Банктермен ұлттық валютаның шетелдік валютаға айырбасы.
Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады: - - Ұлттық экономикадаөндірістің терең құлдырауынан болған тауар тапшылығы;
- - өндірілген өнімдерге энергетиканың, материалдардың, еңбектің жоғарғы мөлшерде жұмсалуы;
- - өз тауарлары мен қызметтеріне бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;
- - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу үшін мемлекет қағаз ақша шығарады;
- - мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғары деңгейі;
- -басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстың ықпалы.
- Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді.
Сұраныс инфляциясы - Сұраныс пен ұсыныстың арақатынсының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы, толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы т.б.
Шығындар инфляциясы - Бағалардың өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіріледі. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсінен, кәсіподақтың жалақыны көтеру талабынан және т.б. болады.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Инфляцияның түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |