7. Практикалық (семинарлық) сабақтар ҚАРАСТЫРЫЛМАҒАН
8. Зертханалық сабақтар мазмұны
Тақырып 1. Өсімдік клеткасының физиологиясы. Осмометр даярлау
Өсімдік клеткаларындағы осмостық процестерді түсіну үшін қарапайым осмометр дайындап, ондағы құбылысты бақылау.
Целлофоннан осмометр дайындау үшін бірі үлкен, екінші кіші 2 резеңке тығын алып, оның үлкенінің ортасын кіші тығын тығындалатындай етіп тығын бұрғысымен теседі. Ал кіші тығын да тығын бұрғысымен тесіліп, ол тесікке шыны түтік сұғылады. Үлкен тығынға целлофан қапшық байлап, ішіне ауа үрлейді. Содан кейін тесік арқылы ішіне концентрлі қант немесе хлорлы натрий (NaCl) ерітіндісін толтыра құйып, шыны түтігі бар тығынымен тығындаймыз. Сонда шыны түтікпен ерітінді көтеріледі.
Ерітіндінің келген жерін белгілеп, шыны түтікті штативке бекітіп стакандағы суға батырады. 20-30 минут өткеннен кейін ерітінді деңгейінің өзгергеніне көз жеткізіп, қорытынды жасалады.
Тақырып 2. Клеткадағы осмос құбылысы. Плазмолиз және деплазмолиз
Бұл жұмысты орындау үшін клетка шырынында антоцианы бар пияздан скальпельмен өте жұқа кесінді алып, оны шынының үстіне салып, үстіне бір тамшы су тамызып жабын шынысымен жауып микроскоппен бақылау. Көріністі дәптерге салып болғаннан кейін, препаратты микроскаптан алмай жабын шынының бір жақ шетіне 1М азотқышқыл калий (KNO3) ерітіндісін тамызып, жабын шынысының екінші жағынан сорғыш қағазымен суын сорғызамыз. Осылайша 1М азотқышқыл ерітіндісімен толық алмастырамыз. Енді микроскоппен бақылағанда клетка цитоплазмасы клетка қабықшасынан қашықтай бастағанын көреміз. Клетка цитоплазмасының судан айырылып, клетка қабықшасынан алшақтауын плазмолиз дейді. Плазмолизденіп тұрған препараттың азот қышқыл калий ерітіндісін жоғарғыдағыдай сумен алмастырсақ, цитоплазма тез су қабылдап, клетка қабықшасымен жанасқан қалпына келеді, бұны деплазмолиз. Клетканың плазмолизденіп тұрғанын дәптерге түсіру керек.
Тақырып 3. Плазмолиз түрлері
Жұмысты орындау үшін қызыл пияздан алынған жұқа эпидермисті заттық шынының үстіне төсеп, оның үстіне азот қышқыл (КNO3) тұзы ерітіндісінің бір тамшысын тамызып, үстін жабын шынысымен жабады.
Дайындалған препаратты микроскоппен бақылайды. Алғашқы бақылау кезінде протопластың клетка қабықшасының әр жерінен қашықтағаны көрінеді. Протопластың клетка қабықшасымен, плазмодесмос жіпшелерімен байланыспаған жерлері, клетка суының экзоосмостануынан ішке ойыс бере плазмолистенеді де ойыс плазмолиз. Бақылау уақыты, яғни 15 – 20 минут өткеннен кейін клетка протопласты клетка қабықшасынан кейбір жерінен толық ажырап, плазмолизденеді. Мұндай плазмолиз – дөңес плазмолиз деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |