«Информатиканың теориялық негіздері»


Дәріс №5-6. Тақырыбы: Ақпаратты кодтау



бет4/20
Дата22.10.2022
өлшемі363.46 Kb.
#463276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
ИТН казУМК

Дәріс №5-6. Тақырыбы: Ақпаратты кодтау

Санау жүйелері — сандарды жазу, оқу тәсілдері мен ережелері жиыны.


Барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес деп екіге бөлінеді.
Позициялық емес санау жүйелерінде цифрдың мәні (санға қосатын мәні) оның сан ішіндегі позициясына байланысты болмайды. Мысалы, рим санау жүйесінің ХХХII (32) санындағы Х цифрының мәні ол қай орында тұрса да, онға тең.
Позициялық санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның сан ішіндегі позициясына – тұрған орнына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, 777,7 санында бірінші жетілік 7 жүзді, екіншісі — 7 ондықты, үшіншісі – 7 бірлікті, ал соңғысы — бірдің оннан 7 бөлігін ғана көрсетеді..
777,7 санының жазылуы мынадай мәндердің қысқаша жазылу түрі
700 + 70 + 7 + 0,7 = 7 . 102 + 7 . 101 + 7 . 100 + 7 . 10—1 = 777,7.
Кез келген позициялық санау жүйесінің негізі болады.
Позициялық санау жүйесінің негізі — осы санау жүйесінде сандарды бейнелеп жазу үшін қолданылатын цифрлар саны.
Мысалы :
екілік жүйеде: 0, 1;
үштік жүйеде: 0, 1, 2;
бестік жүйеде: 0, 1, 2, 3, 4;
сегіздік жүйеде: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 сандары қолданылады.
Санау жүйесінің негізіне кез келген натурал санды алуға болады – екі, үш, төрт, т.с.с. Сондықтан, позициялық санау жүйелері шексіз көп бола береді: екілік, үштік, төрттік, т.с.с. Негізі q болып келген санау жүйесінде сандарды жазу мынадай өрнектің қысқаша түрі болып табылады:
an-1 qn-1 + an-2 qn-2 + ... + a1 q1 + a0 q0 + a-1 q-1 + ... + a-m q-m, (1)
мұндағы ai — санау жүйесінің цифрлары; n және m — берілген санның бүтін және бөлшек разрядтары сандары.

Мысалы:
Разрядтар 3 2 1 0 -1


Сан 1 0 1 1, 12 = 1*23 + 0*22 + 1*21 + 1*20 + 1*2 -1
Разрядтар 2 1 0 -1 -2
Сан 2 7 6, 5 28 = 2*82 + 7*81 + 6*80 + 5*8-1 + 2*8 –2
Ақпаратты өрнектеу форматтары
Компьютерлердің жұмысын қарастырудан бұрын ақпаратты өрнектеу форматтарын білу қажет. Ақпараттың өлшем бірлігі болып байт саналатындықтан, сандарды өрнектеу форматтарының негізін байт ұғымы құрайды, кез келген сан байттар тізбегінен тұрады, олар солдан оңға қарай нөлден бастап нөмірленеді.
Ақпарат өңдеу аспаптарында жиі кездесетін формат – машиналық сөз. Ол қатар тұрған 4 байттан немесе 32 биттен тұрады. Оның жартысы қысқартылған формат ретінде жиі қолданылады да, жартылай сөз форматын құрайды. Кейде екі еселенген сөз, яғни 8 байт тізбегі де қолданылады (64 бит).
Ақпаратты өңдеуде оның тұрақты және айнымалы тізбектері де кездеседі. Жоғарыда көрсетілген жарты, бүтін және екі еселенген машиналық сөз ақпараттың тұрақты тізбегіне жатады. Көбінесе тұрақты тізбек ретінде сандық, ал айнымалы тізбек ретінде ұзындығы 1 байттан 256 байтқа дейін болатын мәтіндік ақпарат қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет