Әдістемелік нұсқаулықтар:
Ұсынылған тапсырмалар негізінде берілген сұрақтарға дайындалып, өздерінің ой-пікірлерін білдіру. Мәтіннің лексикалық құрамына талдау жасап, нақты мысалдар арқылы мәтіндегі бейнелі сөздердің қызметін ашып көрсету.
Өткізу формасы: баяндау, сұрақ-жауап, талдау
Бағалау критерийлері: Берілген әр мәселелерге толық, дұрыс жауап беруі, стильдік қателерге бой бермеуі, тақырыптың ашылуы, мысалдардың нақты болуы, практикалық тапсырмалардың дұрыс орындалуы, сөздік қорының мол болуы есепке алынады.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1,2,3,7,11,15
4-практикалық сабақ тақырыбы: Мәтінді лингвистикалық талдау әдістері.
Сабақтың мақсаты: Мәтінді лингвистикалық талдау әдістерімен танысып, оларды тәжірибе жүзінде қолдану.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Классикалық әдіс туралы түсінік.
Дәстүрлі парадигмалық әдіс.
Лексика-семантикалық топтар бойынша талдау әдісі.
Семантикалық өріс әдісі.
Компоненттік талдаудың басқа талдаулардан ерекшелігі.
Эксперименталдық талдау әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |