Имени с. Аманжолова


Тақырып 7. Өсімдік клеткаларының су потенциалын ағыс (Шардаков) әдісі арқылы анықтау



бет8/15
Дата24.01.2024
өлшемі84.78 Kb.
#489721
түріПрограмма дисциплины
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
432193339238 Силлабус Өсімдіктердің физиологиясы мен биохимиясы 1

Тақырып 7. Өсімдік клеткаларының су потенциалын ағыс (Шардаков) әдісі арқылы анықтау.
1 молярлы ерітіндіден 8 пробирка алып, оның әрқайсысына 10 мл-денмынадай концентрациялы 1,0; 0,8; 0,6; 0,5; 0,4; 0,3; 0,2; 0,1; молярлі ерітінділер даярланады.
Даярланған пробиркалардың ішіндегі ерітінділер мұқият араластырылып, ол пробиркалардың тұстарына қойылған 8 кәрлен тигельдердің әрқайсысына өз тұсында тұрған пробиркадан 1 мл ерітінділер өлшеп құйылады. Тигельдердегі ерітінділерге тығын бұрғысымен тесіп алынған, көлемң бірдей болатындай үш- үштен жапырақ кесінділері салынады. Жапырақ кесінділері тигельдердегі ерітіндіде батып тұруы тиіс. 20 минут өткеннен кейін әр тигельге скальпель ұшымен 3 – 4 метилен кристалын салып араластырады.
Тақырып 8. Ертінді концентрациясының өсімдік тұқымының өсіуіне әсері
4 Петри табақшаларын алып, оның әрқайсысына 50г құм өлшеп салып, табақшаларды таңбалап, 1 табақшадағы құм үстіне 10мл 1М, екіншісіне-10мл 0,1М,үшіншісіне-10мл 0,01М ас тұзының ертіндісін, төртіншісіне-10 мл су құйылады. Осындай даярланған ылғалды құм үстіне 20 данадан іріктеп алынған бидай немесе басқа астық тұқымдас өсімдіктің тұқымдарын салып, Петри табақшасының ылғалдылығын сақтау үшін өз ертінділері пайдалынылады. Бір аптадан соң өскіннің және тамырдың ұзындықтары миллиметрлік қағаз арқылы өлшеніп, бір өсімдікке арифметикалық орташа саны шығарылады. Бір өскінде бірнеше тамыры болған жағдайда ең ұзыны ғана өлшенеді.
Тақырып 9. Гутация құбылысы
Бұл жұмысты орындау үшін тәрелкедегі сорғыш қағаздың үстінде өсірілген 5-6 күндік астық тұқымдас өсімдіктің өскіндері. Өскіндердің үстін түбінде кішкене тесігі бар химиялық стақанмен төңкеріп жабады. Бұл кезде ауа атмосферасына, өскіннен су транспирацияланып, стақан астындағы ауа буымен қанығады. Ал тамыр жүйесі суды қабылдауын, жоғарғы мүшелеріне көтеруін тоқтатпайды. Осыған байланысты өскіннің жапырақ ұштарында су тамшылар түзіледі. Ол су тамшылары гутация сөлі деп аталады. Стақан түбіндегі кішкене тесіктен ұшында сорғыш қағазы бар сыммен тамшыларды-гутация сөлін сорғызып алып, қайтадан тамшылардың түзілу мерзімін анықтайды. Осылайша қайтадан су тамшыларын сорғыш қағазбен сорғызып, тамшының түзілу мерзімін 3-4 рет анықтап, оның орташа түзілу мерзімі шығарылады да, жазып алынады. Енді астық тұқымдас өскіні бар тарелка түбін жылылығы 35-37С сумен жанастырып, гутация жылдамдығын 3-4 рет анықтап, оның да орта мәнін табады. Міне осыдан кейін стақанның түбін тоңазытқыштан алған мұзбен салқындатып, мұнда да гутацияның орташа мәні табылады да жазып алынады. Енді стақанның тесігі арқылы хлороформ сіңірілген мақта қойып бақыланады. Үш түрлі сыртқы орта жағдайларының әсеріне қорытынды жасалынады. Ең соңында ыдыстағы тамыр төңірегіндегі су ас тұзының 10% ертіндісімен алмастырып, гутация сөлінің шығу жылдамдығы табылады. Алған мағлұматтарға байланысты: температура, хлороформ және ас тұзы гутацияға қалай әсер еткеніне қортынды жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет