Игерілетін дағдылар:
-педагогикалық үдерісте педагогикалық қарым-қатынасты орната алу және өзара әрекеттестікті жүзеге асыру;
-сөйлеу және педагогикалық карым-қатынас мәдениетін,өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу негіздерін меңгеру;
-педагогикалық үдеріс заңдылықтарына,тәрбиелік тетіктеріне сәйкес оөу-тәрбие жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру;
-сыныпта негізгі сипаттамасына және оның ары қарай дамуын болжау бойынша оқу-тәрбие үдерісін диагностикалауды іске асыру;
-оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдау,осы міндеттерге адекватты іс-әрекет түрлерін,формалары мен әдістерін тандау;
-білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне өзіндік қатынасын дайындау,тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын жете ұғыну және т.б игеріледі.
Курстың міндеттері: студенттерге педагогика ғылымының негізгі ұғымдарын, адам дамуының негізгі факторларын, жеке тұлғаның қалыптасуы ерекшеліктерін меңгерту.
Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы», «Мәңгілік Ел», «Оқушылардың даму физиологиясы», «Психология», «Өзін-өзі тану».
Постреквизиттер: «Педагогика» пәні «Әлеуметтану», «Мәдениеттану», «Білім беру менеджменті», «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», таңдау бағыты бойынша әртүрлі элективті педагогикалық курстарды оқытуда, сонымен қатар оқу және өндірістік педагогикалық практика үшін негіз қалыптастырады.
2. Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары:
Маденова Ләззат Мұтиғоллақызы: 8-701-635-88-71
lazat.pedagog@mail.ru
3.Курстың саясаты:
Студенттерге қойылатын талаптар:
Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан студент барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды студент қойған сұраққа нақты, дұрыс жауап берсе, жұмыстарын мұқият, толық жағдайда жауап берген уакытта алады.
Сабаққа қатысуы: студент сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Жіберген сабақты міндетті түрде қайта өтеді.
Аудиториядағы жағдайы: сабаққа беделді қатысуы, сабаққа кешікпеуі керек. Ұялы телефонды айырып (дауысын дыбыссыз режимге) қоюы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |