170
Ол үшін
: Тақырып бойынша әдебиеттерді таңдап алу. Егер де
жаңа теориялық материал болса, онда тізімге жоғары оқу орындық
оқулықтар, энциклопедиялық және жаңа ғылыми басылымдар,
монография (бірінші ақпараттық құрал) кірулері керек.
Қойылған
мақсат-міндеттерді
қарапайым
жолмен
шешуге
арналған
материалдарды ғана таңдап алу керек.
Мына мақсатта оқу тапсырмаларын жинау керек:
жаңа материалды білу, тану;
қайта жаңғырту;
жаңа жағдайларда білімдерді қолдану;
білімдерді белгісіз жағдайларда қолдану;
білімдерді шығармашылық тұрғыда қарастыру.
"Қарапайымнан күрделіге қарай" принципіне сәйкес оқу
тапсырмаларын реттеу.
Тапсырмалардың мынадай
үш жиынын құрастыру қажет:
оқушының тақырыпты қайта жаңғыртуына бағытталған
тапсырмалар;
оқушының тақырыптың мәнін түсінуіне
бағытталған
тапсырмалар;
оқушының тақырыпты бекітуіне бағытталған тапсырмалар.
4.
Сабақтың ерекшелігін ойластыру. Әр сабақ оқушының
қызығушылығын тудыратын, таң қалдыратын жағдайда болуы керек,
бір сөзбен айтқанда, көбін ұмытып қалса да, олардың естерінде
сақталатындай бір ерекшелік (түйіні, орысша айтқанда «
изюминка»)
болуы керек. Бұл қызықты бір жағдай немесе мәлімет, күтпес бір
жаңалық, ерекше бір тәжірибелік эксперимент, белгілі білімді белгісіз
тұрғыда қарастыру болуы мүмкін.
5. Таңдалған оқу материалын топтастыру. Таңдап алынған
материалмен жұмыс жасау іс-әрекеттері қандай бірізділікпен
ұйымдастырылатынын, оқушылардың
іс-әрекетінің формаларының
ауысуы қалай жүргізілетінін мұқият ойластыру керек.
Оқу материалын топтастырғанда ең бастысы оқушылардың
қызығушылығын, белсенділігін оятатын сабақты ұйымдастырудың
түрін дұрыс таңдап алу керек.
6.
Сабақта оқушылардың іс-әрекетін бақылауды жоспарлау
қажет. Ол үшін мынаны ойластыру керек:
-
нені бақылау керек;
-
қалай бақылау керек;
-
бақылау нәтижесін қалай қолдану керек.
Оқушылардың жұмысын жиі бақылау,
олардың жіберген
қателіктерін және қиындық жерлерін көруге және мұғалімнің
171
оқушылардың жұмысына деген қызығушылығын, ойларын көрсетуге
мүмкіндік береді.
7.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды дайындау. Сабаққа
қажетті құрал-жабдықтардың:
қосымша құралдардың, көрнекілік-
тердің тізімін жасау. Жаңа тақырып тақтада қосымша құрал ретінде
қалатындай етіп, тақтаның түрін ойластыру керек.
8.
Үй жұмысына берілетін тапсырмалардың (мазмұндық
бөлігінен басқа) практикалық жағын орындау үшін ұсыныстар беруді
ойластыру қажет.
9.
Осылай дайындалған сабақ конспект түріне түсіруге
негіз
болады. Сабақтың конспектісін дайындаған кезде нені ескеру қажет?
Сабақ конспектісінің құрылымы негізгі үш бөліктен тұруға тиіс:
-
формалды бөлім;
-
мазмұнды бөлім;
-
аналитикалық (талданатын) бөлім.
Формалды бөлім мына түрде сипатталады:
Сабақ № __________
Тақырып:____________
Мақсат:____________
Міндеттер: білімдік:_____________
дамытушылық:__________________
тәрбиелік:_______________
Құрал-жабдықтар:________________
Сабақтың жеке кезеңдерінің реттілігі
Сабақ жоспарының
мазмұндық бөлігі – екі бөлімнен тұрады:
1. Барлық тапсырмалардың мәтіні, жаңа оқу материалы,
есептердің шешімдері, үй жұмысын орындау ұсыныстары.
2. сабақтың әр кезеңі бойынша мұғалім мен оқушылардың іс-
әрекеті көрсетілетін кесте. Ол мынадай түрде болуы мүмкін:
Талдамалы аналитикалық бөлім сабақтың өзіндік талдауын
жасауға негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: