Инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері мен бағыттарыБалалардың мүмкіндіктері ескерілмей құрастырылған оқу бағдарламалары
1 2 аяжан 5 бет
3-кесте
4-кесте Инклюзивті білім берудің құндылықтары мен қағидаларын терең қабылдау және түсіну. Қазақстанның педагогтары қауымдастығы мен жалпы қоғамнан тұжырымдарды және мінез-құлық рөлдерін қайта бағалау үшін белгілі бір уақыт пен күшті талап етеді. Сонымен қатар, инклюзивті білім берудің даму жолымен жүретін болсақ, еліміздегі төмендегідей үш үлкен мәселені шешу қажет: - мүгедектігі бар тұлғалар және мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қала мен ауылда сәулет пен көлік мәселелері түрғысынан кез-келген нәрсеге қолжетімділігін ұйымдастыру болып табылады; - білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыны арнайы қолдауды қамтамасыз ету үшін қаржыландыруды ойластыру болып табылады; - әлеуметтік кедергілерді жоя отыра біртіндеп негізге мақсат ала отырып, жалпы білім беру мектептерінің мәдинеті, саясатты мен тәжірбиесін өзгерту; Қазіргі таңда елімізде мүмкіндіктері шектеулі балаларға дамуындағы бұзылыстар түріне қарай (көру, есту зердесі, сөйлеу тілі, тірек-қимыл аппараты) сегіз түрдегі арнайы жалпы білім беру мектептері қызмет ететін педагогикалық-психологиялық қолдауды қоса отыра, оқуына қажетті жағдайлар мен олардың дамуына арнайы білім беру жүйесінде жағдай жасалды. Еліміздің арнайы мектептерінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың 13,9%-ы білім алады. Қарастырылып отырған балалардың көбісі табысты түрде білім алуға қажетті мүмкіндіктер жасалмаған жалпы білім беру процесіне қосылған. Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар енген жалпы білім беру мекемесінде арнайы мектептердегідей қолдау түрлеріне толықтай ұйымдастырылып шешімін тауып қарастырылуда. Дамуында ауытқулары не мүмкіндігі шектеулі баланың барлық баламен бірге отырып білім алуы құқықтарының жүзеге асырылуы жағдайында қажетті нормативті құқықты база педагогикалық-психологиялық көмек, дайындалған педагогтар, қажетті қаржыландыру қамтамасыз етілмеген. Дегенмен өткен ғасырдың 90 жылдардың аяғына қарай дамуында мүмкіндігіне шектеулі балаларды жалпы білім беру ортасына қосу тәжірибесі пайда болды. Негізі бұндай бастамамен ой-өрісі кең білім беру ұйымдарының жетекшілігімен жүзеге асырылады[24]. Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған негізгі бағыттар: қоғамдық ортаның, жалпы білім беретін мектеп мекемелерінің мүмкіндіктері шектеулі балаларға толерантты, бұқаралық ақпарат құралдарының қатынасуын қамтамасыз ету; - мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасуды қамтамасыз етумен қатар, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату; - аймақтарда инклюзивті білім берудің мәселесі бойынша үйлестіру кеңесін құру болып табылады; - ата-аналардың бірлесе ұйымдастырумен мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқығын және оны қорғауға қатысуы және мүдделерін іске асыруға, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысу болып табылады: - инклюзивті білім берудің көп аспектілік жағдайларына ғылыми зерттеулер өткізу; - инклюзивті бастауыш мұғалімдерін жұмыс істеу барысында педагогика қызметкерлерін даярлау; - педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау; - арнайы мекемелер мен жалпы білім беру мекемелері өзара сабақтастыққа жұмыс жасау; - мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау; - кіші жастағы балаларды дамыту қызметі жүйесінің жұмысының нормативті құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау. - мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту үрдісінің мониторигін жасау. - жүйке және дене дамуында кеңестік көмек көрсету, баласының оқу-тәрбие үрдісіне ата-анасын қатыстыру, өйткені оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым-қатынас қалыптастыру. Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары - мүгедектік мәселені қоғамда түсіну; - қатарластарымен қарым-қатынас; - толыққанды білім беру; - қоғамға кіріктіру және бейімделу; -мүгедек емес балаларды түсінуге, пікірлесуге тәрбиелеу; -даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте тексеру және түзету-педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы; - балаға міндетгі психологтық- педагогикалық жетелеу жүргізіп, жалпы білім беру үрдісімен кіріктіру; - әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау; - даму мүмкіндігі шектеулі жандарды ерте анықтап, кешеңді көмек көрсету - даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау; - ерекше сұранысқа ие балаларды қанағаттандыру мақсатында жалпы типте білім беру мекемелерін техниқалық құрал-жабдықтармен толықтыру; - инклюзивті білім беруді дамыту үрдісінде қоғамдық мекемелерде ата аналарды қатыстыру. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін білім мекемелерінде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша жүзеге асырылуда. Атап айтканда: - жалпы білім ордаларына арналған типтік оқу бағдарламалары; - мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнайы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары болып табылады; - мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалынған оқытудың жеке бағдарламасы; Инклюзивті білім беру мәселесі шет мемлекеттерде 1970 жылдан бастау алса, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру жүйесіне осы бағдарламаны толықтай енгізді. Бұл бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді іске асыру мәселелері қарасырылып 2015 жылға жоспарланған мына міндеттерді шешу көзделген. - мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп немесе кіріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады; - мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектептерде біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді; - түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады; - мүгедек балаларға алыстан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді. жүктеу/скачать 48.14 Kb. Достарыңызбен бөлісу: 1 2 |