Бақылау сұрақтары:
Мәтіндердің функционалдық-стильдік жағынан қандай түрлері бар?
Мәтін интеграциясы дегеніміз не?
7. Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық.
Ұсынылып отырған тақырыптарды түсініп, өздерінің ой-пікірлерін нақты мысалдар негізінде дәлелдеу. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау теориясының қалыптасуына, даму тарихына тоқталып, зерттеуші-ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау. Көркем мәтін санаттарын бір-бірінен ажыратып, оларды мәтін ішінен табу. Лингвостилистика және көркем әдебиет тілі туралы түсініктерін кеңейтіп, көркем мәтіндегі стильдік құралдардың қолданысына ерекше назар аудару. Мәтіннің лексикалық құрамына талдау жасап, мәтіндегі ауыспалы мағыналы сөздер, омонимдік, синонимдік, антонимдік қатарлардың қолданысын нақты мысалдар арқылы түсіндіру. Мәтіндегі көркемдегіш құралдар мен тәсілдердің қолданысын, мәтін ішіндегі берілу жолдарын анықтау. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау бойынша жазылған еңбектерге конспект жасау.
Ұсынылған тақырыптар бойынша реферат дайындап, оны қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |