«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары


Мектептің жоғарғы сатысында информатиканы саралап оқыту (10-11 сыныптар)



бет42/51
Дата17.09.2023
өлшемі1.84 Mb.
#477749
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
Иоә емтихан жауаптары

Мектептің жоғарғы сатысында информатиканы саралап оқыту (10-11 сыныптар).

(М.Шошақ: Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі 85бет)
Қазіргі жаңа педагогикалық технологиялардың бірі – профессор Ж.Қараевтың «Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы». Оқушының танымдық білімін кеңейтуге, қабілетін арттыруға септігін тигізеді. Ерекшеліктері:
- таланттылар өз қабілеттері мен икемділігін одан əрі бекіте түседі;
- əлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады;
- күшті топтарға оқуға деген ынта артады;
- білім дəрежесі бірдей оқу топтарына оқу жеңілдейді жəне т.б. Біздің негізгі мақсатымыз – оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені ол оқушының ойлауы, елестетуі мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан басталады. Оларды толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшеді. Бұл оқушылар арасында белсенділік туғызады жəне əр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді. Ол үшін сабақтың соңында жиналған ұпайларына сəйкес нүктені оқушы өзі «даму мониторингі» бетіне белгілейді. Мониторинг бойынша мұғалім əр оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгермеушімен қосымша жұмыс жүргізеді. Бұл жағдайда əр оқушы əр тақырып бойынша бағаланады. Оқушының даму мониторингісі оның жеке басының қабілетіне қарай тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті сипатын көрсетеді. Осы жағдайда оқушылардың даму деңгейі басқалармен емес, уақыт өткен сайын өзімен-өзін салыстыру арқылы анықталады. Ол оқушыға деген ізгілік қатынасты көрсетеді. Ал ұстазға сабақтан тыс уақытта оқушымен жеке жұмыс істеу үшін үлгірімі төмен оқушыға қажет тақырыпты анықтауына жəне оқу сапасын көтеруге мүмкіндік туады. Деңгейлік тапсырмаларды қолданудың оқыту үрдісіндегі оң нəтижелері:
1) Оқушылардың ауқымды жаттығуларды орындалуына мүмкіндік туды.
2) Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуына əсері зор.
3) Өзін - өзі бағалауға, өзін - өзі дамытуға ұмтылады.
4) Жаңа материалды қалай меңгергенін айқындауға мүмкіндік туғызады.
5) Білімдерін нақтылап, өмірмен байланыстыра отырып, ой-өрісін дамытуды үйренеді.
6) Топпен жұмыс жасауды, пікірін нақты дəлелді мысалдармен ұштастыруға бейімделеді.
7) Оқушылар ұжыммен жұмыс жасап, бірлік пен ынтымақтың биік дəрежеге апаратынын түсінеді




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет