10
Балалардың қолдан жасалатын бұйымдары үшін табиғи, қалдық және басқа
материалдарды
таңдағанда, тәрбиеші әрқашан оның қауіпсіздігін есте ұстауы тиіс,
ӛткір, кесетін шӛптерді, улы жидектер, саңырауқұлақтар мен ӛсімдіктер, қатты сым,
сынған әйнек, күкірт басы бар сіріңкелер және т. б.алмауы қажет.
Ӛнеркәсіптік ӛндіріс қалдықтарымен балалармен жұмыс кезінде гигиена
қорытындысы бойынша балалардың денсаулығына қауіп тӛндірмейтін материалдар
мен бояғыштар ғана пайдаланылуы мүмкін. Шыны мақта, шыны талшықты, жасанды
лактар
мен бояуларды, эпоксидті шайырды және органикалық еріткіштерді
пайдалануға тыйым салынады.
Тәрбиеші балаларға ұсынылған жұмыстың орындылығын, сонымен қатар белгілі
бір қолдан бұйым жасау қажеттілігін ойластырып, ӛз қолданысын таппаған балалар
жұмыстарының кӛп жиналуын болдырмау керек.
Барлық жабдық, құрал-саймандар мен материалдар ұқыпты,
ыңғайлы және
ұтымды орналастырылып, жабық ыдыстарда таза және жарамды күйде ұсталуы тиіс.
3.Балабақшадағы балалардың еңбек әрекетін басқару әдістемесіне қойылатын
талаптар
Балаларды әртүрлі дағдылар мен жұмыс әдістеріне, құрал-саймандарды
қолдануға үйрете отырып, педагог олардың нақты және сауатты кӛрсетілуін
қамтамасыз етуі керек.
Топтық немесе ұжымдық жұмыстарды орындау үшін балаларды біріктірмес
бұрын, тәрбиеші әр баланың қажетті дағдыларды жеткілікті
меңгергеніне сенімді
болуы тиіс.
Құрал-саймандармен жұмыс істеу кезінде бір мезгілде жұмыс істейтін
балалардың саны 4-5 адамнан аспауы тиіс.
Елеулі күш жұмсауды қажет ететін еңбек әрекетін ұйымдастырған кезде (жерді
қазу, құмды тасымалдау, бақша мен гүлзарларды суару, қыста учаскені тазарту және
т.б.) тәрбиеші балалардың жағдайын мұқият қадағалап, олардың шамадан тыс
жұмыс
істеп шаршауына, тоңуына жол бермеуі керек. Балада жиі тыныс алу, бет
терісінің қызаруы, терлеу және шаршаудың басқа белгілері пайда болған жағдайда
тәрбиеші оған демалуды, содан кейін қалыпты (тыныш) әрекетке ауысуды ұсынады.
Еңбек процесінің ұзақтығын нақты реттеу керек, әсіресе бірсарынды
жұмыстарды орындау кезінде (арамшӛптер, жидектер жинау, орындықтарды сүрту,
қол еңбегінің әртүрлі түрлері): оған бӛлінген уақыт З0 минуттан аспауы тиіс.
Сонымен қатар, әр 7-10 минут сайын әрекетті ӛзгерту немесе үзіліс жасау қажет.
Ыстық күндерде балабақшада және гүлзарларда
балалардың еңбек әрекеті
таңертең, таңғы асқа дейін және кешкі серуенде ұйымдастырылады.
Тәрбиеші жұмыс барысында балалардың дене бітімінің сақталуына үнемі
бақылау жасайды.
Тәрбиеші балаларды мұқият жұмыс істеуге, алаңдамай және құралдарды
сілтемей жұмыс істеуге үйретеді.
Тәрбиеші барлық тесу және кесу құралдарын береді және балалардан қатаң түрде
есептеп қабылдайды.
Ересектердің еңбегімен таныстыру мақсатында ӛткізілетін экскурсияларды
тәрбиеші балалардың жас ерекшеліктері мен физикалық мүмкіндіктерін
ескере
отырып мұқият дайындауы керек. Экскурсия қарсаңында тәрбеші алдын-ала
белгіленген маршрутты нақтылайды, жоспарланған объектіге барады және
11
балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
қажетті шараларды қабылдайды,
әсіресе әртүрлі механизмдер мен ауылшаруашылық техникаларының жұмысын
бақылау кезінде қауіпсіздік шараларына назар аударылады. Экскурсия кезіндегі
мінез-құлық ережелері туралы балалармен әңгіме жүргізеді.Балалардың қасында 2
ересек адам еріп жүруі керек.
Тәрбиеші міндетті түрде балаларды еңбек әрекеті процесіндегі мінез-құлық
ережелері таныстырады және олардың орындалуын жүйелі түрде бақылайды.
Достарыңызбен бөлісу: