Атасының аты кім болар,
Апасының аты кім болар,
Сұрап келгін, жеңеше-ау,
Қандай заман күн болар.
Мен бүгін бір түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім
Бұл қатарға төмендегі жұрнақтарды қосады: -қыла (-кіле, -ғыла, -гіле); -мала (-меле, -бала, -беле, -пала, -пеле); -ғышта (-қышта, -кіште, -гіште); -ыңқыра (-іңкіре, -ңқыра, -ңкіре); -ымсыра( -імсіре, -мсыра)
Үйдегі Құртқам біледі.
Жан серік атым қолында,
Алты жыл болды баққалы,
Түндікпенен күн беріп,
Түтікпенен су беріп,
Бағымды бастан алмасын,
Алды-артымды шалмасын,
Қияметтік жолдасым («Қобыланды батыр»)
Ал аналитикалық форманттардың көптігін айта келіп, мына форманттарға тоқталған: -п таста, -п жібер, -а қой, -а кет, -а қал, -п ал, -п бер, -п отыр, -а түс, -ған бол, -ғалы отыр, -ғалы жатыр, -п кеп жібер, -п кеп қал, т.б. Аналитикалық форманттарды тарихи тұрғыдан шығу нұсқасын үшке бөлген: 1. Көсемшенің –ып (-іп, -п) және –а (-е, -й) жұрнақтары мен толымды көмекші етістіктерден құралатын форманттар;
Жолын тосып жүр екен.
Төлеген тап сол күні келмесе,
Азықтары таусылып,
Қайтып бір кетер күні екен.
Құланнан атты қодықты,
Көлден тартты борықты,
Арада неше қоныпты. (Қыз Жібек жырынан)
Төбеге шықса, белім деп,
Ойға түссе, тыным деп,
Қартайған әкем Базарбай,
Алдыңнан шығып, жануар,
«Қарағым менің Төлеген,
Көрдің бе?»десе, не дейсің?
3. Есімше, көсемше (кейбір түрінің), рай жұрнақтары мен толымсыз еді, екен көмекші етістіктерінен жасалатын форманттар.
Сансызбай болса жас еді,
Жүреміз кімге алданып?»
Төлеген сонда сөйлейді:
«Қой, шеше-еке-ау, жылама,
Жылағаның бола ма?
Бекер босқа шеше-еке-ау,
Көзіңнің жасын бұлама!
Осы Шекті деген ел алты тайпа болады екен, һәммасының ханы Сырлыбай деген болады екен, ол Сырлыбайдың алты ұлы бар екен, ең кенжесі жалғыз қызы Жібек сұлу деген екен және Сырлыбайдың Қаршыға хабаршы деген ақын уәзірі бар екен. Қаршығаның ақылы зерек, өзі адал екен, ханның тоғыз мың жылқысы бар екен, (Қаршығаны) сол жылқының басына қойып, отарға жіберген екен. Отарда жатып Қаршыға Төлегеннің хабарын есітіп, мен Төлегенді көрейін деп ойлады («Қыз Жібек» жыры).
Ғалым амалдың белгілі бір мерзімге, тұсқа қатысты болатындығын, яғни амал белгілі бір тұста басталып, белгілі бір мезетте жүріп, белгілі бір кезде аяқталатындығын айтып, мұны «қимылдың фазасы» деп атаған. Қимылдың фазасын үш кезеңге бөледі:
1. Қимылдың басталуы;
2. Жүріп жатуы;
3. Аяқталуы. Амал-қимылдың өту процесінің басталу кезеңін білдіруге –- а баста (айта бастады), - а жөнел (шаба жөнелді), - п сала бер (күлімдеп сала берді), - п қоя бер (жылап қоя берді) сияқты форманттарын қатыстырса, амал-қимылдың өту процесінің жасалу үстінде екенін, жасалып жатқан кезеңін білдіруге - а жат (бара жатыр), - п бар (кетіп барады), - п кел (өсіп келеді), - п келе жат (кіріп келе жатыр) сияқты фоманттарды жатқызады. Ал амал-қимылдың өту процесінің аяқталу кезеңін жасауға біт, бол, кеш, қал, шық сияқты толымды көмекші етістіктердің көсемшенің - п жұрнағымен бірлікте айтылған - п біт (жазып бітті), - п бол (айтып болды), - п кет (пісіп кетті), - п қал (күйіп қалды), - п шық (санап шықты) сияқты аналитикалық форманттарды қатыстырады.
«Дүниенің кеңдік, тарлығы
Басыма менің түсіп тұр
Ғашықтықтың зарлығы.
Сеніменен бірге өлсем,
Анамның айтқан өсиеті
Болады кәміл барлығы.
Қазақ тілі білімінде қимылдың өту сипаты категориясына жеке анықтама беріп, оны сыпат категориясы деп атап, оның өту кезеңдеріне жекелей тоқталған келесі біл ғалым – Ы. Маманов. Ы.Мамановтың сыпат категориясына байланысты ойларын сарапқа салғанымызда, ғалым, ең алдымен, сөз мағынасына емес, сөз формасына баса назар аударғанын байқаймыз. Мұны ғалымның мына пікірінен көруге болады: «Қалып етістіктерінде шақтық форма жоқ, тек шақтық мағына бар». Ғалым қалып етістіктерінің бойындағы шақтық мағына оларға телулі шақтық мағына емес, олардың бойында шақтық мағынадан басқа да (айталық, қимыл-күйді білдіру – етістіктік мағына; қимылдың өту сипатын білдіру – аспектуалдылық мағына т.б.) мағыналар бар. Ғалымның бұл пікірін басқа ғалымдар еңбектерінде айтылмаған ерекше жаңалығы деп атауға болады.
Ғалым бір контекстегі етістік формаларының белгілі бір дәрежедегі мағыналық айырмашылығын және іс-әрекеттің аяқталғандығын, созылыңқылық сипатын көрсетпек болған. Бұлардан басқа да ал, бер, көр, қал, сал, кет, түс, шық, тұр, таста, жазда, ұқса, бол, кел көмекші етістіктерінің амал-әрекетке байланысты түрлі сипатын мысалдармен дәлелдеп көрсетеді. Ал қимылдың өтуінің 6 фазасы (кезеңі) бар деп есептейді.
«1 фазу – готовности к совершению действия;
2 фазу – приспособления к совершению действия;
3 фазу – начала действия;
4 фазу – совершения (протекания) действия;
5 фазу – перед завершением действия;
6фазу– завершения действия» және іс-әрекеттің басталуы, ортасы, аяқталуы болатындығын айтып, олардың жасалуына өзге етістіктермен қатар төрт қалып етістігі де қатысатынын айтады [11;239].
Ы.Маманов қимылдың ағымы процесс түрінде өтетіндігін білдіретін етістік формасын созылыңқы сыпатқа жатқызып, созылыңқы сыпаттың көсемше формаларының отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы жасалады деп көрсетеді. Көсемше формадағы етістіктер негізгі сөздік мағынаға ие болып, көмекші етістіктер негізгі қимылдың созылыңқы процесс түрінде өтетіндігін білдіретін грамматикалық морфема деп санайды. Осы пікірін былайша дәлелдейді: «Қазақ тілі оқулықтарында жазып жатырмын, оқып отырсың, сөйлеп тұрмыз, қарап жүрсіз тіркестері осы шақтың бір формасы (нақ осы шақ) деп қаралып, оның құрамындағы отыр, жүр, жатыр, тұр көмекші етістіктері нақ осы шақ мағынасын білдіретін грамматикалық көрсеткіш деп түсініледі. Бұл форма нақ осы шақ формасын білдіретіні рас, бірақ мұнда нақ осы шақты білдіріп тұрған арнайы грамматикалық көрсеткіш жоқ. Мұнда көмекші етістік қызметіндегі қалып етістіктері грамматикалық сыпат көрсеткіші қызметін атқарып тұр» [11;65].
Ы.Маманов негізгі етістіктер сапаның, құбылыстың өзгеру процесін білдірсе, күрделі көмекші етістіктер қимылдың даму, күшею процесін білдіреді деп санайды, оған мынадай мысалдар келтіреді: «От жанып бара жатыр (барады). От жанып келе жатыр (келеді). Шөп қурап барады. Егін қурап келеді. Мұнда «бар» көмекші етістігі процестің қарқынмен, тез күшейе түсуін аңғартады да, «кел» көмекші етістігі процестің жаңа басталу кезеңін, жай дамуын білдіреді»[11;66].
Ғалым қимылдың өту процесін екі кезеңге ғана, яғни созылыңқы сыпат (процестің жүріп жатуы) және аяқталған сыпат (процестің бітуі) деп бөледі. Ал процестің басталуына мысал келтіргенмен (Егін қурап келеді) және процестің жаңа басталу кезеңі деп атап айтқанмен де, қимылдың өту сипатындағы алғашқы кезеңге қоспайды. Дегенмен де, ғалым процестің басталу кезеңі туралы пікір білдірген.
Профессор М.Оразов қимылдың өту сипаты категориясына қатысты ойларын кең түрде «Етістік» деген атпен жарық көрген еңбегінде баяндайды. М.Оразов амалдың (қимылдың) өту фазасын 4 түрге бөліп қарайды, ал қимылдың тәсілдерін 17 топқа бөледі [12;67].
Қимылдың өту сипаты категориясының жекелеген мәселелері зерттеліп келеді. Осы ретте профессор З.К.Ахметжанова қимылдың өту сипаты категориясын екі тілде салыстырмалы түрде қарастырғандығын айта кетуге болады [13].
Қазақ тіл білімінде қимылдың өту сипатының етістіктің өз алдына дербес грамматикалық категориясы екенін дәлелдеп, ғылыми-теориялық негізін көрсетіп берген – профессор Н.Оралбаева.
Профессор Н.Оралбаева қимылдың өту сипаты категориясына былай деп анықтама береді: «Өмірде қимыл түрлі тәсілмен жасалады, тілде қимылдың түрліше жасалуы түрлі тәсілдер арқылы білдіріледі. Мысалы, Жалт қарап еді, есінен тана жаздады (Б.А.). Дегенмен, Нүрке шыдап бақты (Ғ.Е.). Хадиша бұл сезімді мақұл көріп, жабыса кетті (З.Ш.). Мен де шықшыттан періп кеп жібердім (С.Е.). Маржанның ойлы бейнесі көз алдына қайта-қайта келе берді (Ж.Ж.). Онда, - деді Шұға, - жобала да, бірдеңе бере сал (С.М.).
Осы мысалдардағы етістіктердегі қимылдардың жасалуы біріне-бірі ұқсамайды, әрқайсысы әртүрлі жасалған. Мәселен, есінен тана жаздады дегенде қимылдың жасалуға жақындап барып жасалмай қалғандығын білдіреді. Шыдап бақты дегенде қимылды жасауға бар ынтасын салғанын, өте тырысқанын білдірген. Жабыса кетті дегенде қимылдың оңай, тез жасалғаны білдірілген. Періп кеп жібердім дегенде қимылдың күшпен тез жасалғаны білдірілген. Келе береді дегенде қимылдың қайталануы білдірілсе, бере сал дегенде қимылдың немқұрайды жасалуын білдірген.
Қимылдың жасалуындағы осындай алуан түрлі ерекшеліктерді дәлме-дәл көрсететін қазақ тілінің грамматикалық құрылысындағы арнайы категория қимылдың өту сипаты категориясы деп аталады» [14;256-257].
Одан әрі ғалым «оның қалыптасқан көрсеткіштер бар» екендігін, сонымен қатар «көп мағыналы категория» екендігін айтып, бұл категорияның жасалу тәсілдері мен берілу жолдарына нақты тоқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |