіндік болмайды. 
Алла Тағала былай дейді: «Ей, хақ жолдан адасып, (ақиретті) жоққа 
шығарғандар, содан кейін мына сендер міндетті түрде Заққум ағашының 
жемісінен жейтін боласыңдар. Жеп-жеп, қарындарыңды сонымен лықа 
толтырасыңдар. Оның үстіне қайнаған су ішесіңдер. Құдды әбден шөлдеп келіп 
суға бас қойған түйелерше сіміресіңдер»
327

327
 
«Уақиға» сүресі, 51-55. 
«
Ол – жалындаған жаһаннамның шыңырау түбінде өсетін ағаш. Жемістері 
құдды шайтандардың бастары сияқты. Тозақылар сол ағаштың жемісін өлгенше 
жеп, қарындарын лықа толтырып (қампайтып) алады. Содан кейін оларға 
заққұмның артынан ішетін бұрқ-сарқ қайнаған сусын беріледі. Содан соң 
олардың қайтар жері, шүбәсіз, жалындаған жаһаннам болмақ»
328

328
 
«Саффат» сүресі, 64-68. 
«
Олар қызуы қатты жалынды отқа тасталып шыжғырылады. Оларға тек бұрқ-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет