Информатиканы оқыту әдістемесі


-БӨЛІМ. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ



Pdf көрінісі
бет4/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
pdf24 converted 3

1-БӨЛІМ. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ 
ӘДІСТЕМЕСІ 
1-тарау. Информатиканы оқыту әдістемесі пәні 
1.1. Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні 
ретінде
Информатиканың ғылым ретінде пайда болуы және қалыптасуы
өткен ғасырдың екінші жартысынан басталады. Информатиканың 
зерттейтін аймағы ақпараттың құрылымы мен ортақ қасиеттері
сонымен қатар адам тіршілігінің түрлі саласында ақпаратты іздеу, 
жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және пайдалану үрдістерімен 
байланысты мәселелерді қамтиды. Ақпараттың ауқымды көлемі мен 
ағымын өңдеу автоматтандырусыз және коммуникация жүйесінсіз 
жүзеге асыру мүмкін емес, сондықтан электронды есептеуіш 
машиналар мен заманауи ақпараттық және коммуникациялық 
технологиялар информатиканың іргелі ядросы және материалдық 
базасы да болып табылады [2].
Ақпаратты ресурстың айырықша түрі деп есептеген жөн, мұнда 
«ресурс» материалдық заттардың немесе заттың энергетикалық
құрылымдық немесе басқа да сипаттамаларынан тұратын білім қоры 
деп түсіндіріледі. Материалды заттармен байланысты ресурстардан 
айырмашылығы – ақпараттық ресурстар сарқылмайды және де 
материалды ресурстарға қарағанда, басқаша жаңару немесе қайта 
жаңғырту әдістеріне ие болады. Қоршаған ортаның біртұтас 
құрамдастары зат және энергиямен қатар, ақпарат сол ортаның негізгі 
сарқылмас таным көзі болып табылады.
Ақпарат жөнінде заманауи ғылыми көзқарасты дәлме-дәл 
тұжырымдаған кибернетика «атасы» Норберт Винер
1
болды. Оның 
пікірінше: «... ақпарат – біздің және сезіміміздің сыртқы ортаға 
бейімделу үрдісінде одан қабылданған мағынаны белгілеу».
Кибернетиканың пайда болуы 1948 жылы осы ғалымның: 
«Кибернетика немесе жануарлар мен машинадағы байланыс пен 
басқару» кітабының шығуымен байланыстырылады. Аталған кітапта 
басқарылатын жүйелерге ортақ теориясын жасаудың жолдары, 
басқару және байланыс проблемаларын қарастыру әдістері 
негізделген болатын.
Кибернетикада ақпарат деп қандай-да бір жүйенің қоршаған 
ортадан қабылдайтын (Х кіру ақпараты), қоршаған ортаға беретін (Y 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет