«информатика»


Стандартты саймандар тақтасы



бет24/32
Дата15.06.2016
өлшемі10.94 Mb.
#138114
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32

Стандартты саймандар тақтасы. Бұл тақтада орналасқан батырмалар жиі орындалатын командалардың әрекеттерін қайталайды. Олар файылды сақтау, оқу, қағазға басу, көшіру, енгізу, сандар қосындысын табу, мәліметтерді реттеу т.б. әрекеттерді жылдам орындау мүмкіндігін береді.

Форматтау саймандар тақтасы. Бұл саймандар тақтасындағы батырмалар қаріп ( шрифт) форматын таңдау мүмкіндігін береді: мәтінді жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп жазу,мәтінді туралау,сандарды форматтау, жақтау мен түстерді қолдана отырып, кестені безендіру әректтерін жылдам орындау істерін атқарады.

  • Бесінші жолформулалар қатары. Мұнда ұяшықтың - әр- бір тордың мазмұның көріп формулаларды өңдеуге болады.

  • Бесінші жол мен кестенің соңына дейінгі аралықты электрондық кестенің жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенің жолдары (қатарлары) санмен, ал бағаналары әріптермен таңбаланады.

  • Төменгі қатар - қалып күй қатары, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің жұмысын немесе Excel кестесі жөніндегі ақпарат шығып тұрады.

Төменгі қатардың сол жақ шетіндегі Excel кестесі жұмыс режимінің индикаторы тұр. Мысалы, Excel кестесі мәліметтердің енгізілуін күтіп тұрған жағдайда дайын режимдер тұрады да, индикатор Дайын ( Готов) деген сөзді көрсетіп тұрады.

Excel электрондық кестесі жазылған әрбір файл, бірнеше беттерден тұратын байланысқан кестелерді бір орынға сақтап қойып, қажетті ақпаратты жылдам іздеп табу мүмкіндігін беретін Кітап болып саналады. Беттердің немесе парақтардың жарлықтары экранның төменгі сол жақ шетінде көрініп тұрады. Әдетте электрондық кесте іске қосылғен мезетте 1- бет ( лист1) екпінді болады, келесі немесе басқа бетке өту қажет болса, сәйкес парақтың жарлығында тышқанды шертеміз.



Ұяшықтың блогы немесе аралығы

Бір мезгілде бір ұяшықпен немесе қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар тізбегімен жұмыс жасауға болады. Белгіленген ұяшықтар тізбегін топ немесе блок деп атаймыз. Мұндай блоктардың адресі бірінші ұяшықпен соңғы ұяшықтар адресін қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы, D2 ден D8 аралығындағы блоктың адресі D2 : D8 түрінде көрсетіледі (Сурет 3 )





Сурет 3. D2 : D8 блогы белгіленген

Кестенің бағана, қатар, блоктарын белгілеу

Тышқанның көмегімен кесте бөліктері былай белгіленеді:



  • Бағана – қажетті бағана тақырыбындағы танбаланған әріпте (А, В, С) тышқанды шерту;

  • Қатар – қажетті бағанаға сәйкес келетін нөмірде (1, 2, 3) тышқанды шерту ( кестенің сол жағындағы ең шеткі бағанасы);

  • Бірнеше бағаналар - бірінші бағана тышқанды шерткен соң, тышқанның батырмасын ұстаулы күйінде соңғы бағанаға жеткіземіз;

  • Блокты – блоктың бастапқы ұяшығында тышқанды шертеміз де, тышқанның батырмасын босатпай, курсорды соңғы ұяшыққа жеткіземіз;

  • Жұмыс парағы - бағаналар таңбаланған әріптер жолымен қатар нөмірінің қиылысқан жерінде тышқанды шертеміз (кестенің сол жақ жоғарғы шеті);

Кестеге мәліметтер жазу

Ехсеl программасында электрондық кесте ұяшығына енгізілетін мәліметтердің типтері мәтін, сан, уақыт, күн-ай мезгілі және формула болуы мүмкін.



Тапсырма:

  1. Тақырыпқа байланысты Excel кестесінің терезесімен танысу, әдістемелік нұсқаудағы тапсырманы қадам бойынша орындап шығу

  2. Әдістемелік нұсқаудағы Тапсырма 2 қадам бойынша орындап шығыңыз.

  3. Әдістемелік нұсқауға сүйене отырып келесі тапсырмаларды орындаңыз:

  • Келесі кестені А1:G8 аралығына (Кесте 1 ) толтырыңыз.

Кесте 1




1

2

3

4

5

6

Рожок

2800

5600

8400

11200

14000

16800

Эскимо

2200

4400

6600

8800

11000

13200

Бомба

12000

24000

36000

48000

60000

72000

Батончик

2800

5600

8400

11200

16800




Жаңғақты балмұздақ

4700

9400

14100

18800

23500

28200

Белочка

5500

11000

16500

22000




33000

Торт-балмұздақ

16000

32000

48000

64000

80000

27500




  • Кесте 1 В5: Н12 аралығына көшіріңіз.

  • В4: Н4 аралығын Балмұздақтар деген сөз жазыңыз.

  • Осы кестенің алғашқы 2 жолын Парақ 2-ге көшіріңіз

  • Парақ 1 атын Жалпы саны, ал Парақ 2 атын Рожок деп өзгертіңіз. Осы Кітап 1 басқа Балмұздақ атымен сақтаңыз. Жаңадан Эскимо атты парақ ашып, ол парақтың атын Эскимо деп өзгертіңіз.

  • Кестедегі мәліметтердің түсін, ұяшықтар тобының түсін, шектеулерді өз еркіңізбен өзгертіңіз.

  • Кітапты Тапсырма 2 деген атпен сақтаңыз.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырма 1

  1. Microsoft Excel-ді жүктеңіз

    • Пуск мәзірі арқылы

    • Мой компьютер терезесі арқылы

  2. Microsoft Excel терезесін жабыңыз

  1. Microsoft Excel терезесінің сыртқы түрімен танысып шығыңыз. Келесі объектілердің қай жерде орналасқанын қараңыз:

  • Тақырып жолы

  • Жүйелік мәзір батырмасы

  • Орау, жаю батырмалары Microsoft Excel терезесі үшін және Кітап 1 үшін

  • Мәзір қатары

  • Құралдар тақтасы

  • Ағымдағы ұяшық номері мен формула жолы

  • Жұмыс аумағы

  • Көлденең және тік айналдыру жолақтары

  • Беттер жарлықтары

  • Бет жарлықтарын айналдыру жолақтары

  1. Стандартты және Форматтау саймандар тақталарын алып тастаңыз.

  2. Стандартты және Форматтау саймандар тақталарын қайта қосыңыз.Диаграмма және сурет салу тақтасын шығарыңыз.

  3. Курсорды F10 және L30 ұяшықтарына апарыңыз

  4. Microsoft Excel-дің анықтама жүйесін шақырып, одан кітап, бет ұғымы, беттер арасында ауысу жайлы оқып танысыңыз.

  5. Көмекшіні шақырыңыз. Оның түрін өзгертіп, өшіріңіз.

  6. Есептер облысын (Область задач) шақырыңыз. Ол үшін Түр (Вид) – Есептер облысы (Область задач) қомандасын орындаңыз. Терезенің сол жағында Есептер облысы пайда болады.

  7. Осы тереземен танысыңыз. Қандай дайын шаблондар Excel 2003 ЭК бар екенін ашып көріңіз.

Тапсырма 2

    1. А бағанының алдына жаңа баған қосыңыз. Ол үшін А1 ұяшығын белгілеп жанама мәзірден Ұяшық қою (Добавить ячейки) командасын немесе Кірістіру (Вставка) – Бағандар (Столбцы) командасын орындаңыз. Осы жерде Кірістіру (Вставка) – Ұяшықтар (Ячейки...) командасын қолданып, жол немесе бағанды, оң немесе сол жағынан қосуды таңдауға болады (Сурет 4 ).



Сурет 4 . Ұяшық қосу терезесі

    1. С2:Е2 аралығын тышқан көмегімен ерекшелеңіз. Форматтау тақтасындағы көмегімен осы ұяшықтарды біріктіріңіз. Бұл жерге Балмұздақ сөзін теріп жазыңыз.

    2. С2:Е7 тобын ерекшелеңіз. Форматтау тақтасындағы шектеулер көмегімен ерекшелінген ұяшықтар тобын толық торлаңыз.

    3. С3:Е4 тобын ерекшелеңіз. Форматтау тақтасындағы толтыру түсі көмегімен ерекшелінген ұяшықтар тобының түсін қызылға бояңыз.

    4. С3:Е4 тобын ерекшелеңіз. Форматтау тақтасындағы толтыру түсі көмегімен ерекшелінген ұяшықтар тобының түсін қызылға бояңыз

    5. С5:Е8 тобын ерекшелеңіз. Ерекшелінген ұяшықтар тобының түсін көгілдір түске бояңыз

    6. Балмұздақ сөзін ерекшелеп қаріп түсін көмегімен көк түске бояңыз

    7. Кестені толық ерекшелеп алып екінші параққа көшіріңіз. Ол үшін тышқан көмегімен кестені ерекшелеп, жанама мәзірден Көшіру (Копировать) деп, екінші параққа Қою (Вставить) командасын орындаңыз. Көшіріп қоюдың басқа да тәсілдерін қолданып көріңіз.

    8. Парақ 2 атын Балмұздақ деп өзгертіңіз. Ол үшін Парақ 2 жарлығына барып, жанама мәзірден атын өзгерту (Переименовать) командасын орындаңыз немесе парақ атына тышқанмен екі рет шертіңіз.

    9. Жаңадан парақ қосыңыз. Ол үшін парақ атына барып жанама мәзірден Қосу (Добавить) немесе Кірістіру (Вставка) - парақ (Лист) командасын орындайсыз.

    10. Кітапты сақтаңыз. Ол үшін Файл – Сақтау (Сохранить) командасын орындайсыз. Кітап атын Тапсырма 1 деп сақтаңыз.

Тапсыру формасы: Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[4,5,6,9]/[1,2,3]



Бақылау сұрақтары:

  1. Ехсеl электрондық кестесінің атқаратын қызметі қандай?

  2. Ехсеl терезесінің негізгі элементтерін сипаттаңыз.

  3. Электрондық кестедегі кітап деген не? Жаңа кітап қалай кұрылады?

  4. Блоктар деген не және олардың адрестері қалай беріледі?

  5. Ехсеl кестесінде мәліметтерді жылжыту жөне көшіру әрекеттері қалай орындалады?


Зертханалық жұмыс №4 (6 сағ)

Тақырыбы: Формуламен жұмыс. Функциямен жұмыс. Жұмыс беттері және кітаптар. Диаграммалармен жұмыс.

Мақсаты:

  • Формуламен жұмыс жасап үйрену, адрес түрлерімен танысу, автотолтыруды меңгеру

  • Функция категорияларымен танысу, оларды есептеулер жүргізуде қолданып үйрену.

  • Диаграммалар және графиктер құрып үйрену. Диаграммаларды өңдеу және безендіру. Диаграммаларды баспаға шығару.


Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, MS Excel ЭК



Теориялық түсініктеме:

Excel электрондық кестесінде адрестерді көрсету әдістері

Ұяшық пен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы және аралас түрде бейнелеу:



Салыстырмалы адрес. Ұяшықтармен жұмыс жасау кездерінде D3, A1:H9 т.с.с сілтемелерлі қолдануға болады. Адрестердің мұндай түрде көрсетілуісалыстырмалы деп аталады. Салыстырмалы адрестер формулаларды жылжыту кезінде өте ыңғайлы.Формулаларда мұндай адрестерді қолдану барысында Excel кестесі ұяшықтың адресін ағымдағы ұяшық адресіне салыстырмалы түрде сақтайды. Мысалы, D4 ұяшығына = D1+ D2 енгізетін болсақ, Excel программасы бұл формуланы «екпінді ұяшықтан үш қатар жоғары және екі қатар төмен ұяшықтағы мәндерді қосу керек»деп қабылдайды.

Абсолютті адрес. Егер формуланы көшіру барысында белгілі-бір ұяшыққа немесе аймаққа сілтеме жасау қажет, абсолютті адресті қолданамыз. Абсолютті сілтеме $ белгісінің көмегімен жазылады. Мысалы: $A$C14 түрінде сілтеме жазылса, формуланы қай орынға орналастырсақ та, сол формулада тұрақты түрде C14 ұяшығындағы мән пайдаланылады.

Аралас адрес. $ белгісі қажетті орында ғана жазылады, мысалы $C14 немесе C$14.Егер абсолютті адрес белгісі ұяшық алдында ғана жазылса ($C14), баған мәні тұрақты, қатар мәні өзгереді. Керісінше қатарды тұрақты қалдырып, бағананы өзгерту үшін (C$14) түрінде жазылады.

Формулалар енгізу

Excel электрондық кестесі арифметикалық амалдарды, функциялармен біріктілген сандар тізбегін немесе ұяшықтар адрестерінен тұратын арифметикалық өрнектерді формулалар ретінде қабылдайды.

Формулаларды міндетті түрде «=» теңдік немесе «+» қосу белгісінен бастап жазу керек. Мысалы теңдігін есептеу үшін немесе формуласымен жазамыз.

Формулалардағы амалдардың орындалу реті операторлардың көмегімен жазылады. Операторлар дегеніміз - іс-әрекеттің орындалу ретін анықтайтын шартты белгілеулер



Формулалар қайтаратын қателіктер

Келесі кестеде қателіктер тізімі көрстеілген (Кесте 2 ).



Кесте 2

Қателік

Сипаты

#Н/Д

Н/Д – Анықталмаған мәліметтер (неопределённые данные) қысқартылған сөз. Бос ұяшықтарға сілтеменің болмауын қарастыады

#ЧИСЛО!

Қолданылмайтын аргумент ті көрсетеді.

#ИМЯ?

Ат жазғандағы қателік немесе жоқ атты білдіреді

#ССЫЛКА!

Бос ұяшыққа сілтеме қолданылып тұр

#ЗНАЧ!

Сандық немесе логикалық мәннің орнына текст енгізілген, программа соны өңдей алмай тұр деген сөз

#ДЕЛ/0!

Бөлгіш ретінде ноль мәнге тең немесе бос ұяшық тұғанын білдіреді.

#ПУСТО!

Ұяшыққа қате сілтеме тұрғанын көрсетеді.

#############

Мәліметтер бағанға симай тұр, баған енін кеңейту керек.

Автотолтыру

Электрондық кестеде торларды мәліметпен автоматты түрде толтыру мүмкіндігі бар. Ұяшықтарға ай атарын, сандарды т.б. автоматты түрде енгізуге болады. Мысалы, ұяшыққа кез келген ай атын теріп жазған соң, кестелік курсорды сол ұяшыққа орналастырып, тышқанның көмегімен толтыру әрекетін орындасақ, келесі ұяшықтарға реті бойынша ай аттары енгізіледі. Дәл осы әрекетті орындай отырып, ұяшықтарды белгілі бір заңдылықпен реттелген санмен де толтыруға болады. Ұяшықтарды санмен толтыру үшін, міндетті түрде екі сан енгізілуі керек. Excel программасы сандар енгізілген мезетте сандардың айырмасын есептеу арқылы, қадамды анықтайды да, толтыру әрекеті орындалған кезде келесі ұяшыққа сол қадамды ескере отырып, сан мәндерін есептеп енгізеді. Ұяшықтарға сандарды, белгілі қадаммен кему немесе арту реті бойынша автоматты түрде жазу үшін, екі сан енгізілген ұяшықты бірге белгілеп алып, толтыру әрекетін орындау қажет.



Функция ұғымы

Excel программасына функциялардың ауқымды жиыны ендірілген:



  1. Финанстық

  2. Дата және уақыт

  3. Математикалық

  4. Статистистикалық

  5. Сілтемелер және массивтер

  6. МҚ жұмыс

  7. Мәтіндік

  8. Логикалық

  9. Қасиеттер мен мәндерді тексеру

Егер кестеге бірнеше сандар енгізілетін болса, Excel 2003 программасы оларды қарапайым арифметикалық ортасын табудан бастап, күрделі тригонометриялық есептеулерді жасауға дейін 300- ден аса тәсілмен өңдей алады. Excel 2003 функциялары – программа жадында сақталып тұрған арнайы формулалар болып табылады. Әрбір функция аты (мысалы, СУММ т.с.с) мен оның аргументі арқылы өрнектеледі. Аргументтер дегеніміз - нәтиже алу үшін қолданылатын мәліметтер. Функцияның аргументі сілтемелер немесе атау, мәтін немесе сан, уақыт немесе мерзім бола алады. Аргументтер функция атының оң жағында жай жақшаның ішінде жазылады.

Функциялар есептеулерді ықшамды күйде жазу үшін қолданылады.

Мысалы, СУММ (А1:А300) функциясы =>А1:А300 аралығындағы ұяшықта орналасқан мәндердің қосындысын табады.

Қосу функциясы өте жиі қолданылатындықтан, оған саймандар тақтасында автоматты түрде қосу батырмасы ∑ меншіктеліп қойылған. Қосу амалын жылдам орындау үшін осы батырманы пайдалануға болады.

Формулаға Excel программасында қолданылатын кез келген функцияны енгізу үшін, Кірістіру (Вставка) - Функциялар командасын орындаймыз немесе саймандар тақтасындағы батырмасын шертеміз. Осы әрекеттердің бірін орындаған соң, экранда функцияны таңдау мүмкіндігін беретін сұхбат терезесі ашылады (Сурет 5).





Сурет 5. Функция шебері. Қадам 1.

Функциялар шеберінің бұл терезесінде көрсетілген тізімнен өзімізге қажетті функцияны таңдап аламыз. Осы терезенің төменгі бөлігінде функцияның атқаратын қызметі жөніндегі анықтамалықты оқуға болады.

Екінші сұхбат терезе (Функциялар шеберінің екінші қадамы) таңдалған функцияның аргументтерін енгізу мүмкіндігін береді (Сурет 6). Бұл терезе формулалар тақтасы деп те аталады.




Сурет 6. Функциялар шеберінің екінші қадамы.

Осы терезеде функцияның және аргументтерінің анықтамасы көрсетілген. 1- сан (Число1) мәтіндік өріске сан, ұяшыққа сілтеме, формула немесе басқа функция енгізуге болады.



Диаграммалар

Диаграмма мәліметтерді көрнекі түрде бейнелеу үшін қажет. Сандық мәліметті график түрінде көрсетеді. Excel программасында диаграмма құру өте жеңіл жүзеге асады.Диаграмма құру үшін оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып, диаграмма шеберін іске қосу жеткілікті.Бұл диаграммалар шебері біраз дайындық жұмыстарын жасайды,ал біз оның жұмысын бақылап отырып, қажетті жерде өзгерістер енгіземіз.Диаграммалар шебері қажетті параметрлер тағайындалғаннан кейін сол ақпараттарға сәйкес диаграмма құру қызметін атқарады.



Тапсырма:

Тапсырма 1

  1. «Менің бағым» атты мынандай кесте құр (Кесте 3 )

Кесте 3

Ағаштар

Саны

1 ағаш/кг

1 кг/тг

Жалпы бағасы

Алма

10

8

150



Шие

15

5

100




Алмұрт

20

10

200




Өрік

25

6

150




Жүзім

30

7

300




Тапсырма 2

Келесі «Сатылатын билеттер» кестесін толтырып есептеулерді жүргізіңіз (Кесте 4).



Кесте 4



Тапсырма 3

Келесі «Пәтерақы» кестесін толтырып есептеулерді жүргізіңіз (Кесте 5).



Кесте 5

Жылу, тнг/кв.ш

70










Суық су, тнг/1 адам

220










Ыстық су тнг/чел

360




























Пәтер номері

Пәтердің жалпы ауданы

кв.ш


Тұрғындар саны

Жылуға төлем тнг

Суға төлем тнг

Жалпы пәтерге төлем тнг

25

45

1










22

36

3










21

45

2










24

58

3










23

60

6










20

125

5































Жалпы суммасы













Ең аз төлем көрсеткіші













Ең көп төлем көрсеткіші










Тапсырма 4

Келесі кестені толтырып есептеулерді жүргізіңіз (Кесте 6).



Кесте 6

Сан

2 санына бөлу

 

5 санына бөлу

 

 

Шығару

Нәтиже

Бүтін мәні 

Шығару

Нәтиже

Бүтін мәні  

120

бөлінеді

60,00

60,00

бөлінеді

24,00

24,00

14

бөлінеді

7,00

7,00

бөлінбейді

2,80

2,00

2



















11



















65



















38



















470



















62



















63



















99



















124



















56



















150



















20



















25











































Берілген сандардың ішінде 2 санына бөлінеді

10







Тапсырма 5

Незнайка кеңсе тауарларын сатады: карандаш, блокнот, дәптер. Бір күнде 2 блокнот, 13 карандаш, 45 дәптер сатсын. Осыны диаграмма түрінде көрсетіңіз.



Тапсырма 6

Осы диаграмманы ашып өңдеңіз.



Тапсырма 7

«Менің бағым» кестесін ашыңыз. Осы кестедегі ағаштардың сандық мөлшерін көрсететін дөңгелек диаграмма құрыңыз. Бірінші және екінші бағандар бойынша құрылады.



Тапсырма 8

«Прайс-лист1» (Кесте 7) және «Прайс-лист2» (Кесте 8) кестелерін ашыңыз. Осы кестелердегі тауар атын және әр тауардың сандық мөлшерін көрсететін сақиналы диаграмма құрыңыз.



Кесте 7

Факстер

Модель

Атауы

Құны

Бағасы

Саны

Жалпы құны

F100G

Персональный

1608

2090,4

567




F150G

Персональный

1840

2392

420




F200G

Персональный Плюс

1730

2249

634




F250G

Персональный Плюс

2076

2698,8

432




F300G

Деловой

2551

3316,3

297




F350G

Деловой

2761

3589,3

437




F400G

Профессиональный

3513

4566,9

324




F450G

Профессиональный

3615

4699,5

289




F500G

Профессиональный Плюс

4678

6081,4

211




F550G

Профессиональный Плюс

5614

7298,2

108





Кесте 8

Ксерокстар

Модель

Атауы

Құны

Бағасы

Саны

Жалпы құны

g100gls

Персональный

827




564




g110gls

Персональный

993




632




g200gls

Персональный Плюс

1430




438




g210gls

Персональный Плюс

1716




645




g300gls

Деловой

2470




437




g310gls

Деловой

2965




534




g400gls

Профессиональный

4270




409




g410gls

Профессиональный

5124




395




g420gls

Профессиональный Плюс

6415




298




g500gls

Профессиональный Плюс

7378




328




  • Осы кестелердегі бос бағандарға сәйкес формулалар жазып, есептеулер жүргізіңіз. Бағасын есептеу үшін өз құнын 1,3 коэффициентке көбейтеміз. Енді автотолтыруды қолданып басқа заттардың жалпы құнын және бағасын есептеңіз.

  • Осы құрған кестелерді форматтап, ішіндегі мәліметтердің түрін, түсін өзгертіңіз.

Тапсырма 9

Келесі кестедегі (Кесте 9 ) мәліметтерге дөңгелек диаграмма құрыңыз:



Кесте 9

Шығындар

Мөлшері%

Қорғаныс

24,6

Региондар

8,2

Қарыздар

27,4

Білім

5,9

Өндіріс

7

Денсаулық сақтау

3,9

Ғылым

1,8

Басқа да шығындар

21,2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет