Біркелкі дискретті канал деп аталады – егер кез келген і,j үшін уақыт аралығындағы ықтималдығы өзгермесе (яғни әсерлер әрқашан да бірдей).
Оптимальды (n,k)-коды – n мен k және басқа да кодтардың қате декодталудың минимальды ықтималдығы қамтамасыз етеді.
Бөгеттерге тұрақты код – қателерді іздеп табуға және қажет жағдайда оларды түзетуге арналған код.
Хабарлманың интерпретациялану ережесі – хабарлама мен оның мазмұны арасындағы сәйкестікті орнататын заңдылық.
Хабарлама қабылдаушы – хабарламаны қабылдауға және оны дұрыс интерпретациялауға мбейімделген субъект немесе объект.
Программа – «компьютер» атты орындаушыда ақпаратты өңдеу бойынша жүргізілетін әрекеттер тізбегі.
Программалық объект – берілгендер мен процедуралар жиынының өзгеру мүмкіндігін анықтайтын әрекеттесулер.
Байланыс каналының өткізу мүмкіндігі – бір уақыт бірлігінде канал бойынша берілетін максималды ақпараттар саны.
Қасиет (атрибут) - өлшемі тағайындалған объектінің қасиеті.
Сигнал – ақпаратты ұсыну үшін қоланылатын заттық сақтаушылардың сипаттамаларының өзгерісі
Үздіксіз сигнал (аналогты) – оның параметрлері қандай да бір интервалда кез келген мәнді қабылдай алады.
Дискретті сигнал – оның параметрлері қандай да бір интервалда ақырлы санның мәнін қабылдайды.
Синтез – 1) жүйені жалпы зерттеу әдісі, анализ нәтижесін ортақ қылып шығарады; 2) заңдылықтарға сүйене отырып, жеке компоненттерді біріктіру арқылы бір ортақ нәтиже шығару.
Жүйе - өзара әрекеттескен компоненттердің бірігуі, олардың әрқайсысын жеке алғанда жүйе қасиеттеріне ие болады, бірақ ол ажырамас бөлігі болып табылады.
Жүйелік код – бұл (n,k) коды, мұндағы барлық (Рj) тексерілетін биттердің мәні (Ui) ақпаратты биттердің сызықты комбинацияларымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |