Дәріс 9 Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық бақылауының ғылыми ұйымдастырылуының негіздері
Туғаннан бастап 1 жасқа дейін – ересектермен тікелей эмоциялық қатынас жасауға, заттармен және танымдық-зерттеушілік әрекет жасауға итермелеуге, музыканы, балалар әні мен өлеңдерін, белсенді әрекет және айлалы-қимылдық ойындарды қабылдауға;
1 жастан 3 жасқа дейін – заттық іс-әрекет, құрамалы және динамикалық ойыншықтармен ойнауға; материалдармен және заттармен (құм, су, қамыр және т.б.) эксперимент жасауға, ересектермен қатынас жасау және ересектердің жетекшілік етуімен құрдастармен бірлесіп ойнауға, өз-өзіне қызмет ету және тұрмыстық құрал-саймандармен әрекет етуге (қасық, қалақ, күрек және т.б.), музыканың, ертегінің, өлеңнің, суреттерді қарастырып мағынасын қабылдауға, белсенді әрекетке;
3 жастан бастап 6 жасқа дейін – мазмұнды-рөлдік ойынға, ересектермен және құрдастармен бірге қатынасқа және өзара әрекетке, қоршаған әлем нысанын зерттеуге және оларды эскперименттеуге, оқу-іс-әрекеттерінің алғышарттарына, көркем әдебиет мен фольклорды қабылдауға, өз-өзіне қызмет етуге және қарапайым тұрмыс еңбегіне, құрастыруға, сурет салуға, мүсіндеуге, жапсыруға, музыкалық шығарманың мағынасын қабылдауға және түсінуге, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға, балалардың музыкалық аспаптарындағы ойындарға және билерге сай болуы керек.
1) бес білім беру салаларында ұсынылған балалардың даму траекториясына сәйкес білім беру қызметін ұйымдастыру және өткізу;
2) балалардың жас және жеке ерекшеліктерін, олардың білім алуға деген сұраныстары мен қызығушылығының ерекшеліктерін ескере отырып, интербелсенді түрлерді, әдістерді, тәсілдерді және құралдарды қолдану;
3) бала дамуындағы ауытқушылықтарды ертерек анықтау бойынша түзету жұмыстарын ұйымдастыру және оларды білім беру қызметімен қамтамасыз ету;
4) әр санаттағы баланың даму ерекшелігін және білім алуға деген ерекше сұранысын ескере отырып инклюзивтік білім беру және түзеу жұмыстарын ұйымдастыру;
5) балаларды тәрбиелеу мен дамытуға ата-аналарды тарту, сондай-ақ ата-аналар мен педагогтар арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |