«инклюзивті білім берудегі әдіс-тәсілдер» Махатова Айгерим Муратовна



Дата27.01.2024
өлшемі103.3 Kb.
#490031
Мақала инклюзив Махатова А. (Астана қ.)


«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР»
Махатова Айгерим Муратовна
«Астана» халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы


Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса,
соғырлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек.

Неміс педогог-дефектолог Шуман.

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестері төмен деңгейде дамып жатыр.
Психологияның негізін қалаушы ғалым Л.С.Выготский сөзімен айтатын болсақ «Сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты және дамуында ауытқушылық бар балалардың дамуындағы факторлар бірдей. Ақыл-ойы кем бала өзінің дамуында сау баланың жүріп өтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен және спецификалық ерекшеліктерімен өтеді» деген болатын.
Баланың диагнозы - церебральды сал ауруы (ДЦП) дейік.
Үйде оқитын балаға (ақыл-ой кемістігі төмен деңгейімен) арнайы оқу жүктемесімен мұғалімдер сабақ беріледі.
Ондай оқушымен математика, айналадағы әлем, қазақ тілі, орыс тілі сабақтары мектепалдыдаярлық сыныбының оқушыларына сабақ бергендей өткізу қажет. Себебі оқушы бүгін берген білімді ертеңіне ұмытып қалуы мүмкін. Ақыл-ой тежелуі өте баяу болғандықтан және тіл кемістігі мен көру қабілеті орташа болғандықтан көп мамандар жұмыс істеуіне тура келеді.
Ақыл-ойы кемістік классификациясына қарай оқыту. Үйде оқитын бала церебральды сал ауруы (ДЦП) диагнозының ерекшелігіне – ерекше оқыту.
Ақыл-ой кемістігінің классификациясының ішінде үйде оқитын бала имбецил типтегі бала. Ақыл-ой кемістігі бойынша диагнозы – церебральды сал ауруы (ДЦП).
Және де моторикасы дұрыс дамымаған, саусақтарымен қалам мүлдем ұстай алмайды. Имбецилдердің ортаға бейімделуі үйреншікті, жақсы таныс жағдайда ғана болуы мүмкін. Олар ең оңай жұмыс әдістері – үй жинау, кір жуу, ыдыс жуу немесе ең қарапайым өндірістік процестерді еліктеу әрекеті арқасында ғана үйренуге қабілетті. Олар ынтасыз, бір әрекеттен екіншіге әзер ауысады, сондықтан еркін әрекеттенуге қабылетсіз, олардың эмоционалды реакциялары өте әлсіз және бірыңғай.
Церебральды сал ауруы (ДЦП) диагнозы бар мүмкіндігі шектеулі балаға инклюзивті білім беру барысындағы әдіс-тәсілдер, сабақта қолдануға болатын ресурстар:
«Өзін-өзі үйрету» (самоучка) қаламсабы.
Моторикасын дамытады;
Өз бетінше қалам ұстап, жазу дағдысын қалыптастырады.
Bilimland (Мектепалды даярлық)Imektep. «Айналадағы әлем»
Қоршаған заттарды жаттау,айналамен танысады.
«Жұмсақ кілемше»(мягкий коврик). «Қазақ тілі»
Әріптерді ажыратады, ауада жазу, әріптерді сәйкес ұяшыққа орналастырады.

«Айналадағы әлем»
Қоршаған заттарды жаттау,айналамен танысады, көкөністерді сәйкес ұяшыққа орналастырады.

«Математика»
Фигуралардың пішініндерін ажырату, түстерін атау, сәйкес ұяшыққа орналастырады. Сандардың оқылуын, жазылуын үйренеді, сандарға сәйкес заттардың санын орналастырады, сәйкес ұяшыққа сандарды қояды.
«Артығын тап». «Айналадағы әлем»
«Танымдық әрекеттерін түзеу және сөйлеу»
Қоршаған заттарды жаттайды,айналамен танысады, 4-ші артық затты табуға ойланады. Bilimland (Мектепалды даярлық) Imektep.
«Немовтың 4 жастағы балаларға арналған психологиялық әдістемелері»
«Танымдық іс-әрекеттерін түзеу және сөйлеу»
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
Ұсақ моториканың дамытудағы ең үздік 40 ойындар
(40 игр для развития мелкой моторики – лучшая подборка). https://www.youtube.com/watch?v=age0oAohCVY&t=37s
Құм терапиясы.
(Песочная терапия. Занятие с живым песком). https://www.youtube.com/watch?v=fEKFt7wCcto&t=86s
https://www.youtube.com/watch?v=BQZB8Dg4bGA
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың коммуникативтік сферасын дамытудағы тиімділігі.
Дефектология
саласындағы зерттеулер арнайы білім беру жағдайларындағы негізгі міндеттерді шешу үшін педагогикалық процесінде АКТ- нің тиімділігі арнайы педагогпен келесі бағыттар бойынша жұмыс өткізудің сапасына тәуелді деп анықталды. Сабақта түрлі әдіс- тәсілдерді қолдану мақсатында ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық, эмоционалдық, коммуникативтік дамуына жетілдіруге үлесінің зор екендігі практика жүзінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінен көруге болады.
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық танымдық процестері жағынан тиімділігі:
- Әдістемелер арқылы іс- әрекет барысында логикалық, операциялық, анализдеу сынды әрекеттері дамып, қалыптасады;
-Ақпараттық интерактивті технологияларға қызығушылықтары артып, зейін шоғырландыру, тұрақтандыру, соның ішінде ырықты зейінді қалыптастыруға ықпалы зор;
-Психологиялық интерактивті жаттығулар, әдістер арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың қиялын ұштауға қанаттандырады;
-Дәстүрлі әдістерден гөрі ақпараттық технологиялар арқылы қолданыла көрсетілген көрнекі- жабдықтар бала есінде ұзақмерзімді сақталып, есте сақтау процесінің дамуына септігін тигізеді;


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет