Тақырып 4. Клетка шырынының потенциалды осмостық қысымын плазмолиз әдісі арқылы анықтау
Жұмыстың барысы: клетка шырынында антоциан пигменті бар өсімдік мүшесінен жұқа етіп (2-3 клетка қалындығындай) 20 кесіндіні дайындау керек. Бұл жұмысқа қызыл пияздың сыртқы эпидермисі, қызыл капуста жапырақтарын қолдану ыңғайлы келеді.
Кескінділерді даярласымен кіші ыдыстағы қайнатып суытылған суға салып отыру керек. Енді жұмысқа қажетті ерітінділерді әзірлеп алу керек. 1М ас тұзын даярлау үшін 1 литр суда 58.5 г ас тұзын, ал 1 М сахарозаны даярлау үшін 1 литр суда 342 г сахарозаны еріту керек.
Тақырып 5. Тірі және өлі клетка цитоплазмасының клетка шырынын өткізуі.
Асхана қызылшасын қабағынан аршып, оны тығын бұрғысымен ұзындығын 0.5 см етіп тесіп, ал диаметрі тығын бұрғысының диаметріндей бірдей 5 кесінді даярланады. Бұл кесінділер қолға бояуы жұқпайтындай болғанға дейін су астында жуылады.
Екінші пробиркадағы кесіндіні салқын суға салып спиртовкада 3 минут қайнатып, ол суды төгіпп қайта салқын сумен алмастырады. Пробиркалардағы ерітінділерде кесінділер бір сағаттай тұрғаннан соң әрбір пробирканың аузын жауып қатты сілкіп араластырады. Пробиркалардағы ерітінділердің түсі өзгереді. Ерітіндідегі қызыл антоцион бояуы көп болса, клетка цитоплазмалық жарғақтардың өткізгіштік қасиетін қалай өзгертетіні анықталады. Пробиркадағы кесінділер алынып,олардан жеке препараттар даярлап, микроскоппен тексеріледі. Ол үшін заттық шынының үстіндегі жұқа кесіндіге бір тамшы азот қышқыл калий (KNO3) 1М ерітінндісі тамызылып бақыланады. Егер клетка плазмолизденсе клетканың тірі қалғаны, ал плазмолизденбесе клетка тіршілігінің жойылғандығы. Жоғары температураның, наркотиттердің және улы әсер ететін қосылыстардың әсеріне қарай клетка өткізгіштігіне қорытынды жасаңыздар.
Тақырып 6. Өсімдік клеткасының су потенциалын (Лилиенштерн бойынша) анықтау
Таблицада көрсетілгендей алынған бес пробиркаларға 10 миллиметрден концентрациясы 0.4; 0.3; 0.2;0.1М ерітінділер даярлап құйылады,Ал бесінші пробиркаға 10 мл жай су құйып даярланады.
Картоптың немесе басқа алынған өімдіктің тамыр жемісінен ұзындығы 3 немесе 4 см, қалындығы 4 мм келетіндей етіп, 10 кесенді даярланады.Ол кесінділер милиметрлік сызғышпен өлшеп болғаннан кейін жоғарыда аталған бес пробиркадағы ерітінділерге екі – екіден салынады. 20-30 минут өткеннен кейін кесінділер робиркадағы ерітінділерден алынып.
Клетканың су потенциалын есептеу жолы 7- жұмыстағыдай бірден өзгермеген концентрацияны алады. Бірақ ол есептеуден айырмашылығы осмостық потенциал емес клетканың су потенциалы атмосфера мәніменен шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |