«информатика»



бет22/32
Дата15.06.2016
өлшемі10.94 Mb.
#138114
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32

Бекіту сұрақтары

  1. Internet дегеніміз не?

  2. Internet хаттамалары дегеніміз не?

  3. IP адресациясы дегеніміз не?

  4. IP маршрутизациясы дегеніміз не?


12-дәріс. Телекоммуникациялық жүйе: электронды пошта, электронды хабарламалық тақталар, телеконференциялар
Мақсаты: Microsoft Exchange программасы көмегімен электрондық хабарламалар құру және жөнелту электрондық хабарламалар құру және жөнелту түсінігін қалыптастыру.

Microsoft Exchange программасы көмегімен хабарламалар жөнелту үшін, компьютер модем немесе телефон арнасы арқылы электрондық почта қызметімен байланыстырылған болуы керек. Электрондық хабарламаны құра отырып, Microsoft Exchange арқылы оны жөнелту тәсілін таңдау қажет. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда Microsoft Mail, Office Vision программалық жабдықтарының бірін қолдануға болады.

Электрондық хабарлама жазып, оны жөнелту үшін жіберілетін адамның электрондық адресін білу қажет. Оны адрестік кітаптан тексеруге немесе табуға болады. Адресті дұрыс жазғаннан кейін ғана Microsoft Exchange көмегімен электрондық қызметпен байланысып, хабарламаны жөнелтуге болады.

Электрондық хабарлама құру. Электрондық почта арқылы белгілі бір адреске хабарлама құру және жөнелту үшін:


  1. Жұмыс үстеліндегі Кіретін (Входящи) шарт белгісінде екі рет шертеміз. Microsoft Exchange программасы іске қосылып, экранда Кіретіндер терезесі ашылады.

  2. Саймандар тақтасындағы Хабарлама құру батырмасында тышқанды шертеміз. Жаңа хабарлама терезесі ашылады.

  3. Жаңа хабарлама терезесінде Кімге өрісінде өзіміздің желілік атауымызды теріп жазалық. Желідегі басқа желілік атауды теріп жазуға да болады.

  4. Тақырып өрісінде хабарлама мазмұнын білдіретін кез келген тақырып жазамыз.

  5. Терезенің төменгі жағындағы жұмыс алабына жөнелтуге қажетті кез келген хабарламаны теріп жазамыз.


Хабарламаны жөнелту. Microsoft Exchange көмегімен құрылған хабарламаны Интернет желісі немесе басқа кез келген электрондық қызмет арқылы жөнелтуге болады. Хабарламаны Microsoft Mail қызметі арқылы жөнелту.

  1. Жаңа хабарлама терезесінде саймандар тақтасындағы Жөнелту батырмасында тышқанды шертеміз. Microsoft Exchange программасы адрестік кітаптан бұрынғы хат жазылған қабылдап алушылар аттарын іздей бастайды. Егер адрес табылса, хабарлама Шығатындар бумасына орналасады. Келесі жолы электрондық почта қызметімен байланыс жасау кезінде хабарлама жөнелтіледі. Егер қабылдап алушының адресі адрестік кітаптан табылмаса, Аттарды тексеру сұхбат терезесі ашылады. Осы терезеде дұрыс адресті табуға немесе жаңа адресті теріп жазуға болады.

  2. Қабылдап алушының адресі анықталған соң, осы терезеде Сервис-Почтаны жеткізу командасын орындаймыз. Егер компьютерге басқа да электрондық қызметтер орнатылған болса, осы менюдегі Microsoft Mail қатарын шертеміз.


Адрестік кітаппен жұмыс істеу. Microsoft Exchange программасы электрондық поштаны тұтынушылардың адрестері мен аттарын сақтау мүмкіндігін береді. Адрестік кітапта электрондық хабарлама жіберетін адрестер тізімі тұрады. Бір хабарламаны бірнеше адресатқа жөнелту үшін адрестік кітаптан олардың адрестерін ерекшелеу жеткілікті.

Егер компьютер корпоративті немесе жергілікті желімен байланыстырылса, бірнеше адрестік кітаппен қатынас жасауға болады. Әдетте, жергілікті компьютер желісінде оны қолданатын барлық тұтынушылардың адрестері жазылған жүйелік әкімші құрған ортақ адрестік кітап болады. Ортақ адрес кітабына жаңа адрес қосу, өшіру әрекеттерін тек желі әкімшісі ғана орындай алады. Өзіміздің жеке адрес кітабымызды құрып, бұл кітапқа өзімізге қажетті жаңа адрестерді қосу немесе өшіру, ортақ адрес кітабынан көшіру әрекеттерін орындай аламыз.



Адрестік кітаптың көмегімен адрестерді тексеру кезінде қабылдап алушының атын тексеру қажет. Ол үшін:

  1. Жаңа хабарлама - Microsoft Exchange терезесіндегі кімге өрісінде хабарлама жібергіміз келетін тұтынушы атының алғашқы әріптерін теріп жазамыз да, саймандар тақтасындағы Аттарды тексеру батырмасында тышқанды екі шертеміз. Осы кезде Аттарды тексеру сұхбат терезесі ашылады. Бұл сұхбат терезе адрестері жазылған Microsoft Exchange хабарламасын жөнелту кезінде қабылдап алушының аты табылмаған кезде ашылады.

  2. Көрсетілген адресті басқаға ауыстыру тобындағы тізімнен басқа атты ерекшелеп алып, ОК батырмасында тышқанды шертеміз. Егер тізімде бір де бір ат жоқ болса, Басқа аттар батырмасында тышқанды шертеміз. Егер адрестік кітаптан керекті атын таппасақ, Аттарды тексеру сұхбат терезесінде Жаңа адрес құру опциясын іске қосып, жаңа атты және оның адресін теріп жазамыз.

  3. Жаңа хабарламалар - Microsoft Exchange терезесін жабамыз.

  4. Жұмысты аяқтау сұхбат терезесінде Жоқ батырмасында тышқанды шертеміз.


Хабарламаларды қабылдау. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, Microsoft Exchange программасы келіп түскен жаңа хабарламаларды үнемі тексеріп отырады. Алдын ала (үнсіз) келісім бойынша тексеру әрбір он минут сайын жүргізіледі, бұл уақыт аралығын өз қалауымызша өзгертуге болады. Жаңа хабарламалардың келген-келмегенін де өз бетімізше кез келген шақта тексере аламыз. Тек электрондық почта қызметімен жұмыс істеу кезінде жұмыс осылай атқарылады.

Жаңа хабарламалардың келіп түскенін тексеру үшін Сервис-почтаны жеткізу командасын орындаймыз да, ашылған менюден Microsoft Mail командасын таңдаймыз.

Осы команда орындалған соң, Microsoft Exchange клиенті келіп түскен хабарлама бар жоғын тексереді де, бар болса оны сол компьютерге көшіреді.



Электрондық хабарламаларды оқу. Жаңа хабарламалар Microsoft Exchange программасы құрамына кіретін Жеке бумалар ішінде орналасады. Хабарламаны оқу үшін оны ашу керек. Бірнеше хабарламаны Түр менюінің Алдыңғылар және Келесілер командаларының немесе пернетақтасындағы дәл осылай аталатын батырмалар көмегімен оқуға болады. Microsoft Exchange программасы іске қосылған мезетте автоматты түрде Кіретіндер бумасы ашылады.

Хабарламаны оқу және баспаға шығару үшін мына іс-әрекеттер орындалады:

  1. Microsoft Exchange терезесінде Кіретіндер бумасының шарт белгісінде тышқанды екі рет шертеміз.

  2. Оң жақ терезедегі оқығымыз келетін хабарламалардың бірінде тышқанды екі рет шертеміз.

  3. Егер компьютерге принтер қосылған болса, пернетақтасындағы Баспаға шығару батырмасында тышқанды шерту арқылы осы хабарламаны қағазға басып шығаруға болады. Хабарлама терезесін жабамыз.


Хабарламаларды бумаларға топтауды ұйымдастыру. Хабарламалар көп келіп түскен кезде, олардың әрқайсысының мазмұнын есте сақтау қиындайды. Сондықтан келешекте қажет болатын хабарламаларды тақырыптарына немесе ортақ параметрлеріне қарай топтап қойған ыңғайлы.

Хабарламаларды реттеудің ең оңай жолы – оларды бумаларға топтап жазу.

Өшірілмейтін хабарламаларды арнайы бір бумаға жазып отырған тиімді. Оқылмаған хабарламалар жазылған буманың аты жартылай қайтылған қаріппен ерекшеленіп тұрады.

Хабарламаны өшіру. Өшірілген хабарламалар Өшірілген бумасында орналасады. Осы Өшірілген бумасын тазартпайынша, өшірілген хабарламалар осы бумада сақталып тұрады. Бұл бумада орналасқан хабарламаларды қайтадан қалпына келтіруге де болады. Ал бұл бумадан өшіріліп кеткен хабарламаларды қайтадан қалпына келтіре алмаймыз.

Microsoft Exchange программасының параметрлерін программадан шығу кезінде Өшірілгендер бумасын автоматты түрде тазаратындай етіп тағайындауға мүмкіндігі бар. Ол үшін:


  1. Microsoft Exchange терезесінде Жоба бумасының шарт белгісін ерекшелеп, пернетақтасындағы Өшіру батырмасында тышқанды шертеміз. Microsoft Exchange терезесінде Өшірілгендер бумасының шарт белгісінде тышқанды шертеміз.

  2. Осы терезедегі жаңа орналастырылған хабарламаның шарт белгісін ерекшелеп, пернетақтасындағы Өшіру батырмасында тышқанды шертеміз.


Бекіту сұрақтары:

  1. Телекоммуникациялық жүйенің қызметі қандай?

  2. Электрондық хабарламаларды қалай құрамыз?

  3. Хабарламаны қалай жөнелтеміз?

  4. Адрестік кітаппен қалай жұмыс жасауға болады?

  5. Хабарламаны қалай қабылдаймыз?

  6. Хабарламаларды бумаларға топтауды қалай ұйымдастырамыз?


13-дәріс. Ақпаратты қорғау. Ақпартты қорғау негіздері. Ақпараттық қауіпсіздік және оны құраушылар
Мақсаты: Желіде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын пайдалануды үйрену
Желіде жұмыс істеу кезінде ақпаратты қорғау

Қазіргі кезде таратылған компьютерлік жүйелердегі мәліметтер қауіпсіздігі мәселесіне өте үлкен көңіл бөлінуде. Әртүрлі операциялық жүйелері бар алуан түрлі компьютерлерде қолдану үшін белгіленген ақпарат қауіпсіздігін қамсыздандыруға арналған көптеген құралдар жасалған бағыттардың бірі ретінде сыртқы желілерді пайдаланушы тарапынан ақпаратқа кіруді бақылауға таратылған желі аралық экрандарды (firewall) атап көрсетуге болады.


Желі аралық экрандар және оған қойылатын талаптар

Желі аралық экрандау мәселесі мына кейіппен қалыптасады. Екі аппараттық жүйе немесе екі сан алуан ақпараттық жүйе болса, бола берсін. Экран (firewall) – бұл жүйенің бір түрінен басқа түріндегі серверде сақтаулы ақпаратқа клиенттің кіруіне шек қою құралы. Экран ақпарат жүйесінің бұл екі түрі арасында барлық ақпарат ағымдарын бақылай отырып, кейбір «ақпараттық мембрана» сияқты жұмыс істей отырып, өз қызметтерін атқарады. Бұл мағынада экран өзі арқылы өтетін ақпаратты талдайды және бұл ақпаратты өткізуге ме, әлде оны қайта жіберуден бас тарту керек пе екендігі туралы шешім қабылдайды, оларға салынған алгоритмдер негізінде сүзгіштер жиынтығы сияқты елестетуге болады. Бұдан басқа, мұндай жүйе кіруге шек қою процесімен байланысты оқиғаларды тіркеуді де орындай алады, сонымен қатар ақпаратқа кіруге заңсыз әрекеттердің барлығын бекітіп, қосымша уақыт оздырмай жауап қайтаруды талап ететін жағдай туралы дабыл қағып, яғни үрей көтере де алады.

Желі аралық экрандауды жүзеге асыратын жүйеге қойылатын талаптар мен міндеттер:


  • Ішкі желінің қауіпсіздігін және сыртқы қосылулар мен байланыс сеанстарының толық бақылауын қамтамасыздандыру;

  • Ұйымдар қауіпсіздігін саясат тірлігінде толық және мүмкіндігінше қарапайым іске асыру, әрі икемді басқару құралдарына ие болуға. Бұдан басқа экрандалатын жүйе желі құрылымы өзгерісі кезінде жүйелердің қарапайым реконфигурациясын қамтамасыздандыруы тиіс;

  • Жергілікті желі пайдаланушылар үшін байқатпай жұмыс істеуге және олардың заңды әрекеттері орындалуын қиындатпауға;

  • Айтарлықтай тиімді жұмыс істеп, «қиын» тәртіптерде барлық кіретін және шығатын трафикті өңдеп үлгеруге бұл firewall жұмыстың бүлінуіне әкеп соғатын көп мөлшерде жағдай шақырмауы үшін қажет;

  • Желі аралық экран ұйымдағы жасырын ақпараттың көзі болып табылатындықтан кез келген рұқсат етілмеген ықпалдан өзін қорғай алу қасиетіне ие болуға;

  • Егер мекемеде, оның ішінде жырақтағы фирмаларда сыртқы бірнеше қосылулар бар болса, онда экранмен басқару жүйесінде олар үшін қауіпсіздіктің біртұтас саясатын жүргізуді орталықтандыра қамтамасыздандыру мүмкіндігі болуы тиіс;

  • Сырттан қосылу арқылы қолданушының кіруін авторластыру (мақұлдататын) құралы болуы керек.

Типтік жағдай – ол мекеме қызметкерлерінің жартысы, мысалы, іссапарға кетуге тиіс және жұмыс процесінде оларға кіру тым болмағанда мекеменің ішкі компьютер желісінің кейбір ресурстарына кіру талап етілетін жағдай. Жүйе мұндай пайдаланушыларды сенімде анықтап, оларға қажетті кіру түрлерін беруі тиіс.

Желі аралық экрандардың кескіні үйлестірілуі кезінде негізгі құрылымдық шешім мекемеде қабылданған қауіпсіздік саясатымен алдын ала тапсырылады. Баяндалған жағдайда қауіпсіздік саясатының екі аспектісін: желілік сервиске ену саясаты мен желі аралық экран саясатын қарастыру қалыптастыруда мекемеде пайдаланылатын әртүрлі сервистерге қолданушының ену тәртібі қалыптасқан болуы тиіс. Бұл аспект, сөйтіп, екі компоненттен тұрады. Пайдаланушыға арналған тәртіп базасы қашан, қандай пайдаланушы (пайдаланушылар тобы) қай сервиспен және қандай компьютерде пайдалана алатынын баяндайды. Мекеменің жергілікті желісінен тыс пайдаланушы жұмысының шарттары оларды аутентификациялары шарттарына тең ретте жеке анықталады. Сервистерге арналған ережелер базасы желілік экран арқылы өтетін сервистер жиынтығын, сондай-ақ әр сервиске (сервистер тобына) арналған сервистер клиенттерінің мүмкін мекен – жайларын баяндайды. Желі аралық экран жұмысын бағындыратын (белгілейтін) саясатта шешім пайдалану жеңілдігінің зиянында қауіпсіздік пайдасына да, сондай-ақ керісінше де қабылдануы мүмкін. Екі негізгі жайт бар:



  1. Рұқсат етілмегенінің бәріне тыйым салынған.

  2. Тыйым салынбағанның барлығына рұқсат етілген.

Алғашқы жағдайда желі аралық экран былайша барлығы қоршалып, ал оның жұмысы қауіп – қатердің мұқият талдануы негізінде тәртіпке келтірілген болуы тиіс болатындай үйлестірілген тікелей әсер етеді және олар жалпы айтқанда экранды жай кедергі ретінде қарастыра алады. Мұндай жағдаят жоғарғы талаптарды экрандалатын жүйелердің өнімділігіне қоюға мәжбүр етеді және пайдаланушы көзқарасымен желі аралық жұмыстарының «мөлдірлігі» сияқты осындай қасиеттердің өзектігін жоғарылатады. Администратор қандай сервистер немесе порттар қауіпсіз және қандай «тесіктер» ядрода немесе бағдарламалық қамсыздандыруды жасаушының қолданысында болуы мүмкін екендігін білмейді – деп болжағандықтан алғашқы әрекет анағұрлым қауіпті болып табылады. Бағдарламалық қамсыздандырудың көптеген өндірушілері табылған ақпарат қауіпсіздігі үшін маңызды кемістіктерді жария етуге асықпайтындықтан бұл әрекет, сөзсіз, анағұрлым кертартпа болып табылады. Шындығында, білімсіздік зиян келтіруі мүмкіндігі ақиқатын мойындау болып табылады. Екінші жағдайда, жүйелік администратор қауіпсіздікке кері әсерін тигізетін қандай әрекеттерді пайдаланушы немесе бұзушы жасай алатындығын болжай отырып, жауап қайтару тәртібінде жұмыс істейді және мұндай әрекеттерге қарсы қорғаныс дайындайды. Бұл firewall администраторын әбден титықтайтын болып шығу мүмкін шексіз «қарулану жарысында» пайдаланушыға қарсы қояды. Егер пайдаланушы қауіпсіздікті қамтамасыздандыруға бағытталған шаралардың қажеттілігіне сенімді болмаса, ақпаратты жүйелер қауіпсіздігін бұзуы мүмкін. Бірақ кез келген жағдайда жақсы үйлескен желі аралық экран белгілі компьютер шабуылдарының көпшілігін тоқтата алады.

Электронды поштаны пайдалану

Электронды пошта немесе email – Интернет пайдаланылымының ең танымал түрі. Интернеттегі электронды пошта көмегімен сіз бүкіл ғаламшар бойынша миллиондаған адамдарға хат жібере аласыз. Интернет email-да жеке пошта жүйесінің шлюздері бар, бұл оның мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.


Жалған мекен – жайлардан қорғаныс

Жіберуші жалған кері мекен – жайды көрсетіп қоюы мүмкін немесе аты хаттың жіберілу барысында өзгертілуі мүмкін, не болмаса жіберушінің өзі кімнің атынан жіберуді қаласа, соның атынан машинадағы SMTP – портпен қосылып, хат мәтінін енгізуі мүмкін болғандықтан Интернеттің электронды поштасындағы жіберушінің мекен – жайына сенуге болмайды. Бұдан электронды хаттарына қосылуға арналған шифрлеуді қолдануға арналған шифрлеуді қолдану көмегімен қорғануға болады. Бір танымал әдісі – ашық кілтпен шифрлеуді пайдалану болып табылады. Хаттың бір бағытты ХЭШ – функциясы жіберушінің құпия кілтін пайдалана отырып шифірленеді. Алушы ХЭШ – функцияның шифрін алу үшін жіберушінің ашық кілтін пайдаланады да, оны алынған хабар бойынша есептелген ХЭШ – функциямен салыстырады. Бұл хабарды шынында жіберушінің өзі жазғанына және жолда өзгертілмегеніне кепіл болады.


Ұстап қалудан қорғаныс

Электронды хаттардың тақырыбы да, мазмұны да таза күйде беріледі. Нәтижесінде хабар мазмұны оқылған немесе оны Интернет арқылы жіберу процесінде өзгертілген болуы мүмкін. Жіберушіні жасыру немесе өзгерту үшін, не болмаса хабарды басқа бағытқа бұрып жіберу үшін аты өзгертілуі мүмкін. Одан хабар мазмұны немесе ол берілетін арнаны шифрлау көмегімен қорғануға болады. Егер байланыс арнасы шифрленген болса, онда оның екі ұшындағы жүйелік администраторлары қайткенмен оқуды немесе хабарды өзгертуі мүмкін. Электронды поштаны шифрлаудың көп түрлі схемалары ұсынылған болатын, бірақ олардың бірде – біреуі көпшілікке бірдей болмады. Ең көп тараған қосымшалардың бірі – PGP. Бұрын PGP қолданылуы проблемалы болды, өйткені онда АҚШ-тан шығаруға тыйым салынуы ықпалына түсіп қалған шифрлеу қолданылды. PGP коммерциялық версия ішінде бірнеше танымал пошта бағдарламаларына арналған плашналар енеді, бұл оны электронды қол хатына қосылу үшін және клиенттерге хатты шифрлау үшін ерекше қолайлы етеді. PGP соңғы версиясы RSA ашық кілтімен шифрлау алгоритмінің лицензияланған версиясын пайдаланады.


Бекіту сұрақтары

  1. Ақпаратты қорғау дегенді қалай түсінесіз?

  2. Ақпаратты қорғау негіздеріне нені жатқызуға болады?

  3. Желі аралық экрандарға қойылатын талаптар?

  4. Ұстап қалудан қорғаныс дегеніміз не?



14-дәріс. Модельдер туралы түсінік. Модельдеу. Модельдеу түсінігі. Модельдеу тану әдісінің бір түрі
Мақсаты: Модельдер түсінігін қалыптастыру және олардың түрлерімен танысу.
Адамзат ертеден-ақ; объектілерді, процестерді, әр түрлі саладағы кұбылыстарды зерттеу барысында модельдеу (қасиеттері ұқсас шағын үлгісін, баламасын салу) тәсілін қолданып келеді. Осы зерттеулердің нәтижелері нақты объектілер мен процестердің қасиеттерін анықтауда, құбылыстардың болу себептерін ашуда, жаңа объектілерді кұрастыру мен ескілерін талдауда т.б. маңызды орын алады. Модельдеу — адамның өз іс-әрекетін алдын ала жоспарлап, дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді.

Адам қолымен жасалған абстрактылы немесе материалды объектілер модель бола алады. Модельді талдау нәтижесінде нақты күрделі объектіні тереңірек білуге мүмкіндік туады. Мұндағы шын мәніндегі нағыз табиғи объект, яғни нақты объект прототип немесе түпнұсқа (оригинал) деп аталады.



Модель дегеніміз — нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Модельдеу — объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.

Түпнұсқаның өзін зерттемей оның моделін кұрудың қандай пайдасы бар деген заңды сұрақ туындайды. Біріншіден, модельдеу арқылы шын мәнінде жоқ немесе бұрын болып жойылып кеткен объектіні зерттеуге болады. Модельдеу үшін уақыт ешқандай кедергі келтірмейді. Белгілі деректерге сүйене отырып, гипотеза немесе ұқсастық әдісімен өте ерте замандағы жағдайлар мен табиғи апаттарды модельдеуге болады. Екіншіден, түпнұсқаның қасиеті мен өзара әсері орасан зор болуы мүмкін. Кейбір жағдайда адамды қызықтыратын объектінің бір қасиетін зерттеу үшін, оның бірқатар қасиетін ескермей жасаған модельдер түпнұскаға қарағанда оның қасиетін зерттеуде тиімдірек болады.

Объектілердің модельдері ретінде әдеби шығармалар немесе архитектуралық ғимараттың кішірейтілген көшірмесі, мектептегі оқу кұралдары т.б алынуы мүмкін. Модель сутегі атомы, күн жүйесіндегі планеталар, елдегі парламент, үкімет құрылымы т.б. нақты өмірде бар дүниені бейнелеуі мүмкін. Бірақ модель ретінде нақты бір заттың абстрактылы қорытындысын көрсетуге болады. Киім үлгісін насихаттайтын модель жеке ерекшеліктері немесе кемшіліктері бар нақты адамды емес, бір стандарттағы идеал адам бейнесін елестетеді.

Табиғат апаттарын алдын ала болжау мақсатында, тірі табиғат құбылыстарын зерттеу үшін олардың модельдері жасалады. Орыс ғалымы және Ломоносовтын досы — академик Георг Рихман XVIII ғасырдың басында магниттік және электр күштерінің табиғатын зерттеу үшін, болашақта пайдалану мақсатында олардың модельдерін жасады. География пәнінде табиғат құбылыстарын оқу барысында нақты бір жағдайға емес (сел, дауыл, жер сілкінісі), олардың адамға тигізген зардабына ғана тоқталамыз.

Жоғарыда келтірілген мысалдарда модельдің прототипі ретінде ортақ қасиеті бар құбылыстар немесе объектілер тобы алынып отыр. Объектілердің немесе құбылыстардың моделінде түпнұсканың қасиеттері, яғни олардың сипаттамалары мен параметрлері бейнеленеді.

Процестердің де моделін құруға, яғни материалдық объектімен жасалатын іс-әрекеттерді модельдеуге болады. Оған мысал ретінде экономикалық немесе экологиялық процестерді, әлем немесе қоғам дамуын айтуға болады.

Әрбір адамның күнделікті іс-әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу т.б. әрекеттерді орындау алдыңда өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс-әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.

Модель — көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады.

Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.

Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз. Мұндағы мақсатымыз — басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, онын мақсаты — үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды кәркейтіп қайта жаңарту болып табылады.
Бекіту сұрақтары


  1. Модель дегеніміз не?

  2. Модельдің өмірдегі нақты объектіден немесе процестен қандай айырма-
    шылығы бар?

  3. Модельдеу дегеніміз не? Модельге мысал келтіріңдер.

  4. Бір объектіге бірнеше модель кұруға бола ма? Ол неге байланысты
    болады?

  5. Модельдеудің прототипі не болуы мүмкін?

  6. Әр түрлі объект, кұбылыс, процестерді модельдеуге мысал келтіріңдер.


15-дәріс. Модельдеудің классификациясы. Модель түрлері. Модельдерді тұрғызудың негізгі этаптары
Мақсаты: Модельдерді тұрғызудың негізгі этаптарымен танысу.

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:



  1. Қолданылу аймағы.

  2. Модельде уақыт факторын ескеру.

  3. Білім саласына қарай топтау.

  4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.

Қолданылу аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірибелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық (1-сурет) тәрізді топтарға жіктеледі.

1-сурет. Модельдердін колданылу саласына катысты жіктелуі
Оқу моделі — көрнекі оқу құралы, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.

Тәжірибелік модель—жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер — объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау мақсатында қолданылады. Мысалы, үлкен теңіз кемесінің моделін алдын ала бассейнге жіберіп, оның тез қозғалған кездегі ауытқуын, шайқалу кезіндегі ұстамдылығын анықтайды т.б.

Ғылыми-техникалық модельдер—процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш — синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы кұрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет