Информатиканың іргелі негіздері



бет12/67
Дата02.01.2022
өлшемі1.13 Mb.
#452326
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67
лекция ИТН

Ақпаратты өлшеу.

Күнделікті тұрмыста адам үшін ақпарат дегеніміз - бұл бір нәрселер жөнінде хабарлау және мағлуматтар беру. Ал кез келген хабар, деректер үшін ақпарат бола ма? Мысалдар келтірейік: 1-мысал. Сенің досың: "Күндіз - жарық, ал түнде - қараңғы" десе, бұл хабар сені тек таңғалдырар еді, себебі ол белгілі нәрсе. Демек адам хабардан ақпарат алу үшін ол жаңа, яғни белгісіз болуы керек. 2-мысал. "Каузалды схема - әлеуметтік қабылдауда талдау, себептілік принциптерін белгілеу үшін қолданылатын ұғым". Бұл "Каузалды схема" ұғымының анықтамасы әлеуметтік психологиядан алынған. Біз бұл анықтаманы бірінші рет кездестірсек те, ол біз үшін ақпрат емес, өйткені біз әлеуметтік психология ғылымымен таныс емеспіз әрі оның терминдерін түсінбейміз. Демек хабар бізге ақпарат беру үшін, ол түсінікті болуы, яғни біз оны толық қабылдау үшін, алдымен сол салада сәйкес біліміміз болуы керек. Әрбір адам үшін берілген хабардың мәні әр түрлі болуы мүмкін (жаңалығы, пайдалылығы, т.с.с. ) және сонымен байланысты ақпарат болуы да, болмауы да мүмкін. Ал техникалық көзқарас бойынша әрбір хабар ақпарат болып табылады. Сонымен ақпарат алу дегеніміз бізге түсінікті жаңа мәлімет беруді, яғни білімді толықтыруды білдіреді. Мысалы, ақпарат тек нұсқаулар мен фактілер ғана емес, ол біздің көңіл күйімізге әсер ете алады: қуанышқа бөлейді, толғандырады, мұңайтады. Сөйлесу барысында алынған мағлуматтардың жалпы көлемінің жартысынан көбі әңгімелесушінің дауыс ырғағына, оның бет-әлпетінің құбылуына, қолының қимыл-қозғалысына, яғни сөйлесудің жалпы жағдайына байланысты бағаланады. Ең күрделі мәселе ақпаратты саны жағынан бағалау, яғни өлшеу мәселесі. Мысалы, ғылыми жаңалықтардағы, жаңа музыкалық стильдегі, қоғамдық даму теориясындағы ақпараттар көлемін бағалау өте қиын. Ақпаратты техникалық жағынан өлшеуге болады. Техникада мамандарға хабар жіберу жүйесі арқылы ақпараттың қанша мөлшері өтетінін, алдыңғы ақпарат жадта қанша орын алып тұрғанын, келесі ақпаратқа қанша орын керек юолатынын анықтап отыру керек. Сондықтан техникада жіберілетін хабардың мағынасына қарамай, адамның ақпаратты бағалауын ескермей, өздерінің ақпаратты сандық бағалауын енгізеді. Технкада сақталатын, өнделетін немесе жіберілетін таңбалар, символдар тізбегі ақпарат деп саналды. Бұл ретте берілетін ақпараттың көлемі нақты хабардағы символдар санын санау арқылы анықталады. Демек, хбардың ақпаратты көлемі деп - хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады. Есептеуіш техникда кез-келген хабардың жазылуы екілік алфавитте жасалатыны бізге мәлім. Ендеше сақталатын, берілетін ақпарат көлемі ондағы екілік белгілер санына тең. Осылай қарастырғанда хабардың ең кіші өлшемі бір екілік разрядқа немесе битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі 1 битке тең. Одан қолайлырақ өлшем бірлігі - сегіз екілік разрядтың жиынтығы - 1 байт, ол символдарды кодтауда жиі қолднылады. Бір байт 8 битке тең. Ыңғайлы болу үшін биттер және байттармен қатар ақпарат көлемін өлшеудің аса үлкен бірліктері енгізілген: 1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт = 1000 байт 1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт = 1 миллион байт 1 Гбайт (гигабайт) = 1024 Мбайт = 1 миллиард байт Мысалы, кітапта 190-ға жуық бет бар, бір бетте шамамен 38 жол, ал бір жолда 68 символ бар делік. Кітапта суреттер жоқ және ол тек мәтінмен толтырылған деп есептесек, онда кітапта 190*38*68 = 490 960 символ болғаны, басқаша айтқанда, оқулықтың ақпараттық көлемі 490 960 байтқа немесе = 500 Кбайтқа тең. Ақпаратты өлшеу бірлігі белгілі болғаннан кейін, ол қандай жылдамдықпен берітеліндігін,яғни уақыт бірлігінде ақпараттың қандай көлемі берілетіндігін анықтауға болады. Ақпаратты жіберу жылдамдығы бит/с, байт/с, килобайт/с және т.б. бірліктермен өлшенеді. Мысалы, телефон сымы арқылы жіберілетін ақпарт жылдамдығы шамамен 4 Кбайт/с, адамның мәтінді оқу жылдамдығы шамамен 38 байт/с, ал сөйлеу жылдамдығы 16 батй/с жуық болады. Хабарламаның ақпараттық көлемі хабарламадағы символдар санына тең. Символдарды сегіз разрядтық екілік сандармен, яғни байттармен ұсыну қабылданған. Көлемі жүз мегабайт болатын жадқа: - 50 000 беттік мәтінді; -150 түрлі түсті слайдтарды; -1,5 сағаттық сөздік аудиожазбаны; -10 минуттық стереомузыкалық үзіндіні; -15 секундтық фильмді орналастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет