1-практикалық сабақ тақырыбы: Көркем мәтінді лингвистикалық талдау курсына кіріспе.
Сабақтың мақсаты: Көркем мәтінді лингвистикалық талдау-өзіндік талдау принциптері мен әдістері бар, өзіндік ерекшелігі бар оқу пәні болатындығын түсіндіру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәнінің мазмұны мен мақсат-міндеттері.
Көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәнінің нысаны.
Мәтін лингвистикасының тарихы.
Мәтіннің мазмұндық құрылымдық, композициялық, тілдік жақтары.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Ұсынылған тапсырмалар негізінде берілген сұрақтарға дайындалып, өздерінің ой-пікірлерін білдіру.
Өткізу формасы: баяндау, сұрақ-жауап, талдау
Бағалау критерийлері: Берілген әр мәселелерге толық, дұрыс жауап беруі, стильдік қателерге бой бермеуі, тақырыптың ашылуы, мысалдардың нақты болуы, практикалық тапсырмалардың дұрыс орындалуы, сөздік қорының мол болуы есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |