Информатиканың іргелі негіздері



бет56/67
Дата02.01.2022
өлшемі1.13 Mb.
#452326
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67
лекция ИТН

Жол сайын жазба – вербальды формаға қарағанда анығырақ сипаттама береді.

Алгоритмнің блок-схемасы – алгоритмді жеке блоктар түрінде көрсету арқылы сипаттайтын ең көрнекті және нақты форма.

Алгоритм ұғымы – информатиканың фундаментальды ұғымдарының бірі. Алгоритмдеу моделдеумен бірге информатиканың жалпы әдісі болып табылады. Кейбір алгоритмдерді қолдану әртүрлі жүйелерде процестерді басқаруға әкеледі, осыдан барып алгоритмнің кибернетикаға жақындығы байқалады.

Алгоритмдер математика және информатика ғылымдарының математикалық логикаға негізделген орталық жүйелендірілген зерттеу объектісі болып табылады да алгоритмдер теориясын құрайды.

Барлық алгоритмдердің мағынасы (компьютерлік программалар) - әлдебір бастапқы деректерді соңғы, нәтижелі деректерге алмастыру. Кейбір деректерді алгоритм аралық деректер ретінде қолданады. Деректерді ұйымдастыру және қолдану алгоритмдерді құрастыруда алғашқы орында болады. Сондықтан деректерді топтастыру, олардың типтерін анықтау, структурасын анықтау сияқты сұрақтар алгоритмді құрғанға дейін қарастырылуы керек ұғымдар болып табылады.

Есептеу техникасының және программалаудың дамуы деректер және оларды ұйымдастыру ұғымдарының да жетілуіне, дамуына әкеледі.



Белгілі бір есепті шығару барысында алдымен оған қажетті деректерді жинақтап, сұрыптау керек, сосын ақпаратты ЭЕМ-де таратудың әдістерін қарастырады. Бұл процесс компьютердің немесе программаның мүмкіншіліктерінен тікелей тәуелді болады. Деректердің жай және күрделі структуралары қазіргі кездегі кез келген ситуацияларды программалауға көмектеседі. Егер деректердің күрделі структурасы қолданылатын болса жиын, жазу, файлдар, кезектер сияқты ұғымдарды қарастыру қажет болады. Сондықтан күрделі структураға жататын деректердің түрлері мен типтерін, қабылдайтын мәндерді зерттеу керек болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет