Информационное письмо


Мақсаты: студенттерге оқыту әдістерін , олардың түрлерін меңгерту. Тірек ұғымдар



бет18/43
Дата14.04.2022
өлшемі5.83 Mb.
#456688
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
ПОӘК Педагогика Л.М.Маденова 2020-2021гг

Мақсаты: студенттерге оқыту әдістерін , олардың түрлерін меңгерту.
Тірек ұғымдар: әдіс, сабақ беру, баяндау, оқыту, түсіндіру, заңдылық
Жоспары:
1. Ауызша баяндау әдістері.
2.Оқытудың көрнекілік әдістері.
3.Оқытудың практикалық әдістері.
Ауызша баяндау әдістеріне жататындар: баяндау /рассказ/, түсіндіру, әңгіме, дәріс, оқу пікірталасы. Баяндау /рассказ/ оқытудың сөздік әдісі, ол бойынша оқу материалының мазмұны ауызша айтылған күйде беріледі. Баяндауға қойылатын педагогикалық талаптар: сабақ берудің идеялық адамгершілік бағытталғандығын қамтамасыз ету; хабарланатын ақпараттың дұрыстығы; қойылатын, дәлелденетін жағдайлардың дұрыстығын дәлелдеу үшін жарқын көз жеткізетін мысалдарды, фактілерді келтіру; баяндаудың эмоционалдығы; баяндау тілінің жатықтығы және түсініктілігі, беріліп жатқан фактілерді, деректерді бағалауда өзінің тұрғысын, көзқарасын көрсету.
Бұл әдістің функциясы – оқытушылық. Бұл әдіс көбінесе бастауыш сыныптарда қолданылды. Мақсатына қарай баяндаудың бірнеше түрін бөледі: баяндау-кіріспе, баяндау – мазмұнын ашу, баяндау – қорытынды.
Түсіндіру – оқытудың сөздік әдісі заңдылықтарды, оқылып жатқан объектілердің мәнді қасиеттерін, жекелеген ұғымдарды, фактілерді, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі құбылыстардағы себеп пен салдарды көрсету болып табылады. Түсіндіруге қойылатын педагогикалық талаптар: міндетті, мәселенің, сұрақтың тұқ етерін дәл және анық қою, себеп-салдар байланыстарды, аргументацияны және дәлелді бірізділікпен ашып көрсету; салыстыру, сәйкес келтіру, аналогия тәсілдерін қолдану; жарқын мысалдарды келтіру; баяндаудың анық логикасын қамтамасыз ету. Түсіндіру барлық жастағы балаларды оқытуда қолданады.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Ауызша баяндау әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

  2. Оқытудың көрнекілік әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

  3. Оқытудың практикалық әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

25 -26 Дәріс тақырыбы: Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнының ғылыми негіздері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет