Негізгі әдебиеттер: [1.7:1], [1.7:2], [1.7:3], [1.7:4], [1.7:5], [1.7:6], [1.7:7], [1.7:8], [1.7:9]
Қосымша әдебиеттер: [1.7:1], [1.7:2], [1.7:4], [1.7:8], [1.7:11], [1.7:12], [1.7:13], [1.7:14]
апта. СОӨЖ 28-30
Тақырыбы: Поэзиялық шығармаларға кешенді тілдік талдау.
Тапсырмалар:
Шығарманың тақырыбы мен идеясын айқындау. Өлеңдегі негізгі кейіпкерді, оның кім арқылы берілетіндігін, нешінші жақта баяндалатындығын, сөйлеудің түрлерін (монолог, диалог, баяндау т.б.) анықтау.
Өлеңнің лексикалық қабатын: актив, пассив, жаңа сөздер, көнерген сөздер, кірме сөздер, эмоционалды -экспрессивті сөздерді талдау.
Бейнелеу тәсілдерін - троптың түрлерін және фигураның түрлерін табу.
Көп мағыналы, ауыс мағыналы сөздер мен фразеологизмдердің, мақал-мәтелдердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.
Сұрақтар:
Дауыс ырғағы, сазы, екпін түрлерін (фразалық, синтагмалық- логикалық, эмфазалық) ажырату.
Сөз таптарының ара қатынасын анықтап, өлең тақырыбына қатысын, грамматикалық нормадан ауытқу жағдайларын, қосымшалардың қайталану жиілігін ерекше стильдік мақсатта жұмсалуын айыру.
Синтаксистік құрылымындағы ерекшеліктерді - сөйлем түрлерін, сөйлем мүшелерінің орын тәртібіндегі ауытқуларды, оқшау сөздер мен бірыңғай сөйлем мүшелерінің жұмсалуын, төл сөздің берілу формасын айқындау.
Достарыңызбен бөлісу: |