Дәріс-6 Сұрыптаудың түрлері



бет1/3
Дата13.03.2024
өлшемі21.11 Kb.
#495327
  1   2   3
ЛЕКЦИЯ-6


ДӘРІС-6 Сұрыптаудың түрлері

Табиғи сұрыптау ол климаттың, топырақ жағдайының, яғни тегістігінің және тірі ағзалардың әсерінен болатын сұрыптау.



Табиғи сұрыптауды, басқаша айтқанда ағзалардың өмір үшін күрескенде жеңіп шығуын атайды. Ол үш түрге бөлінеді, яғни орталыққа тебетін, орталықтан тебетін линиялық болып.
Орталыққа тебетін сұрыптау – бұл сұрыптауда дарақтарды көбейткенде көбею орталығының орташа көрсеткіші сақталса, жалпы белгілері популяцияның орташа көрсеткішіне жақындайды.
Орталықтан тебетін сұрыптау – бұл табиғи сұрыптауда негізгі популяция сыртқы ортаның жағдайларына біраз төзімсіз болады, сондықтан дарақтарда орташа көрсеткіштерден өзгерістер болады, олар селекциялық жағынан пайдалы болса сұрыпталып ұрпақтарда сақталады.
Табиғи сұрыптауда түрлер бір бағытта өзгерістер көрсетсе олар сұрыпталып көбейтіледі және линиялық сұрыптау деп аталады.


Жасанды сұрыптау - адамның әсерімен болатын сұрыптау. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік негізінде жаңа бағалы түрлер мен сорттар қарастырылады, ол сорттар тұқым шаруашылығы үрдісімен сақталып отырады.

Мақсатсыз сұрыптау – селекцияның ерте туындысы, бұл жағдайда адам жақсы түрлерді сақтайды, ал нашарларын жояды.

Әдістемелік сұрыптау – адаммен негізделіп қолданылатын селекция әдісі, өйткені жануарлар мен өсімдіктерді жаңарту немесе олардың жаңа тұқымдарын өсіріп шығару үшін жүргізіледі. Оны тік және жанамаға бөледі.
Тік сұрыптауды бір селекциялық белгімен жүргізеді. Ал жанама сұрыптауды жанама көрсеткіштерімен жүргізеді.
Әдістемелік сұрыптау жалпы және жеке де болады.

Жалпы сұрыптау теориясы
Жалпы сұрыптауда селекция мәселелеріне сәйкес көптеген дарақтарды бөледі , сосын бірге көбейтеді. Оның негізінде фенотиппен бағалау жатыр. Сондықтан бұл сұрыптаудың кемістіктері бар, өйткені фенотиппен сұрыпталған дарақтардың генотипі туралы айту қиын, ал онымен сұрыптаудың тиімділігі байланысты. Ормандық өсімдіктердің гетерогендігін ескере отырып және сұрыптаудың жаңа түрлерін қолдану қиындайтындықтан селекцияда жалпы сұрыптауды кеңінен қолданады. Селекцияға керек тиімді түрлерді алу жағымды жалпы сұрыптау деп , ал нашар түрлерді жою – жағымсыз деп атайды.
Ормандық қорымда жағымсыз жалпы сұрыптауға жатады: күту жұмыстары, яғни құнсыз, ауру және нашар өсімдіктер жойылады; тозаңмен нашар тұқым қуалаушылық қасиеттер беретін өсімдіктерді жою; көшеттерде тырбық және төзімсіз өсімдіктермен екпе көшеттерді сұрыптау.
Жағымды жалпы сұрыптау жүргізгенде орман шаруашылығында әр түрлі әдістер қолданады:
1) жақсы географиялық түрлерді, немесе климатиптерді сұрыптау;
2) бір географиялық ауданда жақсы эдофотиптерді сұрыптау;
3) жақсы екпе ағаштарды сұрыптау;
4) жақсы ағаштарды сұрыптау;
5) ірілігі мен сапасына қарап дәндерді және жақсы екпе көшеттіктерді сұрыптау.
Табиғи дәндерден алынған екпе ағаштарды зерттегенде жергілікті дәндерден алынған өсімдіктер жақсы өсіп сапалылық көрсетті.
Дәндерді бір климаттық ауданнан екінші ауданға әкелгенде климаттық экотиптерді зерттеулерден өткізу керек. Өйткені климаттық өнімділік әр түрлі. Мысалы; солтүстік пен онтүстіктің қарағай бүрлері әр түрлі өнім береді. Сонымен қатар, солтүстіктің қарағайындағы қылқан жапырақтары шютте ауруымен аз зақымдалады.
Осы себепте М.М.Вересиннің (1946) негізгі тоқтамаларына көңіл бөлген дұрыс, олар мыналар:
1) екпеліктердің өсуі мен өнімділігін арттыру үшін дәндерді орманның тәнділігін және өсетін жерін ескеріп, жинаған дұрыс;
2) әр топтың ішінде дәндерді өнімді ағаштардан, жақсы топырақта өскенін ескеріп жинау керек;
3) бір топта дәндер жетпегенде екінші топта қолдануға болады, бірақта алған жердің ағаштары өнімді және топырағы құнарлы болу керек және экологиялық жағдайды ескеру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет