Дәрісті бекіту сұрақтары:
-
Қысқартып-түзету деген не?
-
Өңдеп-түзету қалай орындалады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.
-
Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972.
-
Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.
7-дәріс
тақырыбы: Телерадио бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі
Дәріс мақсаты: Телерадио бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі туралы студенттерге талдап, түсіндіру.
Дәрістің жоспары:
-
Теледидар немесе радиодағы автор қызметі.
-
Телерадио бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі.
Теледидарда редактор сценарийдің авторымен жұмыс жасайды. Онымен жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол екеуінің жұмысын телебағдарлама авторы деген бір ұғымға біріктіруге болады. Редактор мен автордың жұмысы өтініш берілгеннен бастап, бағдарлама эфирге шыққанға дейін жалғасады. Теледидар бағдарламасын дайындау процесіне авторды араластыру редактор жұмысының маңызды ерекшелігі. Авторды шақыра отырып, редактор өз шешімінің дұрыстығын анықтау қажет. Ол автордың кәсіби және әдеби мүмкіндіктерін камера алдында өзін еркін ұстауын есепке алады.
Теледидар немесе радиодағы автор қызметі баспа қызметінен әлдеқайда қиынырақ. Мысалы, баспа материалының әдеби құндылығы ғана ескерілсе, теледидарда оның бейнелік қатары да үлкен рөл атқарады. Өте мықты газет очеркшісі теледидарға очеркті тез дайындай алмайды. Өйткені теледидар бағдарламасының өзіндік ерекшелігі бар. Ал әдеби шығармашылықтағы негізгі көркемдік құрал – сөз ғана. Авторды эфирге шығаруға шақыру этика нормаларымен сәйкес келеді. Сондықтан авторды шақырып алып, эфирге шығар кезде одан бас тартуға болмайды.
Сценарий дайын болып, эфирге шығар кезде ғана автормен байланыс орнату қажет. Себебі, автордың сценариймен жұмыс істеуі көптеген шығынды қажет етеді. Автормен алдын-ала жақсы қатынас орнату жоспарланған ойды асыру үшін керек.
Өтініштер бағдарлама циклін дайындауға аса қажет. Ол қысқа не кеңейтілген болуы мүмкін. Мысалы, ОРТ продюсері Д. Тицков дайындаған «Мамина школа» бағдарламасына көңіл аударайық.
Сценарийлік өтініш
Хронометраж: 15 минут
Қайталануы: аптасына екі рет
Аудиториясы: декреттік демалыстағы аналар, келешек ұрпақ тәрбиесіне мән беретін басқа да үй шаруасындағы әйелдер.
Әрбір ана (егер ол бірінші рет босанған болса) баласын тәрбиелеу мен өсіруде көптеген сұрақтарға жауап іздейді. Олар әр түрлі: техникалық түрдегі сұрақтардан қомақты сұрақтарға дейінгі мәселелерді қамтиды. Көптеген аналар бала тәрбиесіне арналған әдебиеттерді сағаттап оқиды. Сонда да ақпарат өте аз және жас аналар барлық кеңеске құлақ асады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты.
-
Бала тәрбиесіне байланысты дұрыс кеңес беру;
-
Аналарға өсіп келе жатқан баласының мінез-құлқын анықтауға мүмкіндік беру;
-
Тәрбиеге қатысты әдістемелік материалдармен жұмыс жасау;
-
Қай жағдайда ана өзі шешім қабылдай алады, ал қай кезде маманның көмегі қажет екенін айқындауға көмек беру;
-
Жас аналарға көмек көрсету.
Кеңес уақытында «Мамина школа» бағдарламасы үлкен сұранысқа ие болды. Қазіргі кезде де жас аналар мамандар кеңесін қажет етеді, теледидар бағдарламаларын да зор ынтамен тыңдайды.
Мысалға Қазақстан телеарналарындағы балаларға арналған айдарлар:
-
«Еркетай» (Қазақстан) – мектеп жасына дейінгі балаларға арналған айдар. Бұл жастағы балалар сұрақты өте көп қойып, сол сұрақтарға жауап іздейді. Әртүрлі жағдайда өздерін қалай ұстау керектігіне де бұл хабардан жауап ала алады;
-
«Алақай» (КТК) – балаларға арналған көңіл сергітетін бағдарлама;
-
«Дочки-сыночки» – тәрбиелік әдістемелер таңдауға мүмкіндік беретін, психолог кеңестерін қамтитын бағдарлама;
-
«Топ - малыш» – әке-шешелерге, балаларға арналған бағдарлама.
Ресей телеарналарындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар ағыны төмендегідей:
-
«Домашняя кухня» – түрлі жас аралығындағы балалардың тамақтануы;
-
«Советы из сундука» - әжелердің кеңесі;
-
«Разные дети» – ақыл-есі жетілмеген балалар жайындағы айдар.
Бұл өтініштерді кәсіби журналистер дайындайтындығын байқап отырмыз.
Егер автор теледидарға жаңа келген болса, оны міндетті түрде теледидар бағдарламасын дайындау технологиясымен, әдеби сценарийдің түрлі формаларымен таныстыру қажет. Автормен танысу үшін онымен келіссөз жүргізу керек. Бағдарлама дайындауда режиссер мен оператордың қызметі ерекше. Автор ұсынған өтініш, сценарий мен материал редактор тұрғысынан жақсы қабылдануы тиіс. Редактор оператор қарым-қатынасы сценариймен жұмыс жасау кезінде үзілмеуі тиіс. Редактор кеңестерімен авторға көмек береді. Сценарий экранға шығуға арналады, сондықтан редактор тәжірибесінің жалпы қабылданған әдістерімен шектелу жеткіліксіз. Редактор авторды бейнематериалмен таныстырады, түрлі ұйымдарға, мұражайлар мен мұрағаттарға еркін кіре алуына жағдай жасау керек. Сценарийдің редакторлық сараптамасы оның автормен ары қарайғы қарым-қатынасының характерін айқындайды.
Теледидар тәжірибесінде редактор автор-маманның пікіріне құлақ салатын кездер аз болмаған. Бірақ осыған қарамастан, редактор жұмысының жауапкершілігі мол. Әдеби өңдеу аяқталғанымен, автор мен редактордың жұмысы аяқталмайды. Автор бейнелік материалдар таңдауға қатысады, синхрондық сьемкалар өткізеді, сценарийдің дұрыс орындалуын қадағалайды, жетіспеген жерлеріне түзетулер мен өзгертулер енгізеді. Жедел түрдегі бағдарламаларға тұрақты, әрі тәжірибелі авторды алған жөн. Ол жұмысты әлдеқайда жеңілдетеді.
Редактордың міндеті мен қызметі әрдайым өзгеріп отырады. Аудиторияның әр түрлілігі мен көптігі эфирге шығып отырған адамнан көп нәрсені талап етеді. Ең алдымен, ол өз пәнін жақсы меңгеруі керек. Даралық, шынайылық аудитория ойын жетілдіреді. Мысалы, кей кезде эфирдегі адам дұрыс сөйлеп тұрса да, оның көздері мүлде басқа нәрсені айтып тұрғандай болады. Тақырыпқа деген мұндай үстірт көзқарас көрерменге де беріледі. Мұндай қателікті болдырмау үшін редактор бағдарлама мазмұнына аса көңіл бөлуі қажет. Дайындалған бағдарламаның экранға шығуының маңызы үлкен рөл атқарады.
Газеттің жарияланымын оқырман ойының күші мен тереңдігіне байланысты бағалайды. Ал теледидарда оған тағы бір аспект қосылады: ол эфирдегі адамның бет-әлпеті, өзін-өзі камера алдында ұстауы. Редактор бұл жерде хабар кейіпкерін режиссермен бірігіп таңдауы қажет. Автор – жүргізуші таңдалған кезде, редактор онымен экранда көтерілетін мәселе төңірегінде ой қозғайды, бағдарлама уақытын және т. б. белгілейді.
Репортажға негізделген бағдарламалардың негізгі міндеті – деректі материал берудің драматургиялық формасын іздеу. Тек қана түсіру объектілерін таңдап қоймай, мәселе зерттелуінің негізгі бағытын анықтау қажет. Соңғы жылдары теледидар тәжірибесінде жүргізушінің жаңа типі – модератор пайда болды. Ол – теледебаттар мен түрлі дискуссиялар, телемост, ток-шоу жүргізушісі. Алайда, оның қызметі әлі толық белгіленбеген. Егер сөздің этимологиясына үңілер болсақ, латын тілінің музыкалық терминіне сәйкес келеді. Модератор – бағдарлама компоненттерін бір жерге жинақтайтын тележүргізуші деп те айтуға болады. Модератордың басты ережесі – дискуссия жүргізушісі оның қатысушысы бола алмайды. Қатысушыларға кедергі жасамай, ол уақыттың адал бөлінуін қадағалайды. Ол сұрақ қоя алады, түсінбеген жерін нақтылап сұрай алады. Дискуссиялық бағдарламаларда журналист репортер сияқты іздеу жүргізеді, бірақ ол дерек емес, ақиқат іздейді.
Бұл мамандық бізге батыстан келді. Ол жақта журналист-модератор жүргізетін бағдарламаның беделі өте жоғары, ол ең танымал бағдарламалар болып есептеледі. Біздің журналистерге өз білімдерін шыңдай түскен қажет. Қазіргі кезде модератор ролін кәсіби тележурналистер ғана атқара алады. Телебағдарлама жүргізушілері туралы айта келе, қазіргі кездегі ең танымал шоумен мамандығына тоқталып өтейік. Шоу дегеніміз – қойылым. Ал «ток-шоу» ұғымы «сөздік қойылым» дегенді білдіреді. Шоуменнің актерлік қабілеті жоғары болуы тиіс. Қарым-қатынас орнату, жылдам реакция ол үшін аса қажет қасиеттер. Мұндай бағдарламалар әр түрлі бола алады. Бірақ оларды қабылдау әлдеқайда оңайырақ. Ток-шоуға қажетті нәрсе – оның қатысушылары болуы шарт. Жүргізуші мен кейіпкерлерден басқа, оны бағалайтын эксперттер міндетті түрде керек. Мысалы, АҚШ-та көп жылдар бойы «Шоу Оперы», «Донахью шоу» бағдарламалары өткізіліп келеді.
1960-шы жылдардың аяғы мен 1970-ші жылдың басында Валентина Леонтьеваның «От всей души» бағдарламасы аса танымал, әрі беделді болды. Ол өз жанрлық талаптарға сай еді. Бірақ ол кезде біз «ток-шоу» сөзін білмедік. Қазіргі кезде ОРТ арнасында «Ищу тебя» бағдарламасын Игорь Кваша жақсы жүргізіп келді. Ал, В. Леонтьева бастапқы бағдарламаның авторы болған емес. Ол тек қана диктор, СССР-дің халық әртісі. Бағдарламаның көп жері оның әртістік қабілеті арқасында ұсталып тұрды. Оның сценарийін басқа адамдар – журналистер жазды. Бірақ, ток-шоу жанрында актерлік шеберлік пен байланыс орната алу мүмкіндігі бірінші орынға шығады. Ток-шоудың көрермен ықыласын жаулап алу үшін жақсы сценарий дайындай алатын шығармашылық топ қажет. Осылайша, телебағдарлама редакциялануындағы дайындық кезеңі, негізінен, ұйымдастырушылық – шығармашылық сипатта болады. Өйткені теледидардағы ұйымдастырушылық жұмыс - әдеби жұмыспен тығыз байланысты. Оларды бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
-
Теледидар немесе радиодағы автор қызметінің баспа қызметінен айырмашылығы.
-
Модератордың басты ережесі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.
-
Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.
8-дәріс
тақырыбы: Телерадиобағдарламалар функциялары. Телебағдарламаларды редакциялау
Дәріс мақсаты: Телерадиобағдарламалардың функциялары мен телебағдарламаларды редакциялаудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Дәрістің жоспары:
-
Телерадиожурналистиканың табиғи қасиеті.
-
Телерадиобағдарламалар функциялары.
Журналистика – өмір көрінісі. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.
Қандай бір қоғам саяси жүйе болсын оның дамуында жалпы ақпараттық қызметтің, бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызметі мен рөлі зор, өйткені қоғамның қалыпты саяси-әлеуметтік өмірін күнделікті ақпарат тарату қызметінсіз көзге елестету қиын. Ақпараттар күнбе-күн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз түрлі хабар-ошарды көпшілікке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрі жария түрде жеткізу үшін құрылған мекемелер. Бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз, радио, теледидар, кино, видео, үн таспа және көпшілікке арналған анықтамалар жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техникалық соңғы жаңалықтар – спутниктік байланыс, кабельді теледидар және түрлі компьютерлік интернет байланыс жүйелері қосылып отыр.
Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу т.б. толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиісті. Осы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде телевизия, одан соң радио жетекші орынға ие. Мәселен, телевизияға келетін болсақ, мұның бірден-бір дәлелі ретінде украиналық ғалым Георгий Почепцовтың зерттеуін келтіруге болар. “Ғалымның жүргізген зерттеуі бойынша, эфирден айтылған сөздердің тек 16 пайызы ғана көрермендердің есінде қалса, визуальды түрде берілген мәліметтердің бақандай 34 пайызының аудитория есінде сақталатыны анықталған. Вербалды түрде, яғни ауызша айтылған ақпараттарды қайталау кезінде сауалнамаға қатысқандардың 32 пайызы қателессе, визуалды мәліметтерді айтып беру кезінде олардың тек 15 пайызы ғана дұрыс жауап бермеген. Телевизия мен радионың күш-қуат айырмашылығына келсек, аудитория радиодан естігендерінің 70 пайызын ұмытып қалатын болса, телеарнадан көргендерінің тек 50 пайызын ғана естен шығарып алатындығы белгілі болған.”
Телевизия сынды радио да – ең алдымен, эстетика әлемі екенін айтуға тура келеді. Телерадиожурналистиканың табиғи қасиеті – адам сезіміне әсер ету. Сондай-ақ, телевизия да, радио да таза идеологиялық қызмет атқара алмайды, көбінесе көңіл көтеруші және қызығушылық мақсатта жасалатын бағдарламаларға экран бетінен көбірек орын береді. Қоғамдағы әр топ пен әр қауымның әлеуметтік статусы ғана емес, сонымен бірге эстетикалық талғамы мен мәдени сұранысы әр басқа. Олай болса, дүниеге әр түрлі көркемдік деңгейде жасалған, әр түрлі мақсат көздеген бағдарламалар мен хабарлардың келуі – заңды.
Журналист шығармашылығына ерекше әсер ететін факторлардың бірі – технологиялық фактор. Ақпаратты жинап, таратуда қандай техника құралы пайдаланғаны журналист еңбегінің көрінісін, нәтижесін өзгертпей қоймайды.
Мәселен, тілші құралдары болып табылатын қарындаш пен дәптер немесе видеокамера мен диктофон көмегімен жиналған материал әрқалай өңделетіні белгілі.
Тележурналист, радиожурналист өз жұмысының мақсатын, эфирден көрермендер назарына ұсынылған бейнематериалдың мақсатын нақтырақ білу үшін телевизияның, радионың мүмкіндіктерін, яғни телевизияның, радионың қоғамдық функцияларын білуге міндетті болғандықтан, алдымен, электронды БАҚ хабарларының функцияларына тоқталып, редакцияланатын материал қалай туады деген сауалға жауап іздейміз. Жұмыстың екінші бөлігінде телерадиобағдарламаларды редакциялаудың ерекшеліктері қарастырылады.
Электронды БАҚ бұл күнде өсу, өркендеу, даму үстінде. Халық назары көбінесе электронды БАҚ-қа ауып, жедел, нақты ақпарат күтеді. Сондықтан да көрермен, тыңдарман электронды БАҚ хабарларына сын көзбен қарап, әрбір басқан қадамдарына үмітпен көңіл бөледі.
Елімізде оннан аса республикалық телеарналар қызмет істейді. Әрқайсысының өзіндік қалыптасқан стилі, ұстанымы бар. Махат Садық: “Біздегі телеарналар ұстанған басым саясат – тек жаңалықтар қызметін жақсартуға арналған. Жақсы техника да жаңалықтар қызметінде”,– дейді. Шынымен, телеарналар көпшілігі жаңалықтар қызметімен ғана шектеледі. Эфирлік уақытын шетелдік фильмдермен толтырады. Жалпы, телеарна басшыларына, редакторларға жаңадан ұсынылып отырған бағдарламаның қоғамға қажеттілігін, қоғам сол хабарға зәру екендігін түсіндіру үшін электронды БАҚ-тың қоғамдық функциялары қажет. Телевизия да, радио да қашанда қоғам үшін қызмет атқарады.
Тележурналист, радиожурналист өз жұмысының мақсатын, эфирден көрермендер назарына ұсынылған бейнематериалдың мақсатын нақтырақ білу үшін телевизияның, радионың мүмкіндіктерін, яғни телевизияның, радионың қоғамдық функцияларын білуге міндетті. Журналистің кәсібилігі әлеуметтік жауапкершіліктен байқалады.
“Функция” ұғымымен “мақсат” тығыз байланысты. Бұқаралық ақпарат құралдарының басты мақсаты – тұлғаны, қоғамды үздіксіз ақпаратпен қамтамасыз ету, яғни ақпараттандыру. Тікелей алғанда телевизияның, радионың ақпараттық функциясы елдегі, әлемдегі жаңалықтар көрсетілімі болып табылады. Жалпы алғанда, кез келген телевизиялық көрсетілімнің, радиохабардың өзі телевизияның, радионың ақпараттық функциясын орындайды.
Кез келген телевизиялық бағдарлама, радиохабар белгілі бір дәрежеде көрермендерде, тыңдармандарда мәдени құндылықтарды қалыптастырады. Тіпті, хабарға қатысушылардың сөйлеу мәнері, таным деңгейі көрермендер, тыңдармандар ұстанымына ықпал етпей қоймайды. Бұл – мәдени-ағартушылық функция.
Интегративті функция (ортақтастыру) – аудитория үшін ортақ құндылықтарды анықтау, ортақ мәселелердің шешу жолдарын іздеу, қоғамға қауіпті өзге де құбылыстарды талқылау. Бұқаралық коммуникация құралдары, соның ішінде телевизия, радио табиғатынан өзі хабар таратып отырған қоғамға ықпал етеді. Көрермендердің бағдарламаны тұрақты көруі, тыңдармандардың хабарды тұрақты тыңдауы – олардың белгілі бір деңгейде ортақтығының дәлелі. Интегративті функцияда ақпараттық, мәдени-ағартушылық, ұйымдастырушылық функцияларының элементтері кездеседі.
Батыс ғалымдары журналистік жұмыстың мақсатын келіспеушіліктерді пікірталас арқылы шешуден көреді, яғни кереғар пікір иелеріне ымыраға келуге көмектесу. Бұл – әлеуметтік-педагогикалық не басқарушылық функция болып табылады. Үкімет не өзге де әкімшілік жүйе қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатымен аталмыш функцияны пайдаланады.
Кей кездері электронды БАҚ өзі қоғамдық акцияның ұйымдастыру қызметін атқарады. Телевизия, радио билік басындағыларға сауал жолдап, әрекет етуге итермелей отыра ұйымдастырушылық функцияны атқарады.
Рекреативті функция, яғни көңіл көтеру функциясы (“рекреация” латынның recreatio “қалыпқа келтіру”) – демалыс, еңбек барысында жұмсалған күшті қалыпқа келтіру.
Осы орайда, логикалық тізбектің үшінші мүшесін, дәлірек айтсақ, “функция-мақсат-әдісті” табу туындайды.
Сонымен, белгілі бір бағдарлама тыңдармандар мен көрермендер назарына ұсынылғанда бір немесе бірнеше функцияны орындай отыра, белгілі бір мақсатты көздейді. Ал, бағдарлама сан алуан әдіс арқылы тыңдармандар мен көрермендер жүрегіне жол табуы ықтимал. Кез келген хабар аудиторияға әсер етеді. Бірақ, қандай әдісті қолдану керек? Осы кезде бағдарламаның жанры айқындалады.
Публицистика, телепублицистика, радиопублицистика жанрлары ақпараттық, талдамалы және көркем публицистикалық болып 3 ірі топқа бөлінеді.
“Жалпы, әр жанр таза қалыпта кездесе бермейді. Бір туындыда бірнеше жанр элементтері тоғысып жатады. Кейде олар өмірді барлық күрделілігімен, көп қыртыстылығымен көрсету үшін, шығармашылық ой-ниетті әсерлі етіп беру үшін әдейі тоғыстырылады. Сонда қай жанрдың белгілері мол болып, бірінші қатарда тұрса, туынды сол жанрға жатқызылады,”– дейді профессор-ғалым Темірбек Қожакеев. Яғни материалды белгілі бір жанрға жатқызу – шартты нәрсе. Жанр – белгілі бір газет, журнал материалдарының, радио, телевизия хабарларының көріну, өмір сүру формасы.
Телерадиобағдарламалар қандай әдісті пайдаланып, қандай жанрға жатқызылмасын телерадиохабарлар да баспасөз материалдары сынды мәтіндерден тұрады, ал кез келген мәтіндегі деректердің көлеміне, ерекшелігіне, сапасына қарамастан басты айтылатын ойдың жиынтығы тақырып арқылы көрінеді. Барлық көркем деректердің басты мақсаты қоғамдық пікірді қалыптастырып, қоғамдық санаға қозғау салу, айтылған пікірге ой қосып, ойды қозғайтын жағдай туғызуға ықпал ету. Ал ойға қойылатын әрбір тақырып қайдан алынады. Бұл телерадиобағдарлама авторының алдында тұрған басты сұрақтың бірі. Дальдің ойынша болжалданған, ойластырылған іс бар, ал бұны тақырыптың алғашқы баспалдақтары деп қарау керек. Жағдайға байланысты кейде ой мен тақырып бір мезгілде қатарласа келуі де мүмкін. Яғни ой тақырыптың тууына себепші болады. Ой шарықтау шегі болса, тақырып – материал жинақтау мен оны қорытып жазудың айқындалған әдісі. Олай болса, ойдың өрбуінің қайнар көздері – журналистің өмірлік тәжірибесі, жан-жақтылығы, білімділігі. Екінші қайнар көзі – нақты деректер. Телередактор немесе радиодағы редактор өз бойындағы бар білімге, дерекке сүйене отырып тақырыптағы ойларды қорытады.
Кез келген тақырып автордың өзімен бірге болып, сценарийді жазудың өн бойында онымен бірлікте болады екен. Егер шығармашылық процестің 3 түрлі (материал жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған материалды жазу) кезеңі бар десек, тақырып осынау 3 кезеңнің өн бойында тұтас желі тартып жатады. Тақырып – идея. Қазақ радиосындағы, теледидарындағы әлденеше ондаған, жүздеген хабарлардың бастау бұлағында да тамаша идеялар жатыр. Тақырып ойластырылып, іріктелген автор ойларына және құбылысты зерттеуге қатысты болса, онда ойлардың шешімділігі келешек шығарманың құрылымына әсер етеді. Ал шығарманың концепциясы тақырыптан сәл ғана кештеу өмірге келеді. Кейбір тақырыптар детальдары бір-біріне кереғар болғанымен өзгелері көрерменге не тыңдарманға нақты ақпарат берсе ғана хабар айқын болады. Яғни кез келген хабардың тақырыбы көрерменге не тыңдарманға айтылатын ойдан алынуы керек. Мәселен, «Хабар» агенттігіндегі «Кеш қалмаңыз» ток-шоуының 19 қаңтар күнгі санындағы талқыланған тақырып «Отбасын жоспарлау қажет пе?», тиісінше бағдарлама барысында осы тақырып төңірегінде ой қозғалды. Сөйтіп, мәтіндегі айтылатын ой мен жеткізілетін хабарға баға беруі әрі осы баға берушілік қасиетінің нәтижесінде мәтінді қабылдау функциясы іске асады. Телерадиохабар тақырыптары тек ақпарат жеткізу функциясымен шектеліп қалмай, болған оқиға, әр түрлі жағдайларға байланысты қоғамдық құбылыстарға баға берумен ерекшеленеді. Сондықтан телерадиохабар тілінің тартымды, көрерменге, тыңдарманға түсінікті болуы, мәтінмен мағыналық бір аяда болуы, басты шарт болуы тиіс. Ал, бірден-бір қадағалайтын – редакторлар.
“Теледидарды бүгінде қоғамды, қоғамдағы жайларды талдап, түсіндіру дегеннен гөрі, оны «адамтану», кейіпкердің жан-дүниесінің сезім-сырлары мен ішкі қырларын түсіну, ұғыну деген ұғым көңілге қонымды”, – дейді Қ.Тұрсын. Бағдарлама ұғымы бір мезгілде теледидарға әрі радиоға да қатысады. Әрі бағдарлама астарында өзінен-өзі ұғынылу немесе хабардың жиынтығы, белгілі бір арнада жүретін хабар, не белгілі бір шектеулі уақытта (күнделікті, не апталық бағдарлама), не көрермендердің белгілі бір топтарына (балаларға, жастарға) арналған секілді сан алуан тораптар жинақталған. Зерттеушілер күні бүгінге дейін “теледидар бағдарламаларын” мәдени не эстетикалық мағынасына қоса қарастыруды үрдіс етіп жүр. Сондықтан оған “телевизиялық көрініс” терминін телу, оның мәдени-эстетикалық бағытқа жақындау екендігінен деп ұғынғанымыз жөн. Мысалы, зерттеуші Станислав Кушевский “телевизиялық көрініс... шын мәнінде жаңалықтар, репортаж, оқулық лекция, эстрадалық концерт, көркемдік ой жинақталған шығарма”, – деген тұжырым жасайды. Осы хабарламаның бәрін хабарға тән жалпы норма біріктіреді де, ол өз бойына драматургиялық композицияны, жанды әрекетке қатысты камераның интерпретаторлығын, көрініс пен музыканың қатыстылығын, ең соңында шағын-шағын аудиториялардың жаппай қабылдаушылығын да туындатады, – деп ой қорытады. Зерттеуші пікірінің құндылығын мойындай отырып, бүгінде теледидардың уақыт уысынан шыға мол аудиторияға ие екендігін, әрі оның құдірет–қарымының соншалықты ауқымдылығын мойындауға тиіспіз. Көрініс пен кадрден тыс мәтіннің қабыса келіп, егіздің сыңарындай біріге жымдасуы, жүргізушінің қарапайым тілмен шебер қиыстыра түйін жасауы, әрі бейненің сан алуандығы, теледидарды қай кездегіден болсын көрерменге, тыңдарманға сәт санап жақындата түсуде.
С.Кушевский алдыңғы орынға бағдарламадағы драматургиялық заңдылықты қояды. Шын мәнінде, кез келген телевизиялық көрініс, ол жай ғана сөйлесу түрі немесе телевизиялық өнердің күрделі түрі бола ма, олардың бәрінде де белгілі бір драматургиялық өзектестік (түйін, оқиғаның дамуы, шарықтауы, шешімі, эпилогы) болады. Драматургиялық сабақтастықта орындаушылық фактор актерлықпен тығыз байланысты. Ол ойын-сауық бағдарламаларының өн бойында қатарласа бірге еріп отырады. Кейбіреулер бағамдағандай, теледидардағы көріністі аудиторияның қабылдауға, олардың психологиялық реакцияларының сол мезгілде әрекетке араласуына әкеліп соғуы да назардан тыс қалмайды.
Телевидение – аса күрделі, әлеуметтік-мәдени феномен. Оны зерттеу үшін ғылымның көптеген салаларының (эстетика, өнертану, журналистика теориясы, педагогика, насихат теориясы, психологиясы, қоғамдық психология, жалпы психология, мәдениет теориясы және т.б.) бірлікте қарастырылуы тиісті. Теледидарды өнер саласындағы типологиялық аналогпен шектемей немесе өнертанушылар жазғандай телевизиялық көрініс үлгісін механикалық әрекетке көшіре салуға болмайды. Теледидардың көркем мәдениет аясынан шығып, “автор-шығарма-публика” категориясына бағыт ұстауы көрермендерді толықтай қанағаттандырмайды. Зерттеуші Қ.Тұрсын: “жіберуші-хабарлаушы-аудитория” деген үлгі болуы қажет, – деп пайымдайды.
Миллиондардың көңіл-күйін толқытатын, небір сәттерге куәгер ететін – теледидар, радио. Демек, олардың дамуы уақыт ағымына орай ерекше бола түсетіні де осыдан. Телевизия, радио өнерлеріне өзін арнаған телеқаламгерлер мен радиоқаламгерлер үшін қажетті құрал қалам мен микрофон ғана емес, жазылған мәтінді оқуға айшықты, анық дауыс та аса қажет. Телерадио өнеріндегі бір ерекшелік те осында. Телевизия да, радио да дауыс ырғағының нашарлығын, жарты диапазонда естілуін қаламайды. Ол дауыстың бір қалыпты үнділігі, үйлесімділігіне мұқтаж. Сондықтан, қай кезеңде болмасын, телерадиожурналистерге қомақты жүк артып, оларды дауыс жағынан сұрыптау артық болмас. Егер жүргізуші ажарлы болып, дауысы ащы, сүйкімсіз болса, хабардың мәні де, сәні де кетеді. Керісінше, жүргізушінің дауысы жағымды, өңі қарау болса, рейтинг төмендейді. Өйткені, телевизия да, радио да – қашанда эстетика әлемі. Мәтінді айшық оқитын диктордың тамаша қасиеті нашар мәтіннің өзін құлпыртып жібереді.
Сонымен, тележурналистерге, радиожурналистерге тән қасиеттер – журналистік кәсіби біліктілік, актерлік шеберлік, тіл мәдениеті және тележурналистерге әдемі қимыл-қозғалыс. Жалпы, телерадиожурналистердің білікті маман ретінде қалыптасу үшін: 1) ақпаратпен жұмыс істеу машығы; 2) саяси-әлеуметтік және экономикалық әрі өзге де салалардағы сауаттылығы; 3) жаңа техника мен технологияларды жатсынбауы; 4) командамен жұмыс істеуі.
Бүгінгі “ақпараттар ғасырында” қай салада болса да жан-жақтылық пен білімділік, аналитикалық ақыл-ой, терең талдау мен ұшқырлық талап етілуде. Журналистің қай салада болсын әмбебаптылығы мен білімдарлығы хабардың өңін аша, ажарын кіргізе отырып, әрі оның өзіндік имиджін қалыптастыруға да негіз қалап жатады.
Телевидение, радио бағдарламаларын, баспасөз материалдарын жасайтын шығармашылық топта редактордың алатын орны ерекше. Ол мәтіннің мазмұны мен көркемдік сапасына жауап береді. Бүгінгі таңда бас редактордың қызметін продюссер атқарады. Ол бағдарламаның идеялық-көркемдік деңгейін бақылап қана қоймай, сонымен қатар, өндірістік, ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелерге де араласады.
Телевидениедегі редактор жұмысы өте кең көлемді қамтиды. Оның іс-әрекеті әдеби жұмыспен ғана шектеліп қоймайды. Бұқаралық ақпарат құралы ретінде телевидение редактордан теледидар өндірісінің ерекшелігімен байланысты білімінің болуын талап етеді.
Бүгінгі таңда редактор жұмысы мәтінді тексеру мен түзетуден тұрады деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Ол сондай-ақ, цензорлық жұмыс деп те қабылданады. Бірақ редактордың іс-әрекеті оны телебағдарламаларды, радиохабарларды, баспасөз материалдарын жасаудағы шығармашылық процестің лидері етіп көрсетеді.
Телевидение редакторының жұмысы көрермен бағдарламаны экраннан көрген кезден бірнеше сағат бұрын басталады. Ол теледидарлық жоба жасауға қатысады, қызықты материал табады, оған авторлар таңдап, қатысушыларды шақырады. Сонымен қатар, сол қатысушылардың әдеби дайындығын ғана есепке алып қоймай, экран міндеттемелерінің де сақталуын қамтамасыз етеді. Бағдарлама дайындаудың кейінгі кезеңдерінде редактор тек кеңесші мен автор, режиссерлердің көмекшісі рөлін атқарады. Осылайша, әдеби материалды бағалаудан бастап, оның жазылуы мен эфирде бағдарламаның шығуына дейін редактор жұмыс жасайды. Өзі де кей кезде жүргізуші, сұхбаттасушы, репортер қызметін атқарып, журналистік қызметін арттыра түседі. Редакторлық іс-әрекеттің тағы бір аспектісі: техникалық және шығармашылық мәселелердің үйлесімділігі. Редактор камераның техникалық мүмкіндігі мен электронды “арнайы эффектілерді”, монтажды білуі қажет.
Редакциялау ұғымы – өте күрделі ұғым. Латын тілінен аударғанда “redactus” – “тәртіпке келтірілген” деген мағынада. Баспасөз, радио, телевидениеде редакциялау – қоғамдық-әдеби іс-әрекет, жариялауға материал дайындау дегенді білдіреді. Көптеген жағдайда редакциялаудың міндетін айқындауда оның мәтінді түзету деген бір жағы ғана қарастырылады. Түзету – редактор іс-әрекетіндегі маңызды құбылыс. Оның басты міндеті мазмұн мен шығарма пішініне сараптама жасау болып табылады. Телевидениедегі редакциялау пәні түрлі жанрдағы мәтіннен бастап бейнеқатардың иллюстрациялары бола алады. Редакциялауға саяси және қоғамдық мәні бар аспект кіреді. Редакциялау арқылы шығармадағы қателер түзетіледі. Редактордың міндеті – өзі түзеген материалдың эффектілі болуын қамтамасыз ету. Ол эфирге шығатын публикацияға толығымен жауапты.
Өзінің ақпараттық қызметін орындау барысында БАҚ материалдары жақсы, түсінікті баяндалуы тиіс, өйткені ол түрлі топ өкілдеріне арналады. Редактордың шығармашылық мүмкіндігі мен шеберлігінен материалдың сапасы айқындалады. Редактор мамандығында сыншы мен тіл маманы, стилист пен педагог, ұйымдастырушы мен суретші мамандығы ұштасады. Редактор өз білімін әрдайым жетілдіріп отыруы қажет. Жан-жақты білімі бар, логикалық ойлауы зор, әдеби тілдің нормаларын жетік білетін адам ғана редактор бола алады. Редакторлық бағалау – шығармаға нақты мақсат тұрғысынан қарау, автор еңбегін шыншылдық масштабымен айқындау.
Редактор кітап, радио немесе телебағдарлама дайындаудың барлық өндірістік-технологиялық процесін білуі шарт. Полиграфия негіздері мен техникалық мүмкіндіктерді білуі редакторға шығарманың әсерін күшейтуге көмектеседі. Редакциялау – шығармашылық процесс.
Редакторлық іс-әрекеттің басы – дайындық кезеңі болып табылады. Оны ұйымдастырушылық-шығармашылық кезең деп те есептеуге болады. Оған басылым, радио немесе телевидение бағытына сәйкес тақырыптық бағдарын айқындау, айдарлар мен жобалар, автор таңдауы жатады.
Редакциялаудың жалпы әдістемесі әрбір редактор үшін қажет. Ал телевидение бағдарламасын редакциялаудың кітап пен баспасөз материалдарынан өте көп ерекшеліктері бар. Өйткені, соңғыларында редактор тек мәтінмен ғана жұмыс істейді.
Телеарна редакторы мәтіндік материалдан өзге бейнеқатармен де айналысуы керек, яғни сөз бен бейне үйлесім табуы қажет. Бұл оның телережиссура негіздері, сонымен қатар теледидардың техникалық мүмкіндіктерімен танысуын талап етеді.
Теледидар бағдарламасын дайындау кезеңдерінің барлығында қоғамдық жұмыс көлемі кітап пен мақаланы басуға дайындау кезеңіндегі жұмыс көлемінен едәуір үлкен. Онда: автор таңдауы, нысаналардың сарапталуы, бағдарламада көрсетілетін ұйымдармен келісім, бейнелік материалдар таңдау, қатысушыларды іздеу сияқты көптеген іс-әрекеттер атқарылады.
Редактордың іс-әрекетін кей-кезде әдеби-ұйымдастырушылық деп те айқындайды. Теледидар редакторы режиссерді, операторды, суретшіні ауыстыра ала ма деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Бағдарламаның сапасы шығармашылық топтың әрбір мүшесі өз жұмысын жоғары деңгейде орындағанда ғана жақсы болады. Редактор бұл жерде ұйымдастырушы, бағыттаушы, барлық топтың жұмысын үйлестіруші ретінде қызмет атқарады. Олардың жалпы мақсаттары – бағдарламаның кәсіби деңгейін жоғары етіп көрсету болып табылады. Ал, редактор – осыған жауапты тұлға.
Тікелей эфирде редактор “дайындалмаған” материалмен жұмыс жасайды. Бұл жерде ең бастысы – тақырыпты ашып, бағдарламаның дұрыс мағынасын бере білу. Әрине, көркемдік безендірілуіне редактордан гөрі қоюшы режиссердің жауапкершілігі басымдау.
Осылайша, теледидар редакторына өз жұмысын жоғары деңгейде орындау үшін редакциялау шеберлігін білумен қатар, теледидар драматургиясы төңірегіндегі мәселелер жөнінде хабары болуы керек.
Сонымен қатар шешендік өнер негіздерін, бағдарлама дайындау технологиясын, экранның бейнелік көркемдік құралдарын жақсы меңгеруі керек. Теледидар редакторына тағы бір қажет қасиет – адамдармен қатынас орната білу. Оның іс-әрекетінде ұйымдастырушылық қабілет маңызды орын алады, сондықтан бағдарлама дайындаудың барлық кезеңіндегі дұрыс жүргізілген жұмыс бағдарлама сапасына үлкен әсерін тигізеді.
Ұйымдастырушылық жұмыстың жедел бағдарламаларда, трансляциялар, мерекелік кештер, байқаулар мен ток-шоу кезінде алатын маңызы зор. Бұл кезде қатысушыларды дұрыс таңдап, олармен танысып, мінез-қылықтарын зерттеп, олардың әрқайсысының атқаратын міндетін жете түсіндіру қажет.
Редактор теледидар қызметінде түрлі мәселелерді шешеді, сондықтан оның жұмысының кезеңдерінің саны көп. Теледидар редакторы үшін дайындық кезеңі тақырып өңдеуден басталады. Ең өнімді теледидар мүмкіндігі мен спецификасын айқындай алатын материал таңдалады. Ол кезде редактор бірнеше позицияға арқа сүйеді.
Біріншіден, теледидардың ерекше қасиеттері: жеделдік, көру мүмкіндігі, бірден көпшілік аудиторияны қамтуы.
Екіншіден, теледидардың басқа бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы.
Үшіншіден, теледидар көрсетілімінің спецификасы. Бағдарламаның бір рет көрсетілуі тиімді қабылдауды төмендетеді. Деректі материалдарда тақырып нақты, әрі түсінікті баяндалуы, дұрыс ұйымдастырылуы қажет.
Төртіншіден, аудитория тұрақтылығы, олармен жүйелі түрде қарым-қатынаста болу.
Бесіншіден, теледидар аудиториясының әртүрлілігі, яғни көрермендердің жасы, білім деңгейі әр түрлі болады.
Редактор ұсыныстарды, журналистердің меншікті және штаттан тыс тілшілерінің, шығармашылық бірлестік өкілдерінің, мамандардың жобаларын қарастырады. Осы кезеңде көрерменге тақырыпты дұрыс жеткізе алатын көркемдік құралдар таңдалады.
Әрбір телеарнаның өзіндік бағыты болуы шарт, олардың айдарлары, жүргізушілері, хабар беру түрлері мен жанрларында айырмашылық болуы тиіс.
Бағдарлама саясатын жүргізу үшін міндетті түрде оның құрамдас бөліктері: айдарлар, циклдар, сериялар мен блоктарды бөліп алу керек. Айдар бағдарламаны тақырыптық принцип бойынша немесе мақсаты бойынша біріктіреді. Тақырыптық жағынан бірдей материалдарды біріктіре отырып, айдар көрерменге өзіне қажет бағдарламаны тез таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар көрерменге бағыт береді, бағдарлама мағынасын терең ұғынуға көмектеседі.
Бағдарламаның тағы бір маңызды құрамдас бөлігі – циклдар. Циклға бір бағыттағы бағдарламалар кіреді, оларды бір автор жүргізіп, қатысушылары да бір болады. Циклда тақырыбы жағынан әр түрлі материалдың бірігуі қойылған міндетті толық шешуге мүмкіндік береді. Мысалы: “Айна. Апта қорытындысы” (Қазақстан), “Жеті күн” (Хабар), “Апта” (Астана), “Состояние kz” (31 арна). Бұл циклдардың басты артықшылығы – таңдалған мәселені жан-жақты, әрі жүйелі зерттеуге мүмкіндік берілуі.
Теледидар тәжірибесінде бағдарламалық блоктар кең қанат жайды. Олар түрлі бағдарламаларды уақытына қарай жинақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, таңертеңгілік, кешкілік блоктар. Блоктық құрылым көптеген арналар қызметін жүйелейді. Оның көптеген артықшылықтары да бар.
Бұл көрерменнің нақты бөлігіне бағытталатын бағдарлама ішіндегі бағдарлама, оның құрылысы еркін, жанры мен пішіндері әр түрлі.
Бағдарлама блогын дайындау кезінде ондағы кейбір жеке материалдардың тәртібі мен орналасуының өзіндік заңдылықтары бар, оларды көрерменге жақсы әсер қалдыру үшін пайдалануға болады.
Теледидар аудиториясының тұрақтылығы көлемі үлкен материалды бөліктермен, яғни серияға бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл оқиға немесе құбылыс жайлы толық мәлімет алуға көмектеседі. Серияға, әдетте, фильмдер мен спектакльдерді, үлкен бағдарламаларды бөледі.
Мағыналық реттеудің де үлкен маңызы бар. Ол материалды таңдап, оны әлеуметтік-қоғамдық және саяси мәнінің деңгейіне қарап топтастыру. Мысалы, ақпараттық бағдарламалар үнемі бір уақытта жүргізіледі. Бұл кезде көптеген көрермендердің уақыттары бос болады. Редакцияның да күні бойы жинаған материалдары бұл уақытта жүйелі түрде беріледі. Ақпараттық бағдарламалар миллиондаған аудиторияның естіген мәліметтерін бейнекөріністермен нақтыландырады. Ақпараттық хабарлар әр түрлі уақытта жүргізілуі тиіс. Бірақ бұл принцип әрдайым сақтала бермейді.
Жанрлық беттеу – сюжеттердің әртүрлілігін, берілу ерекшеліктерін есепке алады. Материалдың нақты орын тәртібі көрермен үшін өте маңызды. Беттеу арқылы көрермендер дайын бейнелік ассоциациялар алады.
Бағдарлама беттеуін “драматургиялық бастау” біріктіруі тиіс, яғни сюжеттердің қойылымы, нақты орын тәртібі, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тақырыптардың өзара байланыстығы.
Ырғақтық беттеу – түрлі бейнелік және техникалық құралдардың (сюжет, тікелей эфир, студиядағы түсірілімдер) пайдалануы. Ритмдік беттердің заңдарын бұзудың зардабы мағыналық беттеудегідей қабылдау белсенділігіне әсерін тигізеді.
Теледидарда редактор сценарийдің авторымен жұмыс жасайды. Онымен жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол екеуінің жұмысын телебағдарлама авторы деген бір ұғымға біріктіруге болады. Редактор мен автордың жұмысы өтініш берілгеннен бастап, бағдарлама эфирге шыққанға дейін жалғасады. Теледидар бағдарламасын дайындау процесіне авторды араластыру редактор жұмысының маңызды ерекшелігі. Авторды шақыра отырып, редактор өз шешімінің дұрыстығын анықтау қажет. Ол автордың кәсіби және әдеби мүмкіндіктерін камера алдында өзін еркін ұстауын есепке алады.
Теледидар немесе радиодағы автор қызметі баспа қызметінен әлдеқайда қиынырақ. Мысалы, баспа материалының әдеби құндылығы ғана ескерілсе, теледидарда оның бейнелік қатары да үлкен рөл атқарады. Өте мықты газет очеркшісі теледидарға очеркті тез дайындай алмайды. Өйткені теледидар бағдарламасының өзіндік ерекшелігі бар. Ал әдеби шығармашылықтағы негізгі көркемдік құрал – сөз ғана.
Авторды эфирге шығаруға шақыру этика нормаларымен сәйкес келеді. Сондықтан авторды шақырып алып, эфирге шығар кезде одан бас тартуға болмайды.
Сценарий дайын болып, эфирге шығар кезде ғана автормен байланыс орнату қажет. Себебі, автордың сценарийімен жұмыс істеуі көптеген шығынды қажет етеді. Автормен алдын-ала жақсы қатынас орнату жоспарланған ойды асыру үшін керек.
Егер автор теледидарға жаңа келген болса, оны міндетті түрде теледидар бағдарламасын дайындау технологиясымен, әдеби сценарийдің түрлі формаларымен таныстыру қажет. Автормен танысу үшін онымен келіссөз жүргізу керек. Бағдарлама дайындауда режиссер мен оператордың қызметі ерекше.
Автор ұсынған өтініш, сценарий мен материал редактор тұрғысынан жақсы қабылдануы тиіс. Редактор оператор қарым-қатынасы сценариймен жұмыс жасау кезінде үзілмеуі тиіс. Редактор кеңестерімен авторға көмек береді. Сценарий экранға шығуға арналады, сондықтан редактор тәжірибесінің жалпы қабылданған әдістерімен шектелу жеткіліксіз. Редактор авторды бейнематериалмен таныстырады, түрлі ұйымдарға, мұрағаттарға еркін кіре алуына жағдай жасау керек.
Сценарийдің редакторлық сараптамасы оның автормен қарым-қатынасының характерін анықтайды.
Теледидар тәжірибесінде редактор автор-маманның пікіріне құлақ салатын кездер аз болмаған. Бірақ осыған қарамастан, редактор жұмысының жауапкершілігі мол. Әдеби өңдеу аяқталғанымен, автор мен редактордың жұмысы аяқталмайды. Автор бейнелік материалдар таңдауға қатысады, синхрондық съемкалар өткізеді, сценарийдің дұрыс орындалуын қадағалайды, жетіспеген жерлеріне түзетулер мен өзгертулер енгізеді. Жедел түрдегі бағдарламаларға тұрақты, әрі тәжірибелі авторды алған жөн. Ол жұмысты әлдеқайда жеңілдетеді.
Редактордың міндеті мен қызметі әрдайым өзгеріп отырады. Аудиторияның әр түрлілігі мен көптігі эфирге шығып отырған адамнан көп нәрсені талап етеді. Ең алдымен, ол өз пәнін жақсы меңгеруі керек. Даралық, шынайылық аудитория ойын жетілдіреді. Мысалы, кей кезде эфирдегі адам дұрыс сөйлеп тұрса да, оның көздері мүлде басқа нәрсені айтып тұрғандай болады. Тақырыпқа деген мұндай үстірт көзқарас көрерменге де беріледі. Мұндай қателікті болдырмау үшін редактор бағдарлама мазмұнына аса көңіл бөлуі қажет. Дайындалған бағдарламаның экранға шығуының маңызы үлкен рөл атқарады.
Газеттің жарияланымын оқырман ойының күші мен тереңдігіне байланысты бағалайды. Ал теледидарда оған тағы бір аспект қосылады: ол эфирдегі адамның бет-әлпеті, өзін-өзі камера алдында ұстауы. Редактор бұл жерде хабар кейіпкерін режиссермен бірігіп таңдауы қажет. Автор – жүргізуші таңдалған кезде, редактор онымен экранда көтерілетін мәселе төңірегінде ой қозғайды, бағдарлама уақытын және т.б. белгілейді. Журналистиканың электронды құралдарын пайдалану тәсілдерін күннен күнге жетілдіре түсу – өмірдің өзі талап етіп отырған аса маңызды мәселелердің бірі.
Қазіргі ғаламдасу кезеңінде ақпараттар ағынының толассыз тасқыны мен телерадиостанциялардың молдығы да өмірге басқаша қарауға, әрі әр нәрсені сын тезінен өткізе отырып, терең біліммен қарулануымызды қажет етіп отыр. Қашаннан да мәнді әрі маңыздысы – бағдарламалардың қалың көпшілікке бағытталуы. Ол: мол аудитория, миллиондаған көрермендер, тыңдармандар, пайда, жарнама, абырой, тиімділік, әрі бәсекелестікке көшбастаушылықтан айырылмау.
Ендеше, тақырыпты зерттей келе құнды бағдарламалар, хабарлар сапасы төмендегідей критерийлерден тұрады деген қорытындыға келдік: публицистикалық тақырыптардың мол болуы; тақырыптардағы әлеуметтік мәнділік, актуальдылық, пікірталас және көтерілген проблемадағы жаңашылдық; келтірілген аргументтер мен фактілердің сенімділігі, әрі негізділігі мен толымдылығы; хабарға қатысушы қонақтардың проблемадан толыққанды хабардарлығы; аудиторияға ұсынылып отырылған тақырыптық ауқымдылық, көрсетілімнің жеделділік дәрежесі мен ақпараттың толымдылығы; сюжеттердің сонылығы, телевизиялық әрекеттің динамикалық дамуы. Көпшілік талғамына сай бағдарламалар дайындау журналистер, яғни тележурналистер, радиожурналистер еншісінде. Барлық параметрлер бойынша білікті маман даярлау – кезек күттірмейтін мәселе.
Қазіргі кезде көру, тыңдау қажеттілігін бірдей өтейтін теледидардың, радионың рейтингісі жоғары. Жергілікті халық ұлттық нақышты бағдарламаларды күтеді. Сан алуан ұлттың өкілдері тұрып жатқан кең байтақ жерімізде жұмыс істейтін көптеген электронды БАҚ өкілдері қандай бағытты таңдайды? Қандай бағытты таңдаса да, біздің менталитетіміздің сақталуын қадағалау – қажеттілік. Қадағалау, яғни соңғы нүктесін қоятын – редакторлар. Осыдан-ақ редакторларға жүктелген жауапкершілікті байқауға болады. Өйткені, әр мемлекеттің ұлттық ерекшеліктерін, салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін көрсетіп отыратын айнасы – теледидар және радио. Ал, электронды бұқаралық ақпарат құралдарымыз халқымыздың өмірін неғұрлым түзу, айқын көрсетуі болашақтың негізі болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |