«Индикаторлар жүйесі және диагностика» курсына кіріспе


Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру талаптары



бет6/12
Дата29.08.2022
өлшемі59.07 Kb.
#460068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
«Индикаторлар ж йесі ж не диагностика» курсына кіріспе (1)

Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру талаптары.
1) мектепке дейінгі кәсіби педагогикалық білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету;
2) педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейін көтеру;
3) балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелері, сонымен қатар инклюзивті білім беру бойынша педагогтар мен ата-аналарға консультациялық қолдау көрсету;
4) білім беру үдерісін әдістемелік-ұйымдастырушылық қолдаулармен қамтамасыз ету;


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қойылатын талаптар.
1) ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ең жоғары мүмкін болатын көлемі мен ұзақтығына балалардың психикасы мен денсаулығын қорғау мақсатында енгізіледі;
2) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жас ерекшелігі кезеңдерінің санитарлық-гигиеналық нормалары мен ережелеріне сәйкес;
3) әрбір жас кезеңіндегі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің аясы Типтік оқу жоспарында белгіленеді;
4) меншік түріне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтерінде, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарындағы педагогикалық қызметкерлердің айлық еңбекақысын есептеу үшін апта ішіндегі көлемі 22 сағатты құрайтын ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кіреді:
1) 20 сағаты, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне бөлінеді;
2) 2 сағаты, режимдік сәттер барысында жүргізілетін және ұйымдастырылатын білім беру қызметінің әр түрлі әрекеттеріне бөлінеді.
Дәріс 5 «Денсаулық» білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:
Денсаулық сақтау құзыреттілігі



Құзыреттілік көрсеткіштері

1 жастан бастап 3 жасқа дейін

3 жастан бастап 5 жасқа дейін

5 жастан бастап 6 жасқа дейін

1

2

3

4

5

1

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Жеке бас гигиенасының алғашқы дағдыларын меңгереді

Гигиеналық рәсімдерді орындау ретін біледі

Гигиеналық рәсімдерді өздігінен орындауға ынта білдіреді

2

Дене шынықтыру

Жүгіру, өрмелеу және секіруде алғашқы дағдыларды меңгереді

Өмірлік маңызды қимылдарды өздігінен орындайды

Негізгі қимылдарды орындау кезінде шығармашылық танытады

3

Дербес қимыл белсенділігі

Кейбір қимылдарды ересектердің көрсетуімен орындайды

Саптық және спорттық жаттығуларды меңгереді

Топтағы балалармен бірге қимыл-қозғалыс ойын іс-әрекеттерін ұйымдастырады

4

Салауатты өмір салты

Қауіпті жағдайда сақ, шынықтыру рәсімдерін өткізу кезінде жағымды көңіл-күйде болады

Салауатты өмір салты ережелерін біледі, ересектердің көрсетуімен шынықтыру элементтерін орындайды

Қауіпсіздік ережелерін саналы түрде орындайды, шынықтыру рәсімдерінің маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді

2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет