Информатиканы оқыту әдістемесі


 Үй жұмысын тексеру әдістері



Pdf көрінісі
бет112/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   125
pdf24 converted 3

6.3.3. Үй жұмысын тексеру әдістері 
1. Үй тапсырмасын сыныпта талдау: 
а) оқушы тақта алдында үй жұмысын орындайды, онымен қатар 
шешу кезеңдері бойынша жаппай сұрақтар қойылады; 
б) оқушылар кезекпен (сатылы) есепті шығарады. Жаппай түрде 
орындау тәртібі сұралады; 
в) үй жұмысына ұқсас тапсырманың шешімін тақтаға жазу
шешім жабық тұрады. Тапсырманы орындау реті, жаппай сұраудың 
барысында, тақтадағы жабық тұрған шешім біртіндеп ашылып 
отырады.
2. Көптеген оқушыларда №… орындалмаған немесе қате 
орындалғаны анықталса: 
а) тапсырманы мұғалім оқушылардың көмегімен тақта алдында 
орындайды, мұғалім көмекші сұрақтарын қойып отырады; 
б) осы сияқты, тапсырманы тақтаға шақырылған оқушы 
орындайды, шешу жолын мұғалімнің сұрауы бойынша оқушылар өз 
орнынан айтып отырады. 
3 Оқушы тақтаның алдында есептің немесе мысалдың шешуін 
жазады. Кез келген жерінде мұғалім оны тоқтатып, басқа оқушыдан 
сол тапсырманы жалғастыруын сұрайды және т.б. 
4. Кеңесшілердің көмегімен сыныпта үй жұмысының бары 
немесе жоғы, орындау дұрыстығы тексеріледі. 
6.3.4. Жас мұғалімнің өз сабағын өзі талдау үлгісі
Сынып 
Сабақ тақырыбы 
Сабақтың түрі және оның құрылымы.
1. Осы сабақтың тақырыптағы орны қанадай? Бұл сабақ алдағы 
сабақпен қалай байланысты, мына сабақтарға әсері қанадай?
2. Сыныптың қысқаша психологиялық-педагогикалық сипат-
тамасы. Сабақты жоспарлау кезінде ескерілген оқушылардың 
ерекшеліктері.


175 
3. Сабақтың үшбірлік мақсаты қандай (оқытушы, дамытушы, 
тәрбиелік), оның табысты іске асуына баға беру.
4. Сабақ мақсатына сәйкес сабақ мазмұнын, оқыту формалары 
мен әдістерін таңдау. Негізгі кезеңді бөліп алу және сабақтың 
қорытындыларына сүйене отырып оған талдау жасау. Жаңа 
материалды түсіндіру үшін оқытудың қандай әдістер үйлесімдері 
қолданылды? 
5. Сабақтың барлық кезеңіне уақыт тиімді бөлінді ме, дұрыс 
қолданылды ма? Осы кезеңдер арасындағы байланыс логикалық 
тұрғыға сәйкес келе ме? Басқа кезеңдердің негізгі кезеңге қалай әсер 
еткенін көрсету.
6. Мақсатқа сай дидактикалық материалдар мен көрнекі 
құралдарды таңдап алу.
7. Оқытудың топтық, ұжымдық және басқа формаларын 
қолдану. Оқытуға сараланған түрде қарау.
8. Оқушылардың білімді, білікті және дағдылы меңгеру деңгейін 
бақылау қалай ұйымдастырылды? Сабақтың қай кезеңдерінде, қандай 
түрде және қандай тәсілдер қолданылады? Оқушылардың білімін 
реттеу және түзету қалай ұйымдастырылды?
5. Сабақтағы психологиялық және эмоционалды жағдай; 
мұғалім мен оқушылардың сөйлесу стилі.
6. Үй жұмысын түсіндіру деңгейі.
7. Сабақтың қорытындыларына қандай баға бересіз? Сабаққа 
қойылған міндеттер толықтай орындалды ма? Орындалмаса, неліктен?
8. Өз болашақ іс-әрекетіңізді болжаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет