Инклюзивті білім беруді нормативтік құқықтық және әдістемелік қамтамасыз ету Мақсат


Саламанка декларациясы (1994 ж.)



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата26.12.2023
өлшемі0.79 Mb.
#487964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Инклюзивті-білім-беруді-нормативтік-құқықтық-және-әдістемелік-қамтамасыз-ету

Саламанка
декларациясы (1994 ж.)
Негізгі идеясы: білім беру саласында ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға педагогикалық әдістер негізінде оларға жағдай
жасауы тиіс мектептерде оқуға қол жеткізу.
«Мүгедектердің құқықтары туралы»
БҰҰ
Конвенциясы (2006 ж.).
24-баптың негізгі идеясы: Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің білім алуға құқықтарын таниды. Осы құқықтарды
кемсітусіз және мүмкіндіктерінің теңдігі негізінде іске асыру мақсатында қатысушы мемлекеттер барлық деңгейлерде
инклюзивті білім беруді және өмір бойы оқытуды қамтамасыз етеді, бұл ретте:
a) адами әлеуетін, сондай-ақ қадір-қасиеті мен өзін-өзі құрметтеу сезімдерін толық дамытуға және адам құқықтарын, негізгі
бостандықтарын және адами алуан түрлілікті құрметтеуді күшейтуге;
b) мүгедектердің жеке басын, талантын және шығармашылығын, сондай-ақ олардың ақыл-ой мен дене қабілеттерін толық
көлемде дамытуға;
c) мүгедектерге еркін қоғам өміріне тиімді қатысу мүмкіндігін беруге ұмтылады.
2. Бұл құқықты іске асыру кезінде қатысушы мемлекеттер:
a) мүгедектердің жалпы білім беру жүйесінен, ал мүгедек балалардың - тегін және міндетті бастауыш білім беру немесе орта
білім беру жүйесінен мүгедектік себебі бойынша шығып қалмауын;
b) мүгедектердің өздерінің тұратын жерлерінде инклюзивті, сапалы әрі тегін бастауыш білім беруге және орта білім беруге
басқалармен теңдей дәрежеде қол жеткізуін;
c) жеке қажеттіліктерді ескеретін жүйелі бейімдеумен қамтамасыз етілуін;
d) мүгедектерді тиімді оқытуды жеңілдету үшін оларды жалпы білім беру жүйесінің ішінде қажетті қолдауға ие болуын;
е) білімді игеру мен әлеуметтік дамуға барынша ықпал ететін жағдайда, соған сай толық қамту мақсатындағы жеке қолдауды
ұйымдастыру жөніндегі тиімді шаралардың қабылдануын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметімен 2015 жылдың ақпан айында ратификацияланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет