Информационное письмо



бет17/61
Дата10.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#454513
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61
Көркем мәтінге лингвистикалық талдау

Бақылау сұрақтары:

  1. Мәтін лингвистикасы теориясының негізін қалаған ғалымдар?

  2. Қазақ тіл білімінде мәтін лингвистикасын зерттеген ғалымдар?

4 дәрістің тақырыбы: Мәтінді лингвистикалық талдау әдістері.



  1. Классикалық әдіс.

  2. Дәстүрлі парадигмалық әдіс.

  3. Семантикалық өріс әдісі.

  4. Лексика – семантикалық топтар бойынша талдау әдісі.

  5. Компоненттік талдау әдісі.

  6. Эксперименталдық талдау әдісі.

  7. Көркем мәтінді стильдік талдау әдістері

Дәрістің мақсаты: Мәтінді лингвистикалық талдау әдістерімен таныстыру.

Тілімізде мәтін талдаудың қалыптасқан бірнеше әдістері бар. Олар өз ішінен бірнеше талдау әдістеріне бөлінеді. Осылардың ішінде алдымен аталатыны – лексика-семантикалық талдау әдістері. Лексика-семантикалық талдау әдістері көркем мәтінді түзуші сөздер сипатынан басталады. Оның ішінде негізінен мынандай тәсіл түрлері қамтылады.



  1. Классикалық әдіс.

Бұл тәсілге сөздің мағынасын түсіндіруде қызмет ететін лексикографиялық еңбектер жатады. Мысалы, тілімізде өте жиі қолданылатын түсіндірме сөздіктер. Түсіндірме сөздікте сөздің түрлері лексикографиялық талап бойынша барлық параметрлермен – одағай, модаль сөздер, көмекші сөздер, атау сөздер және т.б. толық грамматикалық топтастырулармен қатар, сөз семантикасының анықтамалары қамтылады. Мәтіндегі барлық сөздердің түсініктерін осындай тәсіл толық саралап бере алады. Тіпті пассив қолданылатын сирек сөздер де өз мағынасымен анық айқындалады. Лексика-семантикалық топтастыруды мәтінде, негізінен үш бағыттан байқауға болады:

  • Сөздің шындық болмысқа тура қатысы.

  • Сөздердің мәтін түзудегі грамматикалық қызметі мен қолданысы.

  • Сөздердің көпмағыналылығы.

Классикалық тәсіл тіл білімінде әр кезде түрлі сөздіктердің жарыққа шығуымен қалыптасқан деуге болады.

  1. Дәстүрлі парадигмалық әдіс.

Тіл біліміндегі парадигма мен синтагма терминдері – қазіргі лингвистикада тек тәсіл ұғымында ғана емес, тілді жүйе ретінде қарастыруда қолданылатын термин. Ал ертеректе Аристотель тұсында дәстүрлі парадигмалық әдіс бойынша субъект және предикат ұғымдарына қандай сөз түрлері логикалық жағынан сай келеді дейтін талдау түрлері орын алған. Кейін бұл әдісті дистрибутивті талдау тәсілі ығыстырған. Себебі тілді жүйе ретінде түсіндіру тіл білімінің басты постулатына айналды.

Семантикалық өріс әдісі. Тілді семантикалық талдаудың идеясы мен принциптері бертін келе семантикалық өріс әдісі ұғымымен тұжырымдалды. ХХ ғасырдың 30-жылдарында неміс ғалымы Йост Трир семантикалық өріс әдісінің принциптерінің негізін қалаған. Сөз семантикасын анықтауда олардың ұғымдық немесе мағыналық аймақта шоғырлану ерекшеліктеріне назар аударылды. Семантикалық жүйе бойынша мысалы, жалпы өсімдік макро жүйеден, ал оның түрлері микро жүйеден орын алады. Аталған әдіске жақын, ұқсас метод ретінде сөздерді дәстүрлі тақырыптық талдау түрі бар. Бұл – сөздерді тақырыптық түрлеріне қарай топтастыру.

Лексика-семантикалық топтар бойынша талдау әдісі.Бұл әдісті қолданғанда сөздер мағыналарына қарай, бірыңғай тақырыптық топқа біріктіріледі. Йост Трирдің жоғарыдағы әдісін Ф.П.Филин семантикалық структурализм көріністерінің бірі деп сынға алған. Ф.П.Филин семантикалық өріс әдісіне қарама-қарсы «лексика-семантикалық топтар» деген теориясын ұсынады. Мұнда зерттеу мақсатына қарай тілдегі барлық сөздерді тақырыптық салаға бөліп шығу.

Компоненттік талдау.Соңғы он-он бес жыл ішінде лексикологияда компоненттік талдау әдісі кеңінен сөз етіле бастады. Негізгі семантикалық өрістен туындаған бұл тәсіл алғашқы уақытта түрлі терминдермен аталып жүрді.

Мәселен, мағына (мазмұн) компоненттері немесе семантикалық компоненттер, дифференциалды элементтер, дифференциалды белгілер, ноэмдер, семалар т.б. Алайда тілші ғалымдарымыз сема терминіне тоқталды.

Тіл – тілдегі туыстық атаулар компоненттік талдаудың ең жақсы үлгісін көрсетеді. Бұлар бір семантикалық өріске жатады. Семалардың өзі архисема, дифференциялдық сема, потенциалдық семалардан тұрады. Ал олардың әрқайсысы жеке түсініктермен талданады. Сондай-ақ олар лингвистикалық концепцияның тағы бір бағытын айқындайды. Сонымен семантикалық компонент деп аталған талдау түрі сөздердің лексикалық мағынасын анықтауда: коннотативтік, денотативтік, эмпирикалық, прагматикалық, ситуативтік және т.б. әдістермен жүзеге асырылады. Сөздердің семантикалық компоненттерін айқындауда жоғарыда аталған түрлерінің өзіндік талдау жолдары бар. Мәселен, сөздің қосымша мағынаға ие болуы оның коннотативтілігіне байланысты болса, сөздің эмоционалдығы, ал сөздердің айналадағы қоршаған заттардың атауын, қасиетін, түрлерін білдіруі – денотаттығы, адам мен заттың арасындағы байланыс – прагматикаға қатысты болады.

Эксперименталдық талдау әдісі. Жоғарыда айтылған әдістердің ерекшеліктері қызметі мен мазмұндық жағынан ұқсастығында. Барлығы да сөз семантикасына үңілу, түсіндіру болса, эксперименталдық талдау осылардың барлығына қосымша әдіс ретінде бағаланады. Мәселен, компоненттік талдаудың жетпеген тұсында осы әдіс, әсіресе, семасиологияда табысты қолданылады. Басты ерекшеліктері: сол тілде сөйлеушінің сөз мағынасын қаншалықты меңгергендігін анықтау. Ол үшін тілдік сауалнама жүргізіледі. Ұлт тілінде сөйлейтін ұлт өкілінің тілді терең білуі, сөздің сезімдік эмоционалдық жағын түсінуі, компоненттер семантикасын ажырата алуы, сондай-ақ араласатын ортасы сияқты объективті себептер де есепке алынады. Аталған тәсілдің тіл қызметінің түрлерін айқындау кезінде әлеуметтік лингвистикада алатын орны мен өзіндік маңызды, пайдалы жақтары бар.

Лингвистикалық талдаулардың бір түрі ретінде – стилистикалық талдау – бізге белгілі лингвистикалық талдаудан мүлдем ерекшеленетін мазмұндық жағы, талдаудың соңғы нәтижелері сипатында аңғарылатын талдау түрі. Тілдік талдаудың ішінде басқаларына қарағанда стилистикалық талдаудың ауқымы өте кең. Стилистикалық талдау таза лингвистикалық талдаудан тереңдеу, ол көркем мәтіндегі идеалға қатысты. Стильдік талдау табиғатына қарай эстетика, мәдениет, тарих, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға тығыз байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет