Инкарбекова Диана Ағылшын абсолютизмі (курстық жұмыс)


Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютизмнің шарықтау шегі



бет2/3
Дата24.02.2016
өлшемі208 Kb.
#12406
1   2   3
1.2 Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютизмнің шарықтау шегі
Мария Тюдор қайтыс болғаннан кейін, Генрих VIII-ші мен Анна Болейннің қызы Елизавета Тюдор (1558-1603ж.) таққа отырады. Елизавета I-нің билігі ағылшын абсолютизмінің дамуында кульминационды пунктке айналған. Осы кезде абсолютті монархиямен жаңа дворяндар және буржуазия арасында келіспеушілік қарқынды түрде дамып жатты /24/.

Елизавета билегенде Англия толығымен аграрлы ел болған. Халықтың көп бөлігі: 4,5 млн. адам деревняларда тұратын. Жалғыз ірі қала Лондон болатын. Оның тұрғындарының саны 1534 – 1660 ж. 8 есе көбееді (60 мыңнан 460 мыңға дейін). Осыған байланысты Англияда шаруашылық өмірдің интенсивті түрде дамуы қарқынды жүреді. Ол негізінен аграрлы облыстарда байқалынды. Сонымен қатар Тюдорлар реформалары «ақшалы адамдардың » қолына, яғни джентрилерге көптеген жерлер бөліп берді. Нәтижесінде кедей шаруалар өздерінің азық-түліктерінен және жерлерінен айырылады. Деревняларда жерлердің ірі капиталистік арендасы таралады, және феодалды тәртіпке бағынбаған фермерлер көбее түседі.

Елизавета I-ші таққа отырғаннан соң, оның үкіметі ағылшын шіркеуінің құрылымын қайта өзгертті. Яғни, ағылшын королі басқарған Римге тәуелсіз ағылшын шіркеуі қайта құрылады. Бұл шіркеуде епископтер корольге бағынатын болды. Өзінің догматтық негізі бойынша католиктік шіркеуден айырмашылғы аз болған. Ал жаңа катехизистің нақты белгіленбегені үшін, оның мән-мағынасы әртүрлі түсіндірілетін /25/.

Королева шіркеу істерін реттеу және республикаландыру тенденцияларын жою мақсатымен, оның үкіметі Кальвиннің ілімі бойынша реформацияның жақтаушыларымен үнемі күрес жүргізіп отырды. Швейцар реформаторы Жан Кальвиннің (1509-1564ж.) европалық буржуазияның мүддесін көздеген протестантизмнің ең радикалды түрі болған. Кальвиннің негізгі идеясы – адамзатты қорғау ілімі. Яғни қорғауға тек құдай таңдаған адамдар алынады деген. Негізгі мәнге кальвинистік шіркеудің республикандық ұйымы иеленіп, оның пасторлар мен старейшиналарын оларға сенетіндермен сайланатын. Жалпы осы кальвинизм бірінші қорлану кезеңіндегі буржуазияның дініне айналады.

XVIғ. 60ж. протестанттар-кальвинистер Англияда «пуритандар» (purus – таза) деп аталына бастайды. Пуритандар қатарына білімді, рухани адамдар жатады. Оларды жаңа дворяндар мен буржуазияшылдар қолдаған. Осы пуритандардың идеологы және басшысы Картрайт старейшиналармен қауым мүшелерінің бай ақсүйектерінен тұратын шіркеулік одақты құрғысы келді. Сол себептен Картрайттың жақтаушыларын пресвитариандар деп атаған. Пуритандардың сол жақ қанатын Браун басқарған. Ол ағылшын шіркеуінен толық тәуелсіздікті, қауымның дінбасыларының дербес іс-әрекет етуін талап етті. Ал оның қол астындағылары индепенденттер деп аталған /26/.

Елизавета кезіндегі пуритандармен күрес XVI ғ. 90 ж. қарқынды дамып, көптеген пуритандықтар сотқа, жазаға тартылынған. 1593 ж. статут бойынша пуритандарды қудалаушылыққа ұшыратып, нағыз пуритандарды өлім жазасына тартады. Пуританизм осы кезге қарай дамып келе жатқан буржуазды оппозицияның туына айналғаннан кейін үкімет бұдан үрейлене бастайды /27/.

Королева өзінің әкесі сияқты компитентті кеңесшілерді таңдауға шебер бола тұра қоғамның позитивті көзқарасына иеленуді жөн көрді. Ал діни сферада өзінің алдындағы корольдердің саясатын қайталамады. Епископ орындарына және Кентерберий архиепископ орындарына вакансияны онымен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүргізгісі келген қалыпты дінбасыларына берді. Сонымен қатар Елизавета парламент заңды өзгертпегенінше латын әдет-ғұрыптарын сақтаған. 1559ж супрематия туралы акт Генрих VIII-ші кезінде қабылдаған актіні бекітеді: Эдуардтың «жалпы сыйыну туралы кітабына» дінге консервативті сенушілерге жағымды болатын бірнеше өзгертулер енгізіп, біркелкі актісін қабылдайды. Алайда көптеген компромистердің себебінен оның саясаты қоғамды толығымен қанағаттандырмаса да кейін халықтың көпшілігі оны қабылдайды. 1570 ж. Папа булласы королеваны және оның қызметкерлерін коронаға сенімділігінен босатады. Королеваны таққа отыруға құқығынан айырған соң, осыған байланысты парламент акт қабылдағанда католиктердің Англияда жағдайы нашарлай бастайды.

Елизаветаның билігінің бірінші жылдарында оның оппозициясы әлсіз болады, бірақ 1569 жылы солтүстікте Ағылшын ақсүйектерінің король билігіне қарсы көтерілісі болады.

Сыртқы саясатта Елизавета Франция және Испания арасында бәсекелестікті қарқынды жүргізді. Ол кейде өзі француз гугеноттарына, голланд кальвинистеріне көметектесті, ал кейде өзінің қызметкерлеріне көмек беруге міндеттеді. Оның бұндағы мақсаты тек протестантизм басына отыру ғана емес, көтерілістерді қолдау арқылы Францияның және Испанияның жағдайын нашарлату.

1568 ж. тақтан бас тартқан Мария Шотландская Англияға келіп Елизаветадан көмек сұрайды. Себебі шотланд лорд-пресвитариандары абсолютизмнен және католицизм дінінің орнауынан қорқып 1567ж. Мария Стюартқа қарсы көтерілісті ұйымдастырады. Филипп II Испанский және рим папасы Англияға соғыс жариялауы үшін көптеген себебі болған. Себебі теңіз ұрлықшылары Елизаветаның атынан испан-американ порттарын, испан коронасынан алтын толған кемелерді тоңаған және ағылшын әскерлері Голландияда Вильгельм Оранскийдің жағында Филиппке қарсы соғысып жатқан. Сонымен қатар Англияның да Испанияға претензиялары болған. өйткені, Филипп агенттері Елизаветаға қарсы қастандықтар ойластырып, Ирландиядағы көтерілісшілерге көмек көрсетіп, антиабсолютистік қозғалыстарды жандандырып отырған.

1587ж. ағылшын-испан соғысы барысында елде феодалды-католиктік топтардың реакционды істері жандана түседі. Олар Мария Стюартты босатып, ағылшын королевасы етіп сайламақшы болады. Бұл идеяны Филипп II Испанский қолдайды. Сөйтіп, католиктік государьларды Англияға қарсы қойып, антиабсолюттік қозғалыстарды қолдап, Мария Стюарттың Англия тағына претензиясын жүзеге асыруды жөн көрді. Бірақ бұны білген Елизавета I-ші осыған қарсы алдын-ала шаралар қолданып, Испаниямен соғысты бастатпас үшін, Елизавета Марияны мемлекетке опасыздық жасады деп, 1587 ж. 8 ақпанда жазаға тартады /28/.

80ж. ағылшын-испан соғысы жаңа фазаға өтеді. Бұл кезде Нидерланды революциясы оның өзіне үлкен азап шектіреді. Ол Испаниямен соғыс барысында өзіне одақтас мемлекетті іздеп, Англиядан көмек сұрауға мәжбүр болды. Сөйтіп 1585 ж. Нидерландыға ағылшын әскері жіберіледі. Осы кезден бастап, Англия және Испания арасында ашық соғыс басталады. Шынында да Елизавета Нидерландының революциясына көмек бергісі келмегендіктен, Филипп II Испанский Англияға соққы беруге дайындығын жақсы атқарды.

134 транспорттық кемелерден құрылған испан Армадасы 1588ж. Англияға қарсы жорық жасайды. Ал кемеде Англияны басып алуға жіберген 22 мың солдат, 8766 теңізшілер, 2088 құлдар, 300 дінбасылары болған. Ағылшын үкіметі соғысқа нашар дайындалған болатын. Осыған қоса 1587ж. урожай төмен болып, нанның бағасы жоғарылай бастаған. Ағылшын королевасының шетелдерден кредит алу мүмкіндігі болғанымен, 1587-1588ж. банкирлер оған көмектесе алмай, Англия тек өзінің ресурстарын ғана пайдаланды. Ал ағылшын көпестері ол кезде нашар халде болғандықтан, жеткілікті субсидияны бере алмаған /29/.

1588 ж. Англия испан Армадасына тойтарыс беру үшін, өзінің флоттарын, әскери отрядтарын дайындай бастаған. Король флоты тек 34 кемеден, 6 мың адамнан тұрған. Бірақ ағылшын жаңа дворяндары және буржуазияшылдары Англияның қорғанысын ұлттық мәселе деп, өз қаржыларымен мемлекеттік қызметке көптеген кемелерді жібереді.

Шілде айында Армада Англияға жақындап, Ла-Маншқа кіреді. Ал ағылшын теңізшілері адмирал Говардтың бұрығымен Армаданы бұғазға кіргізеді. Ал Елизаветаның әйгілі пираттары және теңізшілері Гоукинс, Дрейк, Фробишер Каледа Армаданы аңдып, маңызды күрестерге шықпай, ұсақ соқтығыстар жасап, тек 28 шілдеде қарсыластар Каледа кездеседі. 140 кемелері болған ағылшындар түнде испан флотына 6 кемені жібереді. Осы кезде испандықтар қатты үрейленіп, бірнеше кемелері жанып, біразы өзара соқтығысқан. Келесі күні болған теңіз қақтығысында испан флоты үлкен зардаптар шегеді. Жолда абайсыз болған теңізшілерге ағылшындар күшті тойтарыс береді. Одан кейін испан кемелері Каледа рейдке тұрған соң басталған боранның себебінен Солтүстік теңізде кемелердің жартысы батып, қалғандары теңізде жоғалып, Шотландия мен Ирландияның тасты жағалауларынан табылады. Негізінен, Испанияға кемелердің тек 1/3 бөлігі оралады. Бұл соғыс Елизавета билігінің соңына дейін созылады, бірақ Армададағы испан жеңілісі Англияны Испанияның қауіп-қатерінен арылтады.

Ағылшын-испан күресінде Армаданың құлауы, Испанияның теңіздегі үстемдігінің әлсіреуіне әкеледі. Испания және Англия арасындағы өзара бақталастық Англияның жеңісімен аяқталады. Алайда Филипп II-шімен теңіз күресі арықарай жалғасады /30/.

70-80 ж.ж. қауым палатасындағы пуритандар конфликтілеріне қарамастан, үкіметпен парламент сыртқы және ішкі саясатты қайтадан біріге отырып, жүргізе бастайды. Елизавета Тюдор жаңа дворяндардың, буржуазияның мүддесін қанағаттандыру үшін, сауда мен өнеркәсіптің жақсы дамуы үшін, халық көтерілісінің болдырмау үшін барынша қызмет еткен. Абсолютизм елдің арықарай дамуы үшін барлық алғышарттарын дайындады. Осыған байланысты абсолютизмнің келесі негізгі белгісі анықталған: абсолютті монархияның шарықтаған кезіндегі парламенттің сақталынуы.

Өкінішке орай, 90ж. бұл жағдай өзгеріске ұшырайды. Жақсы нығайған капиталистік элементтер дербестікті талап ете отырып, олардың коронамен мүддесі қайшы келе бастаған. Дәл осы кезде тұрақты әскері болмаған ағылшын монархиясының позициясы әлсірей бастайды.

Жалпы Тюдорлардың берік және орталықтанған мемлекеттік аппарат құру талпыныстары, әбден жетілген мемлекетке жеткізбеді. Тіпті XVI ғ-да да королевада оған мүлтіксіз бағынатын бюрократиялық аппараты болмады. Парақорлық және қазынаны тоңаушылықпен қатар, графтіктерде шенеуніктердің лауазымын жергілікті жаңа дворяндар атқарған. Сонымен қатар корольдің барлық бұйрықтары шенеуніктердің өзінің мүддесіне сәйкес болғандықтан ғана атқарады. Елизавета өзінің кеңесшілерін жақсы таңдай алғандықтан Берлей, Николай Бэкон, көпес Томас Грешем сияқты абсолютизмнің жақтастары пайда болған. Ал Уолси басқарған шпионаж және информация жүйесі Елизаветаға жақсы көмек болып, ол Европа және Англияда болып жатқан істері туралық керекті мәліметтер жинап отырды. Сонымен қатар Томас Грешемді король қаржысын жақсы басқарғаны үшін, оны «көпестер королі» және королеваның қаржылық кеңесшісі деп атаған.

Бірақ Елизавета билігінің екінші жартысында сановник Роберт Сесиль және атақты философ Фрэнсис Бэкон кезінде мемлекеттік аппарат оның қол астынан шығып, монарх еріктігін орындаудан бас тартады. Енді бұны реттеу үшін королева «фаворитизм» жүйесін қолданады. Егер Елизавета билігінің бірінші жартысында Лейстер сияқты фавориттер оған тек тікелей бағынатын болса, екінші жартысында олар королеваның кеңесшілеріне айналып, маңызды рольді атқарған. Ал сэр Уолтер Рэли, Эссекс кейде королеваға қарсы шығып, сыртқы саясатты өз беттерінше жүргізеді. Елизавета билігінің соңғы периодында сол кездегі абсолютизмге тән болған сипатта фавориттердің королеваға ықпалы күшее түседі /31/.

90ж. ортасынан бастап парламентте буржуазды оппозицияның королеваның монополиялық патенттерді беру саясатына қарсы наразылық туады. Осыдан бұрын да тюдорлық үкімет сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарына практика ретінде монополиялық патенттер берген. Егер XVI ғ. ортасында бұл шара буржуазиялық дамуға көмек ретінде болса, XVI ғ. аяғында керісінше мұндай монополиялар елдің экономикасын тежеп, еркін капиталистік дамуға кедергі болады. Сонымен қатар бұған буржуазия да қарсыласады, өйткені монополиялық патенттер негізінен фавориттерге және сарай қызметкерлеріне берілген. Ал 1601 ж. қауым палатасы монополия мәселесін, талқылауды талап етеді. Королева және парламент арасында осыған байланысты конфликт өрістеп, Елизавета монополиялық патенттерді тарату туралы бұйрығынан бас тартады, бірақ формальді түрде бұл жағдай өзгерген жоқ. Елизаветаның билігінің соңғы периодында парламент тәуелсіздікке ұмтылады, ал Лондон тұрғындарының королеваға деген қатынасы өзгереді. Осылай Елизаветаның әйгілі істері Эссекстің арқасында жоққа шығады.

Сонымен қатар Ирландияны қайта жаулап алу жүзеге асырылады. Бұл жарты ғасырға созылған күрес оларға ауыр тиеді. Осы кезде Англияның сыртқы және ішкі істері көптеген жетістіктерге жеткен. Жалпы осы королеваның билігі ағылшын «Қайта өрлеуінің» шарықтау шегі болып саналады. Бірнеше қателіктерге қарамастан бұл кезең – «ұлы істер дәуірі » деп аталады.



II. тарау. Бірінші Стюарттар кезіндегі ағылшын абсолютизмі.

2.1. Стюарттар абсолютті монархиясының кризисі
Ағылшын абсолютизмінің кризисі XVI ғ. 90 ж. Елизавета билігінің соңғы жылдарында байқалына бастады. Алайда бірінші Стюарттар кезінде ол ішкі және сыртқы саяси бағыттың анықтаушы факторына айналды. Абсолютизмнің формалары және билік тәсілдері неғұрлым әсерлі болған сайын, соғұрлым ол әлсірей бастады және Стюарттардың өзара бақталастығы өрістей берді. Яғни олардың тек корольдің ғана ешбір парламентсіз, сословиялық өкілдердің қатысуынсыз заң шығару тілегін жүзеге асыру әрекеттері абсолютті монархияның жүйесін реакционды сипатқа әкеліп біраз әлсіретеді. Ал неғұрлым таптық күрес өрістеген сайын, соғұрлым қоғам феодалдық құрылысқа біріге бастады: феодалды лордтар, шіркеулер, сарай қызметкерлері.

Елизавета қайтыс болғаннан кейін корона Яков VI Шотландскийге өтеді. Шотландияда ЯковVI-шы ретінде әйгілі болып, Англияға келгенде өзін Яков I-ші деп атайды.

Екі дінге де сенушілер Елизаветаның компромисстік саясатына қарсы болған: католиктер – себебі королева дінге тым терең араласып кетті, ал пуритандар – себебі королева оларға қатысты ешқандай дұрыс деп саналатын саясат жүргізе алмады. 1604 ж. Хэмптон-корттегі кеңесте пуритандар ағылшын шіркеулерін реформациялауға және шотландық шіркеулермен жақындастыру идеясын ұсынады. Алайда олардың бұл ұсынысы ешкімнен қолдау таба алмайды. Бірақ король арнайы комиссия құрып, бұл комиссия Библияның (Яковтың версиясы бойынша) жаңа аудармасын бастап тек 1611ж. бітіреді. Бұл кеңесте король өзіне пуритандарды жақындату мүмкіндігін жоғалтып алады, ал олар болса оның оппоненттеріне қосылады. Ал рим католиктерінің жағдайы 1605 ж. «Порохтық құпия келісімінен» кейін елизаветалық заңдардан айырылу мақсатына мүлдем жетпейді. Сонымен қатар, король Англия үшін католицизм – ағылшын еркіндігін шектейтін дін деп санаған /32/.

Ол Европаның абсолюттік монархтарына қызыға қарап, Англияда да сондай корольдің абсолютті билігін орнатуды армандаған. Яковтың алдында тұрған екінші мәселе – корона және парламент арасындағы қарым-қатынас. Тюдорлармен парламент арасында конфликт туып отырса да, олар парламентке өз шешімін қабылдата алған. Яғни бұл халық мүддесін қанағаттандырғаннан кейін жүзеге асырылатын. Бірақ Елизавета билігінің соңғы жылдарында парламент королеваға бағынудан бас тартады. Өйткені Елизавета ішкі сыртқы қорғанысты орнатқан соң автократиялық режимді қажет етпеген. Ал Яков болса бұны түсіне алмады. Керісінше ол король билігін құдай жаратқан деген ойға барынша сендіруге тырысып, парламентті қосымша институт ретінде қарастырған.

Ағылшын абсолютизмінің кризисінің ең анық байқалған кезі – осы король мен парламент арасында конфликттің пайда болуы: король субсидияларын қолдамау, парламенттердің сессияларының азаюының нәтижесі корольді қаржылық тапшылыққа әкеледі. Сонымен қатар парламент корольдің жүргізген саясатына қанағаттанбай, оны қатты сынауға алады. Яковтың осындай абсолютистік істеріне буржуазия және буржуазияланып келе жатқан дворяндардың мүддесін көздеген парламент депутаттары оның саясатына толығымен қарсы болады. Себебі ол парламенттің келісімісіз салық жинамақшы болғанда парламент өзінің салықты бекіту құқығын пайдалана отырып, король билігін шектеу мақсатымен оған қысым жасай бастады.

Парламент Яков ұсынған Англияның Шотландияға бірігу және корольдіктер арасында еркін сауда жүргізу идеясына қарсы шығады. Корольдің баж салығын жоғарлату туралы жобасын сот мойындаса да, 1610 ж. парламент оған қарсы болады. Король табыс туралы мәселе бойынша компромисске келмегеннен кейін, парламентті таратып жібереді. Он жыл бойы парламент болмай, тек 1614ж. жиналғанда, екі ай бойы ол ешқандай мәселені шеше алмады. 1612ж. бастап оның кеңесшілері фавориттер болғанда, қауым палатасы оған өзінің сенімсіздігін білдіреді. 1621 ж. парламент және король арасында «Отызжылдық соғысқа» байланысты өзара келісушілік те болмаған. Яковтың Испаниямен достық қарым-қатынас құру жоспары сәтсіздікке ұшырағанда, Франциямен одақтасу идеясы да дәл осындай жағдайға ұшырайды /33/.

Яков жалпы таққа отырғаннан кейін абстрактылы абсолютті монархиясының теориясын түсінді, бірақ оның тарихи шарттық спецификасын жүзеге асыра алмады.

Англияның үстем етуші таптары және парламент католиктік Испанияны теңіз және отарлық қарсыласы ретінде көреді. Осы себептен Яковтың сыртқы саясаттағы бірінші әрекеті халықтың оған күмәндігін туғызды. Ол таққа отыра салып, Испаниямен тез арада одақ құруға асықты. Испанияның Армададағы жеңілісін пайдаланып, ағылшын буржуазиясына қолайлы жағдай туындату идеясы оның ойына келмеді. Сонымен қатар феодалды-католиктік Испаниямен жақындасу саясаты Англияның жаңа қоғамдық қатарының қызығушылығына қайшы келсе де, үкімет пен феодалды дворяндар реакционды абсолютистік Испаниямен одақ құруға әрекет жасаған. 1614ж. Яков өзінің ұлы Карл мен испан инфантасы арасында неке құру туралы келіссөз жүргізе бастайды. Бұл неке оның ойынша корольдің қаржылық жағдайын ретке келтіріп, біраз уақыттай қаржы ісің парламенттен дербес жүргізуге мүмкіндік береді. Осы ағылшын-испан одағын құрудың тағы бір мақсаты – Англияда абсолютистік тәртіптің орнауы.

1618ж. Германияда Протестанттық уния және Католиктік лига арасында Отызжылдық соғыс басталғанда, ағылшын үкіметі Протестанттық унияға басынан көмектесуді ойластырмаған. Себебі, егер Отызжылдық соғыста австриялық және испан Габсбургтері басқарған феодалды-католиктік топтарға қарсы шыққан протестанттардың жағында күрессе, Англияға Испаниямен қарым-қатынасты үзу қаупі төніп тұрған. Бірақ 1623ж. келіссөздер тоқтатылғаннан кейін Англия Испанияға қарсы теңіз соғысын жүргізіп, «Жаңа әлемдегі» отарларын тартып алудың орнына, үкіметтің шешімімен Франция және Голландиямен жақындасу үшін континенттегі соғысқа араласып кетеді. Ал Франциямен одақ жалпы династиялық, яғни Карл және француз принцессасы Генриэтта-Мариямен некесі негізінде құрылатын болған. Франциямен жақындасу және Рейнге 12 мың ағылшындарды жіберу Карлдың сыртқы саясаттағы соңғы әрекеті болды.

Яковтың және Карлдың басқару тарихы – биліктің кризисінің жоғарғы шегімен айқындалады. Жалпы осының барлығы Англияда революцияның алғышарттарына әкелді. Яғни бұл революцияның екі себебі болған : біріншісі – осы кризистің құжат ретінде халық арасында таралуы, екіншісі – төменгі таптың нашар халінің өзінің апогейіне жетуі. Яковтың парламентінде одақтас-таптың бағдарламасы негізінен XVII ғ. буржуазиялық революцияның ортасында дайындалғандықтан, К.Маркс Яковтың билігін «революция прологы» деп атаған. өрістеп келе жатқан революцияның себебінен парламенттің алдында келесі жағдай туындайды: парламенттің ішіндегі өзара қырқыстың сыртқы ортаға қандай әсері болмақ? Парламент негізінен критикаға алынатын болса, парламент критиктерге өзінің қаруын шығарады. Бірақ негізгі айырмашылық бұнда емес. Парламенттегі күрес негізінен капиталистік даму, таптар мүддесі аясында болса, парламенттен тыс күрестер осы мәселелерді жүзеге асырылмағандықтан болады. Тек корольдің агенттерінің заңсыздығына қарсы жек көрушілік ортақ болады. Нақ осы себептен парламенттік оппозицияны «жалпы халықтың мүддесін» білдірушілер деп атаған. /34/

Осындай төрт негізгі мәселе абсолютизмнің әлсіреуінің негізгі себептері болып табылады: 1) елдің дәстүрлі конституциясын талқылаумен байланысты туатын күрес, 2) үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатының сынға алынуы, 3) католиктік қауіпке қарсы реформаларды соңына дейін жүргізу үшін күрес 4) Яковтың сыртқы саясатына байланысты, корольмен парламент арасындағы келіспеушілік.

Яковтың қаржы саясатының да өзіндік ерекшеліктері бар: яғни коронаның бұрынғы феодалдық құқығы бойынша парламенттен дербес қаржыны реттеу істерін жүргізу. Бұл ерте кездегі реакция елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен сай келмей парламент соттарына қатты қауіп төндірген. Енді осыған байланысты «Үлкен келісім туралы парламенттік меморандум» қабылданады. Осы меморандумда революцияның одақтас-таптарының аграрлы бағдарламасы шығады. Парламент корольге біруақыттылық жаппай сатыпалушылықты ұсына отырып, рыцарлық жерлердің және оған жақын жерлерді еркін сокеджге, яғни жериеленушілердің жекеменшігіне айналдыруға талап етеді. Бұл жоба – дворяндардың пайдасына қарай жериеленушіліктің феодалдық тәртібін жою туралы бірінші жоба болған. Жалпы бұл меморандумды революцияның аграрлы заңшығарушылық негізіне жатқызды. /35/.

1621 ж. монополияның 700 түрі болған. Ол кезде тек нанға ғана монополия болмаған. Монополиялар жүз мыңдаған ағылшындардың өмірімен тікелей байланыста болып, тікелей әсер еткен. Монополиялық жүйе әрбір кәсіпорындық және сауда қызметтерін толық бақылауға алып, ұсақ ауытқуларға үлкен штрафтар салып, ағылшын экономикасына ауырлатты. Ал парламенттен тыс қазынаны байыту шаралары қазынаны емес, керісінше монополиялық патенттердің иеленушілерін байытқан. 1630 ж. монополиялар қазынаға жылына 100 мың фунт стерлинг беретін. Ал нақты айтқанда бұл ақша соммасы монополияшылдардың өз қалталарына салған ақшаның аз ғана мөлшері болып табылатын. Әрине осындай жаппай халықты тоңаушылық, елде наразылық туғызды. 1624 ж. парламенттің қабылдаған декларациясында монополиялар корольдіктің «негізгі заңына қайшы» келеді деп жазылғанына қарамастан, Яков та, оның мұрагері де монополиялық патенттерді сатуды жалғастыра берді. Енді осыған байланысты туындаған экономикалық нәтижелер туралы Кокейн өзінің жобасында қабылдайды. Мысалы, «Голландияға боялмаған «маталарды» шығару Англияға қымбат және тиімсіз болады, себебі голландықтар оны бояп толығымен бітірген соң, Прибалтикаға үш есе сатады» - деп, Кокейн Яковқа боялмаған маталарды экспорттауға тыйым салғыздырады. Осыдан кейі Кокейн жыл сайын қазынаға 300 мың фунт стерлинг түсіре аламыз деп ағылшындарды қызықтырып, боялмаған маталарды авантюрист-көпестерге шығарпай, голланд делдалділігісіз тікелей Прибалтика елдеріне экспорттауды бастайды. Бірақ Голландия Англияға дайын маталарды шығаруға тыйым салып Прибалтикаға тасымалдайтын кемелердің санын азайтады. Бұл шешім ауылшаруашылық аймақтарына ауыр тиеді,өйткені өндірілген тауарлар сатылынбай, Кокейннің бұл жобасы оларды банкротқа ұшыратады. Нәтижесінде Англия Голландия арқылы боялмаған маталарды Прибалтикаға шығара бастайды.

Ағылшын абсолютизмі өзінің кризистік фазасына түскеннен кейін, абсолюттің монархтың жақтастарының саны күрт азаяды. Себебі абсолютизмнің өзінің принциптерінен бас тартуы, өзінен бас тартуымен тең болған. Ал келесі фактор – ол «жаңа дворяндардың» позициясының буржуазия позициясына сай келіп олардың бірігуі. Нәтижесінде Стюарттардың ықпал ету диапазоны кішірейіп, екі тапты өзара карсы қою мүмкіншілігі жойылады. Сонымен қатар Тюдорлар дәуіріндегідей объективті шешімдердің болмауы, саяси климатты ауыр халге әкеледі /36/.

Яков монархияны құдай билігі ретінде көріп, біріншіден ол әулие жазбалардан, екіншіден ағылшын корольдігінің ертедегі құқығынан шыққан, ал үшіншіден ол табиғат заңы деп есептеген. Яғни олар таққа құдайдың ұсынысымен отырғызылып, тек оның алдында ғана жауапты болу керек деген көзқарас орнаған. 1625 ж. 27 ақпанда король қайтыс болады.
2.2 Абсолютті монархияның құлауы
Карл I-ші 1625 ж. таққа отырған соң, әкесінің «корольдердің құдай берген құқығы» туралы идеясын арықарай дамытып, Яковтан басқару шеберлігімен ерекшеленеді. Оның билеген периодының бірінші жартысында король және парламент арасында конфликттің өрістеуі анық байқалынды. 1625 ж. маусымынан 1629 ж. наурыз айына дейін парламент үш рет шақырылып, қайта таратылады. Бірінші парламент корольдің Испаниямен соғысқа сұраған қаржының тек 1/7 бөлігін беруге келіседі. Осыған қарамастан ол Кадиске әскер жібергенде үлкен зардап шегеді /37/.

Сонымен қатар пуритандармен де қақтығысады. Бұл ағылшын шіркеуіне қатысты қозғалыстар парламенттен жақсы қолдау тапты, бірақ Карл бұған күмәндана қараған. Өзінің жақын досын және бас министрді соттан сақтап қалу үшін, 1626ж. парламентті қайта таратып жібереді. Енді елдің негізгі бағыты Франциямен соғыс болады. Ал қазынаны көбейту тәсілдері қоғамның жеке бостандығына үлкен қауіп төндіріп отырған. Сөйтіп Карл алым-салықтар алуға міндетті болып: осыған қол қоймаған, келіспеген тұлғаларды қамауға алатын немесе әскерге жіберетін. Корольдің осындай істері парламенттің наразылығын туғызып, 1628ж. наурызда парламент үшінші рет жиналғанда, король қалыптасқан жағдайды талқылап, парламент оған «құқық туралы петицияны» қабылдау талабын қояды. Бұл петиция бойынша король алым-салық тек парламент оны мақұлаған соң және қамауға алу заң жүзінде іске асырылу қажет делінген. Алайда король «петицияға» қол қойғаннан кейін де оны іс жүзінде атқарған жоқ: оның талабынан бас тартқандар қамауға алынып, жаңа салықтар парламенттің рұқсатысыз жинала берді. Ал парламент бұған қарсы шыққанда ол парламентті таратып жібереді. Екінші сессия барысында ол парламентпен қарым-қатынасты реттеуге әрекет жасағанмен, парламент оған қарсы болғандықтан, 1629 ж. наурыз айында оны қайтадан таратып жібереді. Бірақ осыдан кейін король қаржысыз қалады. Оның қарызы жылдан жылға көбейіп отырса да ол парламентті жинамай өзі басқа жолдарды іздей бастады. Нақ осы жолы оның абсолютті монархиясының тез арада құлдырауына әкелді /38/.

Корольдің жақын кеңесшісі граф Стаффорд басында парламенттік оппозицияның жағында болатын, бірақ паламенттің корольден әлсіз екенін түсінген соң корольдің жақтасына айналады. Оның ойынша егер король шешімді болса ол парламентті жеңіп шексіз билік жүргізгенде король оның көмегін қажет етеді. Осы граф Стаффорд ирландықтардың көтерілісін сылтау етіп, Ирландияның наместнигі болып сайланады. Одан кейін Стаффорд корольдің бұйрығымен әскер жинай бастайды. Ал осы графтың көмекшісі Кентерберийлік архиепископ Иод «еретиктерге» қарсы қатаң саясат жүргізеді. Олар ағылшын шіркеуіне және үкіметке қарсы шыққан пуритан-әдебиетшілерді қуғынға ұшыратып, қамауға алған. Сонымен қатар 1635ж. үкімет король қазынасын көбейту мақсатымен ерте кездегі салықты – кеме салығын жинау туралы шешім қабылдайды. Парламент осы кезден болмағандықтан үкімет оны жағалаудағы графтіктерден ғана емес бүкіл халықтан жинай бастайды. Бұдан бас тартқандарды қамауға алатын /39/.

XVII ғ. 20ж. аяғында елдің экономикалық жағдайы тұрақсыз болады. Европадағы соғысқа байланысты сауда қысқарып, жаппай жұмыссыздыққа өнеркәсіптің стагнациясына әкелді. Ал 1629-1631ж. урожайдың нашар болуы, бұл жағдайды одан сайын әлсіретті. Көптеген графтіктердің судьялары өрістеп келе жатқан қатер туралы хабарлағанда, халықтан үкіметке жағымдар келе бастады. Осыған байланысты 1631ж. Эссекс және Суффолк графтіктерінің жұмысшылары былай жазған «Енді олар өте қиын жағдайда, тіпті нан жетпегендіктен өздерінің құрал-саймандарын, төсектерін сатуға тура келді ». Бірақ XVII ғ. 30ж. қарай экономикалық жағдай біршама жақсара бастады.

Жалпы Карлдың сыртқы саясаты ешбір корольден ерекшеленбейтін. Оның француз-католичкасымен неке құру туралы жайт, бүкіл халықтың наразылығын туғызды. Себебі католиктік дворяндарға реакционды ықпалдың күшею қаупі төніп тұрды. Одан кейін 1627 ж. Англия Франциямен одақтасудан бас тартып, Ла-Рошелидің гугеноттарына көмек беру туралы шешім қабылдағанда қайтадан наразылық өрісі бұрқ еткен болатын. 1629 ж. Англияға Франциямен одақ құруға тура келді. Сонымен қатар Европада шведтік ықпалдың кеңеюінен қорыққан Карл Дания, Швеция және Голландиямен «Отызжылдық соғыста біріге әрекет ету туралы келісімін» бұзып, Балтық теңізінен өз флотын қайта шақырып алып, 1630ж. Испаниямен «Мадрид келісіміне» қол қояды. Англияға бұл соғыс бірнеше зардап шеккіздірді. Герман протестанттары ешбір көмексіз қалды, ал Вест-Индияда ағылшын саудасы туралы мәселе сол күйінде шешілінбей қалды. Ал үкімет болса арықарай сауда буржуазиясының мүддесін көздей берді.

Осының барлығы ағылшын флотына кері әсерін тигізді. Егер Елизавета I-ші кезінде Англияның қолында ең үлкен әскери флот болса, XVIIғ. Нидерландыда, Францияда кемелерді қарқынды жасау басталғанда, Англия артқа қарай шегінді. Мысалы 1558ж. Армадаға қарсы 34 кеме қойса, 1641ж. Англияның тек 42 кемесі ғана болған. Ал ағылшын әскери флотын күшейту үшін қаржы керек болды. Бірақ бұл Стюарттар кезінде мүмкін емес болған.

Англияға Тюдорлардан 1534 ж. құрылған ағылшын шіркеуі жетті. Рим папасы ағылшын дінбасыларын басқарудан айырылып қана қоймай, одан келетін табыстардан да айырылады. Ал ағылшын шіркеулерінің діни басшысы король болады. Осы кезде үкімет монастырьлерді жойып, олардың жерлерін, мүліктерін конфискілеген. Католицизмнің кейбір догматтары болса протестанттықтарға ауыстырылды. Бірақ шіркеу аристократиялық, яғни жоғарғы таптың мүддесін көздейтін болып қала берді. Жаңа шіркеуде діни наным-сенімдер ағылшын тілінде болды. Дінге сенушілерге неке құруға рұқсат берілді /40/.

Екінші периодта Карл жалғыз өзі шексіз билік жүргізді. Ең басты мәселе салық жинау болып қала берді. Яғни салық негізінен жоғарғы таптардан жиналғандықтан, король олардың қолдауынан айырылып қалды. Қаржылық және шіркеулік саясаты қоғамның жаппай наразылығына әкелді; бұл периодтың соңы Шотландиядағы оқиғаның себебінен аяқталды. Шотландия шіркеулерінде ағылшын үлгісі бойынша дінге табыну әрекеттері, шотландықтардың ұлттық сезімдеріне және діни наным-сенімдеріне қайшы келді. Осыған байланысты ағылшын парламентті 1640 ж. сәуірде жиналып, 23 күннен кейін ешқандай ортақ шешімге келмегендіктен қайта таратылып жіберіледі. Ал осы кезде шотландықтар Англияға басып кіреді, келесі парламент, яғни «Тұрақты парламент» 1640 ж. 3 қарашада жиналып, корольдің шексіз билігі шектелуге тура келеді.

Енді парламент мүшелері барлығы абсолютистік режимді тоқтатуға келісіп, біріге әрекеттер ойластыра бастайды. Олардың бірінші мақсаты – корольдің министрін, граф Стаффордты лауазымынан босату болатын. Алайда оны жазаға тартатын ешбір дәлелдемелер болмағандықтан, парламенттік билль арқылы оның азаматтық және меншіктік құқықтарынан айырады. Сонымен қатар сол кезде парламенттің қабылдаған акті бойынша ол әр үш жыл сайын шақырылып тұруы қажет болды. Және де парламент тирания инструменті ретінде пайдалана алатын «Жұлдызды палата» секілді төтенше трибуналдарды жойып, қазынаға өзінің бақылауын орнатады. 1641 ж. «Ұлы ремонстрацияны» қарастырғаннан кейін парламент екіге бөлініп, корольді тақтан айырып, мемлекетте және шіркеуде радикалды бағытқа өтуді көздейді. Бұл абсолютизмге қарсы болған роялистер болып қала берген қалыптыларды қанағаттандырмаса да, дінде англикандықты сақтап қалды. Ремонстрацияға парламенттің 11 дауыс айырмашылығымен ғана қол жеткізілді. Сол кезде Карлдың жақтастары азайып, бұл жағдайды жөндеуге талпынғанда керісінше 1642 ж. азаматтық соғысқа әкеледі.

Парламент және роялистер өздерін Англияның конституциялық еркіндігі үшін күресіп жатыр деп санады. Ақсүйектердің және қауым палатасының кейбір мүшелері роялистер болған. Ал корольдің негізгі тірегі ауылдық ұсақ дворяндар болып қала берген. Парламенттің негізгі тірегіне барлық сауда орталықтары жататын. Солтүстік, батыс және оңтүстік-батыс роялистердің үстемінде болатын, ал шығыс және оңтүстік-шығыс парламентарииге бағынатын. Елдің бірде бір бөлігі, қоғамның табы бұл екі топтан тыс болмаған.

XVII ғ. 40 ж. Англия әлі де абсолютисті мемлекет болатын. Король билігіне бағынған парламент сословиелік орган деп аталатын. Ал қауым палатасының көп бөлігін 40 шиллингтік жер цензасы арқылы еркін жериеленушілер сайлады. Шаруалардың, тіпті фригольдердің де сайлауға құқысы болмаған. Төменгі палатаға «құрметті» адамдар, яғни жағдайы жақсы дворяндар, ал корпоративті қалалардан – бай адамдардың өкілдері (көпестер, финансистер, юристер) сайланатын.

Капитализмнің дамуы мемлекеттердің саяси жағдайында да байқалды. Буржуазия және жаңа дворяндар үкіметтен олардың талабын орындауды талап еткен. Абсолютті монархия кезінде буржуазияның наразылығын корольдің өндіріс монополияларына патенттерді сатуы келтірді. Король билігі өте ірі ақша соммасын кәсіпкерлерден алып оларға көптеген жеңілдіктер ұсынды. Алайда король бұндай жолмен сауда-өнеркәсіптік буржуазияның пайдасын азайтты. Ал монополистер болса, ішкі рынокта жоғары бағалар қойғандықтан, ағылшын буржуазиясына бірігіп, олардың лозунгтары «еркін сауда» болды. Абсолютизм стандартты өндірісін статутын, сауда регламентациясын, оқушылар санын және міндетті түрдегі 7 жылдық тәжірибенің болуын талап етті. Карл осындай жолмен, көптеген штрафпен қазынаның пайдасын көбейтті. Абсолютизм саясаты мануфактуристер мен саудагерлердің ұйымдасушылықпен ұстап отырды /41/.

Буржуазияның және буржуазияланған дворяндардың байюы олардын мүдделерін қанағаттандыруға жол ашты. Олардың бұл әрекеттері абсолютизмге қарсы күштердің наразылығын туғызды.

Әлеуметтік-экономикалық дамулармен қоса пуританизмде кеңейе бастаған. Ал король епископтерді және басқа сановниктерді сайлаған: шіркеуді мемлекет қаржыландыратын және шіркеулік десятина халықтан жиналатын. Пуритандар болса осыған қарсы болған.

Корольдің күші әлсіз болғандықтан, әрбір қате істелінген іс оның толығымен жеңілісіне әкелетін еді. 1643 ж. парламент келесі одаққа бірігеді – Салтанатты Лигаға және Шотландиямен Ковенантқа. Осыған қатысты парламент Англияда пресвитариандықты таратуға ұсынады: екі елдің де наным-сенімдері, шіркеулік құрылысы, дәстүрі ортақ болу керек болды. Ал парламенттік әскерді реорганизациялаудың нәтижесінде компитентті болмағандықтан көптеген әскери басшылар өз лауазымдарынан босатылады. 1645ж. роялистер Нейзбидегі жеңілісінен үлкен зардап шегеді. Ал 1646ж. мамырда Карл шотландықтарға қарай жылжып, сол жақтан парламентпен ұзақ келіссөздер жүргізді. 1647ж. король өзінің жауларының қолына беріледі. Компромисске жету әрекеттері жоққа шығады. Корольдің өзін жақтау талпыныстары да сәтсіз болады. 1648ж. әскери істер көктемде және жазда қайта жанданады. Әскер бұйрығын орындағысы келмеген қауым палатасының бірнеше мүшелері өз орындарын босатып, корольге жаза қолданатын «Жоғарғы сотты» тағайындайды. 1649ж. 20 қаңтарда король мемлекеттік опасыздық жасады деген айыппен 30 қаңтарда өлім жазасына кесіледі /42/.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет