«Информатика және математика» кафедрасы 6B06- жаратылыстану ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет29/39
Дата04.12.2023
өлшемі280.56 Kb.
#485406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Деректер базалары

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Мәліметтер қорының құрылымы мәліметтердің берілуінің қай деңгейінде сипатталады?

  2. Мәліметтердің берілуінің қандай деңгейі тасымалдағыштағы мәліметтердің орналасу тәсіліне сәйкес?

  3. МҚ берілуінің қанша деңгейі бар?

  4. Пайдаланушы деңгейінде мәліметтер қоры қандай түрге ие болады?



ЛЕКЦИЯ №9


Тақырыбы: Мәліметтер қорын жобалау


ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ

  1. Мәліметтер қоры құрылымына әкімшілік жасаудың модельдері, әдістері және программалық құралдары.

  2. Мәліметтер тұтастығын бақылау.

  3. Мәліметтер қорында ақпараттарды қорғау.

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ: Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердегі жалпыға арналған программалық қамтамасыз ету мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталады. Мәліметтер қорын басқару жүйелері – бұл мәліметтер қорын құруға, енгізуге және өңдеуден өткізуге арналған тілдік және программалық құралдардың кешені.
Әлемде МҚБЖ-ның 1000-нан астам түрі бар. Мәліметтер қорын басқарудың әр алуан жүйелері мәліметтердің әр түрлі модельдерін пайдаланады. Мәліметтер қорының әр түрлі модельдеріне негізделген МҚБЖ-лардың мысалдарына төмендегілер жатады:
Иерархиялық модель – IMS PC/Focus, Team-UP, Data Edge;
Желілік модель- IDMS, db-Vista III;
Қолданбалы есептегі шешу, әдетте, кестелерден бірнешеуіндегі ақпаратты қажет етеді. Кестелердің өздері ақпаратты өңдеу ыңғайлы болу үшін және оны қайталануын болдырмау мақсатында қандай да бір әдіспен байланыстырылады (3.3 ішкі бөлім). Байланысқан кестелердің логикалық тұтастығын қолдау қызметтерін МҚБЖ міндетіне алады (3.4 ішкі бөлім). Өкінішке орай МҚБЖ-лардың барлығы бірдей бұл қызметтерді (толықтай) жүзеге асыра бермейді, бұл жағдайда байланыстардың нақтылығына жауапкершілік қосымша жүктеледі.
МҚБЖ-ның кестелердің тұтастығын бақылауға қатысты мүмкін болар әрекеттерінің мысалын келтірейік. Екі кестенің арасында 1:М түріндегі байланыс бар делік, және соған сәйкес негізгі кетенің бір жазбасына қосалқы кестенің бірнеше жазбалары сеәйкес келуі мүмкін.
Жазбаларды қосалқы кестеге енгізген кесте жүйе негізгі кестедегі байланыс өрісіндегі сәйкес мәндердің бар болуын бақылайды. Егер енгізілетін мән негізгі кестеде болмаса, МҚБЖ жаңа жазбамен жұмысқа уақытша тосқауыл қояды және мәнді өзгертуді немесе оны тұтастай алып тастауды ұсынады.
Қосымша кестелердің жазбаларын алып тастау «ауырсынбайтындай» орындалады, ал негізгі кестенің жазбалары туралы олай деп айтуға болмайды. Негізгі кестенің жазбасы қосымша кестенің бірнеше жазбаларымен байланысқан жағдайда, екі түрлі әрекет жасауға болады: бағыныңқы жазбаның ең болмаса біреуі қалса да негізгі жазбаны алып тастамау (жазбаларды пайдаланушы алып тастауы тиіс), немесе негізгі жазбаны және барлық бағыныңқы жазбаларды түгелдей алып тастау (каскадтық жою).
Көп терезелі жүйелерде (қазіргі программалардың түгелге жуығы) және мәліметтер қорымен жұмыс істейтін үлестірілген ақпараттық жүйелерде бірдей нысандармен (МҚ нысандарын бірлесіп пайдалану) түрлі амалдарды орындаудың арасындағы келіспеушіліктерді шешу мәселесі туындайды. Мысалы, жергілікті желіні пайдаланушылардың бірі МҚ-ға өзгертулер енгізіп, ал екіншісі оның құрылымын өзгерткісі келгенде не істеу керек? Мұндай жағдайлар үшін МҚБЖ-да келіспеушіліктерді шешу механизмдері ескерілуі тиіс. Әдетте желінің бірнеше пайдаланушылары бір мезгілде жұмыс істеген кезде, сондай-ақ бір компьютерде бірнеше қосымша жұмыс істеген кезде немесе МҚБЖ-ның бірнеше терезелерінде жұмыс істеген кезде тосқауылдар қолданылады.
Тосқауылдар МҚ-ның әртүрлі нысандарына және нысандардың жекелеген элементтеріне әсер ете алады. МҚ нысандарын тосқауылдаудың нақты жағдайы бір мезгілде нысанды пайдалану және осы нысанды жасау режиміне енуге тырысуы болып табылады. Мәліметтер қорының кестелеріне қатысты қосымша тосқауылдар жекелеген жазбалармен немесе өрістерімен жұмыс жүргізу кезінде пайда болуы мүмкін. Тосқауылдар айқын және айқын емес болады. Айқын түрдегі тосқауылдарды пайдаланушы немесе командалар көмегімен қосымша орнатады.айқын емес тосқауылдарды орын алуы мүмкін болатын келіспеушіліктерді болдырмас үшін жүйенің өзі құрады. Мысалы, ақпаратты редакциялау кезінде МҚ құрылымының өзгертуге тырысқан жағдайда мәліметтерді редакциялау аяқталғанша МҚ-ны қайта құрылымдауға тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет