«Информатика және математика» кафедрасы 6B06- жаратылыстану ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет20/39
Дата04.12.2023
өлшемі280.56 Kb.
#485406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Деректер базалары

стр
4

ОӘҚ атауы, соның ішінде әлектрондық тасымалдаушыларда (толық библиографиалық сипаттамасы)

ОӘҚсаны
(әкз)

Студ. саны



Жалпы саны

Соның ішінде қаз.тіл

Жалпы саны

Соның ішінде қаз.тіл

%
Қамт

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 10

1

Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер базасы

БД

1

Негізгі әдебиеттер







А.И.Көкетаев Деректер қорын құру және басқару. Оқу құралы Шымкет, 2017

3

3










Деректер қорлары және үйелер [Мәтін]: Оқу құралы / Э.Т. Абдрашова.- Шымкент: Нұрлы Бейне, 2018.

5

5








Дүйсебекова К.С. Деректер қорлары жүйелері [Мәтін]: Оқу құралы / К.С. Дүйсебекова, Л.С. Көпбосын.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.

5

5




Роберт У., Майкл К., Роберт Р., Фабио Ф., Фармер Д. SQL Server 2018. Ускоренный курс для профессионалов. Вильямс – Москва, Санкт- Петербург, Киев

4

 4




Бейсеков Ж., Рахымбек Д., Шарипов Т.А. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы. – Шымкент, 2013.-179б
















Қосымша әдебиеттер






М.Баймаханова Алгоритмдер және деректер құрлымы. Оқу әдістемелік құралы. Шымкент.2017

4

-










Коннолли Т., Бегг К. Базы данных. Проектирование, реализация и сопровождение. Теория и практика, 2-е изд. – М.: Издательский дом «Вильямс», 2009

10






Көкетаев А.И. Деректер қорын құру және басқару. Оқу құралы Шымкет 2017

4

-



100

2




Барлығы:

35

35

40

50


Кафедра меңгерушісі ______________М.Амандиков



Кітапхана меңгерушісі _______________

Ескерту:
1.Негізгі әдебиеттер - (оқулықтар, оқу құралдары, зертханалық практикумдар, әдістемелік ұсыныстар, әдістемелік нұсқаулар)


2. Қосымша әдебиеттер - (ғылыми басылымдар, анықтамалық және библиографиялық оқу құралдары, анықтамалықтар, нормативті-құқықтық актілер, мерзімді басылымдар).
3 Толық библиографиялық сипаттама - (Автор, кітап атауы, баспа түрі, қала, баспагер, жылы, беті).
4.Картада базалық пәндер (БП,БТП), кәсіптендіру пәндері (КП,КТП)бойынша қамтамасыз етілгендік нақтыланады
5. Мәліметтер қағазда және әлектронды түрде ұсынылуы керек (Excel бағдарламасы)
6. Пәнмен қамтамасыз етілу картасы жыл сайын оқу жылының соңында жасалады және университет кітапханасына ұсыныстар беріледі.
Ф.7.03-29


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
«Информатика және математика» кафедрасы
Лекция жинағы


Пәні: «Деректер қорының теориясы»


Құрастырушы: п.ғ.м.,аға оқытушысы Борибекова Г.Б.

Шымкент-2023ж.

Ф.7.03-29


ЛЕКЦИЯ №1



  1. Тақырыбы: Кіріспе. Деректер қорының теориясы Мәліметтер қорының пайда болу және даму тарихы.

ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ:

  1. Файлдық құрылым мәліметтері

  2. Мәліметтер қорының – объектілі-бағдарланган мәліметтер қорының, білім қорының дамуы және болашағы.

  3. Мәліметтер қоры. Негізгі ұғымдар.

  4. Мәліметтер қорының анықтамасы.

  5. Ақпарат және мәліметтер қоры



ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ:
Мәліметтер қоры ақпараттық технологияда үлкен роль атқарады және үлкен көлемді ақпараттарды автоматты түрде өңдеудің маңызды құралы болып табылады. Мәліметтер қоры мәліметтермен жұмыс істейтін қарапайым және ыңғайлы құрал және өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады. Мәліметтер қорының мүмкіндіктері мәліметтер қорының реляциялық жүйесі теориялық тұрғыдан жасалынып және жүзеге асырылғаннан кейін едәуір артты.
Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры мен білім қорының жүйесі кең көлемде таралымға ие болып отыр. Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелері шеше алмайтын қиын есептерді шеше алады. Білім қорларындағы мәліметтер қорының реляциялық жүйелерінде мәліметтерден аса жоғарғы деңгейдегі ақпараттарды алуға мүмкіндік беретін предикаттарды есептеу логикасы қолданылады.
Есептеу желілерінің дамуы үлестірілген мәліметтер қорының ролін арттырып отыр. Клиент/сервер технологиясы мәліметтерге орталықтандырылған қол жеткізу және басқарумен үлестірілген мәліметтерді өңдеуді білдіреді.
Мәліметтер қорының жалпы теориясы, негізгі анықтамалар, мәліметтер қорының файлдық құрылымды мәліметтерден айырмашылығы мен артықшылықтары мәліметтер қорларын практика жүзінде қолдану кезінде қалыптасқан мәліметтер қорының әралуан модельдері, мәліметтер қорларын концептуальды жобалаудың принциптері мен бейнелеу деңгейлері беріледі. Теориялық негізін реляциялық алгебра, реляциялық есептеу құрайтын, қазіргі уақытта ең көп тараған реляциялық модель жеке қарастырылады.
мәліметтер қорына қарағанда бірнеше кемшіліктері бар. Файлдық құрылым мәліметтерінің негізгі кемшіліктері төмендегідей:

  • мәліметтердің шектен тыс көп болуы;

  • мәліметтердің нашар бақылануы;

  • мәліметтерді басқарудың жеткіліксіз мүмкіндіктері;

  • программистердің еңбек шығындарының көптігі болып табылады.

Мәліметтердің шектен тыс көп болуы файлдық құрылым мәліметтерін пайдаланатын қосымшалардың тек өз мәліметтерімен ғана жұмыс істейтіндігімен байланысты. Сондықтан әртүрлі қосымшалардың мәліметтер файлдары бірдей ақпаратты қамтуы мүмкін. Сонымен қатар, әртүрлі қосымшалардағы мәліметтер арасындағы үйлесімділікті сақтау үшін файлдың біріндегі ақпаратты өзгерткен жағдайда басқа файлдардағы сәйкес ақпаратты да өзгерту қажет.
Мәліметтер файлдарындағы ақпарат тұтастай алғанда өзара байланыспаған, бұл мәліметтерді бақылау ісін қиындатады. Мәліметтер файлдарында бақылаудың осылайша әлсіз болуы әртүрлі қосымшалардың бірдей мәліметтерге әртүрлі мағына беруінде жатыр.
Файлдардағы мәліметтердің арасында байланыстардың болмауы мәліметтерді жеткіліксіз басқаруға және тіпті басқарудың мүмкін еместігіне әкеледі.
Қосымшалар мен мәліметтер файлдарын пайдалану барысында оларды өзгертіп, түрлендіру қажеттілігі туындайды. Ол үшін программаны қайтадан жазып, мәліметтерді құрастыру қажет, бұл программалаушылардың біраз еңбек етуін талап етеді.
Мәліметтер қоры. Негізгі ұғымдар.Ақпараттық технологияларды мәліметтер қоры үлкен роль атқарады. Мәліметтер қоры дегеніміз – белгілі бір сипаттамасы (құрылымы) бар, өзара байланыса сақталатын ақпараттар жиынтығы.
Мәліметтер қоры бірнеше ортақ қасиеттері бар элементтер жиынынан тұратын нысандарды сипаттауға арналған. Мысалы, нысан ретінде өндірістік ұжым бола алады. Бұл нысанның элементтері (адамдар) тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекен-жайы және т.б. сияқты қасиеттерге ие.
Мәліметтер қорларында келесі ұғымдар қолданылады:
өріс – нысанның белгілі бір қасиетін сипаттайтын ең кіші ақпарат бірлігі;
домен – өрістің қабылдайтын мәндерінің жиыны;
мәліметтер қорының құрылымы – өрістердің жиынтығы;
жазба – нысанның бір элементі үшін өріс мәндерінің жиынтығы;
мәліметтер қорының файлы – сипатталатын нысанның элементтеріне сәйкес келетін жазбалар жиыны.
Мәліметтер қорының файлдық құрылым мәліметтерінен басты айырмашылығы – мәліметтерді ұйымдастыру тәсілінде. Әдеттегі файлдар өзара байланыспаған мәліметтер элементтерінің қандайда бір тізбегі ретінде физикалық тұрғыда ұйымдастырылса, ал мәліметтер қоры берілген сипаттамаға сәйкес ұйымдастырылады және жекелеген элементтерінің арасында байланыс болады.
Мәліметтер қоры мен файлдың тағы бір айырмашылығы – мәліметтер қорының сипаттамасы сол мәліметер қорымен бірге сақталатындығында. Файл күрделі құрылымды болуы мүмкін, алайда бұл құрылымды анықтау сол файлдың ішінде емес, сол мәліметтер файлы жасалынған және қолданылған программаларда орналасады. Мәліметтердің сипаттамасы мәліметтер қорының өзінде сақталатын болғандықтан, ол мәліметтер қорымен бірге тасымалданып, осы мәліметтер қорын пайдаланатын программалардың қарамағына беріледі.
Файлдағы мәліметтерді сұрау кезінде, жалпы жағдайда сұралып отырған ақпарат көлемі мен орнын беру қажет, яғни физикалық ұғымдармен жұмыс істейсіз. Мәліметтер қорында мәліметтер қорының құрылымына сай ақпараттың белгілі бір типі, мысалы мекен-жайы сұралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет